«СӨЙЛЕУ ШЕБЕРЛІГІ» ҮЙІРМЕСІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Сөйлеу шеберлігі» үйірмесі халқымыздың дүниетанымы, мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін тұтастай қамтиды. Көркем сөздің шеберлері, қазақтың би-шешендерінің шешендік сөздері, көсем сөздің мәнін терең ұғындырарлық үйірменің оқыту курс болып саналады. Әсем де әсерлі сөйлеуге тырысқан халқымыздың сан ғасырлық тарихында сөздің небір дүлдүлдерін өмірге әкеліп, есімдерін жаңғырта атап, би-шешендердің ұлы тұлғалары жан-жақты сан қырынан танытады. Сонымен қатар сөз мағыналарын тілдік норма негізінде салыстыра отырып, оны кең көлемде оқытады.
«Сөзді - киелі, қасиетті» деп таныған халқымыздың дүниетанымы, мәдениеті, тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі осы сөз құдіретінде жатыр. Сондықтан да сөздің айтылу мәнеріне бей-жай қарамай, оны көркемдікпен айтуды ірі дәстүрге айналдырған десек, артық айтпаспын. Әдемі, әсерлі сөйлеуге тырысқан халқымыз сан ғасырлық тарихында сөздің небір дүлдүлдерін өмірге әкеліп, олардың есімін жаңғырта атаған. Мұның анық дәлелі Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және Сырым шешен тұлғаларынан көрінеді.
Бүгінгі таңда әрбір саналы, білімді қазақ азаматы халқымыздың жүріп өткен сара жолынан, олардың сөз саптауларын терең түсініп, өздері де ойлы, әдемі, сауатты сөйлеулері қажет екені даусыз. «Сиқырлы сөздер сыр шертеді»қолданбалы курсы бастауыш сыныпқа арналып құрылған. Оқыту курсы 4 модулге бөлініп оқытылады.
I модуль. Сөз және мағына
Бұл модульде оқушылар сөз және оның түрлерін теориялық тұрғыда оқып үйренеді.Сөз өнері дегеніміз не? Ұтымды сөз белгілері. Сөйлеу мәдениеті дегеніміз не? Сөз және оның мағыналары. Көп мағыналы, тура және ауыспалы мағынадағы сөздердің қолданылуы жайлы білімдерін жетілдіреді.
II модуль. Сөз сыры
Оқушылар меңгеруі тиіс білік-дағдылар: Дикция, артикуляция, тембр, сөйлеу жылдамдығы. Ұтымды, ықпалды сөз қасиеттері (дұрыс, дәл, таза құрылған, бейнелі, нақтылы тұлғаға бағытталған сөз). Сөз саздылығы, оған жету жолдары. Мәнерлі оқу мен сөйлеуді үйренеді. Сөздердің тектері мен түрлері. Қарым-қатынас мәдениеті және сөйлеу. әдеби тіл нормалары. Мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді қолдануды үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |