Бағдарламасы көмегімен архивті файлдарды құру және архивтен шығару



Дата30.06.2023
өлшемі25,09 Kb.
#103857
түріБағдарламасы

Қазақстан Оқу-ағарту министрлігі
Шымкент қаласының білім басқармасы
«Отырар» колледжі
СӨЖ

Архивтеуге арналған бағдарламалар Әртүрлі архиватор –бағдарламасы көмегімен архивті файлдарды құру және архивтен шығару


Орындаған: Махмұт Б.Ж


Топ:1304-120
Қабылдаған:Алдаберген Ұ.Е
Шымкент 20__

Жоспар:
І Кіріспе


ІІ Негізгі бөлім

  1. Вирус таралу жолдары

  2. Вирусқа қарсы бағдарламалар

ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Вирус - бұл арнайы жазылған шағын программа, ол компьютердегі оған қатынасы бар ақпаратты бұрмалауы немесе жоюы; өзін басқа программаларға


«тіркеуі» (яғни оларды зақымдауы), сондай-ақ жағымсыз әрекеттер жасауы мүмкін.
Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады. Мұндай программа жұмыс істей бастағанда басқаруды алдымен вирус алады. Вирус басқа программаларды тауып зақымдайды, сонымен қатар қандай да бір басқа зиянды әрекеттерді орындайды (мысалы: компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді, дискідегі файлды бұзады, компьютерде сақталған ақпаратты бүлдіреді, жедел жадты «ластайды» және т.с.с.)-


Вирустардың таралу жолдары:
• дисктер;
лазерлік дискілер;
• компьютерлік желілер.
Вирустың пайда болуының белгілері:
• программа дұрыс жұмыс істемейді немесе жұмысын тоқтатады;
• экранда бөгде хабарламалар, символдар және т.с.с. шығуы;
• компьютердің баяу жұмыс істеуі;
• кейбір файлдардың бұзылуы;
• компьютердің жұмысындағы жиі тұрып қалулар және жаңылысулар және т.с.с.
Вирустар екі түрге бөлінеді:
резиденттік; резиденттік емес.
Резиденттік вирустар зақымдалған программаны орындауға қосу кезінде активтенеді, өзін жедел жадқа көшіреді де, біраз уақыт бойы білінбейді.
Резиденттік емес вирус өзін жедел жадқа жазбайды, бірақ зақымдалған программаны орындауға қосқанда активтенеді. Ол өзін файлға қосып жазады да, оның орындалу барысын былай, файлды іске қосқанда алдымен вирус - программа, содан кейін программаның өзі орындалатындай өзгертеді.
Вирустардың барлық алуан түрінен негізгі топтарын ерекшелейік.
Жүктейтін вирустар — дисктің немесе винчестердің жүктеу секторында сақталатын компьютердің бастапқы жүктеу программасын зақымдайды және компьютерді жүктегенде іске қосылады.
Файлдық вирустар — ең алдымен СОМ және ЕХЕ кеңейтулері бар файлдарға кіріп алады. Олар файлдардың басқа типтеріне де кіре алады, бірақ онда олар ешқашан басқару ала алмайды, демек көбею қабілетін жоғалтады.
Жүктейтін - файлдық вирустар - файлдарды да, дискілердің жүктейтін секторларын да зақымдайды.
Драйверлік — компьютер құрылғыларының драйверлерін зақымдайды немесе өзін қосымша қатар (жол) конфигурациясының файлына қосу жолымен іске қосады.
Желілік вирустар - ондаған және жүздеген мың компьютерлерді біріктіретін желілерде тарайды.
Вирустардан қорғау үшін:
• профилактикалық (алдын алу) шараларды;
• вирустардан қорғауға арналған арнайы бағытты программаларды қолдануға болады.
Профилактикалық шараларға төмендегілерді жатқызуға болады:
• қосалқы көшірме жасау - ақпаратты архивтеу;
• зақымдануы ықтимал кездейсоқ «пираттық» (ұрлық) программаларды қолданбау;
• дисктерді вирусқа тексеру;
• компьютерді ұдайы вирусқа тексеру:
• антивирустық деректер базасын ұдайы жаңарту: Вирустардан қорғауға арналған арнайы бағытты программаларға вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін антивирустық (вирусқа қарсы) программалар жатады.
Антивирустық программаларды үш негізгі топтарға бөлуге болады:
1 Жұмысы файлдағы деректерге арналған әр түрлі бақылаулы қосындыларды есте сақтауға негізделген программалар;
2 Резиденттік программалар, олар вирусты программаны немесе операциялық жүйені (ОЖ) зақымдау кезінде табады;
3 Файлдарда вирустардың барын олар зақымдағаннан кейін анықтайтын программалар.
Антивирустық программалардың келесі типтері бар:
• Детектор - программалар;
• Доктор - программалар;
• Ревизор - программалар;
• Фильтр - программалар;
• Вакцина - программалар немесе иммунизаторлар.
Вирустермен күресуге арналған көп антивирустық программалар белгілі. Олардың ішіндегі ең кең тарағандары Aidstest, Doctor Web, Касперскийдің АVR-і. Бұл программалардың антивирустық базаларын жаңарту Internet желісінің көмегімен жүзеге асырылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Интернет желісі

  2. Microsoft Launches Windows Vista and the 2007 Office System to Consumers. PressCentre. Microsoft New Zealand (30 қаңтар 2007).

  3.  http://baurzhan.info/2009/06/28/linux-бастауыштар-үшін-бөлім-1-негіздер-мен/

  4.  How 16-Bit and 32-Bit Programs Multitask in Windows 95. support.microsoft.com (15 қараша 2006). Тексерілді, 9 сәуір 2010.

  5. ↑ Windows 95 Architecture Components (ағыл.). technet.microsoft.com. Тексерілді, 9 сәуір 2010.

  6. ↑ Windows 'Prettified' Filenames


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет