Мақал-мәтелдерді этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеудің маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата26.11.2022
өлшемі258,81 Kb.
#52864
  1   2   3


Мақал-мәтелдерді этнолингвистикалық
тұрғыдан зерттеудің маңыздылығы 
 
Мақал-мәтелдер көбінесе ауыз әдебиетінің кіші жанры ретінде 
әдебиетшілер тарапынан, ұлттық философияның танымдық негізі ретінде 
философтар тарапынан қарастырылса, Ә.Т.Қайдар негізін салған қазақ 
этнолингвистикасы жолымен келе жатқан тілші-ғалымдар тарапынан әбден 
тұрақтанған, қолдануға сайланып, жұрт жадында дайын тұратын көркем сөз 
арсеналының аса бір қуатты да құнарлы, бейнелі де әсерлі тіл құралы, 
тұрақтанған күрделі мағыналық бірлік ретінде қарастырылуда. Мақал-
мәтелдер фразеологизмдерге ұқсастығына қарай – фразеология объектісі, 
құрылымы тұрғысынан – синтаксис объектісі, мағына, тақырып тұрғысынан 
– жалпы лексикология объектісі, қолданыс, тілдік норма тұрғысынан – 
стилистика объектісі ретінде қарастырылып жүр. Сонымен қатар мақал-
мәтелдердің мән-мағынасы мен о бастағы жасалу уәжіне тереңірек үңілуге 
байланысты оның этнолингвистикалық қыр-сыры да ашыла бастағанын 
соңғы он жылда жарық көрген еңбектерден көреміз. Ә.Т.Қайдардың бұл 
саладағы өзіндік түсінік-тұжырымы бойынша, «фразеологиялық тіркестерді 
де, мақал-мәтелдерді де – тіл астында тілі бар құбылыс» деп танимыз.
Мақал-мәтелдер кез келген ұлттың, халықтың шежіресі, тарихы болып 
табылады. Мақал-мәтелдер – халықтың сан ғасырлық көрген-білгенін, бастан 
кешкен оқиғаларынан қорытқан ақыл-ойының жиынтығы, анықтамасы
табиғатта, өмірде үнемі қайталанып тұратын оқиғалармен, құбылыстармен 
байланысты туған сөздің тобықтай түйіні. Сонымен бірге оның мазмұнында 
халықтың әлеуметтік тіршілігі, әдет-ғұрпы, даналығы көрініс табады.
Қазақ тіліндегі астарлы мағыналы мақал-мәтелдердің молдығы сол тілде 
сөйлеуші ұлттың танымдық деңгейінің тереңдігін көрсетеді. Яғни, мақал-
мәтелдер халық танымындағы ұғымдармен тікелей байланысты болып, 
ұлттың менталитетті танытатын тілдік көрсеткіші болып табылады [1, 25 б.]. 
Біз мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық сипатын анықтау деп – көне 
дәуірден келе жатқан тұла бойы тарихқа толы мақал-мәтелдердің мағына 
қалыптасуының уәждерін, шығу тарихын, дереккөздерін, қазіргі тілдегі 
қолданылуын, яғни ауыспалы мағыналарының қалыптасуын зерттеуді 
айтамыз. Мағына қалыптасуындағы уәждері дегенді – мақал-мәтелдердің 
шығуына негіз болған жағдайлар деп түсінеміз. Біртұтас жүйесін, тұлға-
тұрпаты мен мән-мағынасын сақтап қалған әрбір мақал-мәтелдердің ішкі 
формасынан, яғни мағынасынан ұлттық діл, мәдени-ұлттық нақыш айқын 
көрінеді. Тілді халықтың рухани мәдениеті мен тарихына, салт-дәстүріне, 
ұлттық 
дүниетанымына 
байланыстыра 
зерттеуді 
мақсат 
ететін 


этнолингвистика болғандықтан, мақал-мәтелдер тіл білімінің осы саласының
зерттеу нысаны бола алатынына көз жеткіземіз [2, 10 б.]. 
Этностың өткен тарихы мен этнографиялық байлығы көрінетін мақал-
мәтелдер тарихымызды, халқымызды тануда маңызды төл тарихи 
деректеріміз. Мәселен, «Күлікте күлкі қыла көрме» деген мақалға зер салып 
қарасақ. Көктеп мінген еріңнің, Астында көп жүгірер күлік бар, – деген 
(Шалкиіз жырау) жолдардағы күлік сөзі жылқы мағынасын беріп тұрғанын 
аңғару қиын емес. Ал күлік сөзінің бұдан басқа «ат сыны, атты санатқа қосу, 
сынату» мағынасы да бар: қазақтар тері алынған, бапталған, суытылған 
жүйріктерін бәйгеге қосар алдында төреші сайыпкерлердің, атсейістердің 
алдынан шұбатып өткізетін, не күлікке тұрғызып сынататын болған. Әрине, 
бәйге аты – сайгүліктер екіден, төрттен емес, біртіндеп сыналады. Өйткені 
бәйгеге қосылатын жүйріктің мүшесін, үстіне мінер шабандозын, тұрманын 
тегіс көріп, бағасын беру керек болған. Одан ұлы бәйгеге болсын, ұлан 
бәйгеге болсын жарамайтын, тек ат қарасын көбейтетін кейбір шорбуын,
қужауырын, суыту кезде саңсырап қалған жылқыларды алып қалу құқы 
берілген. «Күлікте күлкі қыла көрме» деген мәтел осыдан шыққан. Сайгүлік 
сөзі, яғни «күлікке сай» деген сөз. Бұл сөз кейде күрк деп те айтылады. 
Мысалы: «Порымына қарасып алдынан өтті күрктен» (Қамбар батыр). 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет