Тақырыбы: «Өмір теңіз жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз»
Топ: №14-1 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» Топ кураторы: Ибайдаева Б
2015-2016 оқу жылы Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А. Мусаев Топ: №14-1 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»
Курс: ІІ
Тақырыбы: «Өмір теңіз жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз»
Мақсаты: Студенттерге өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту. Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей білуге, бағалауға тәрбиелеу. Өмірден өз орындарын табуға, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.
Міндеттері: - оқушыларға өмір туралы тереңірек білім беру;
- өмірге құштарлықтарын дамыту;
- өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойталқы.
Көрнекіліктер:өмір туралы өлең шумақтары, слайд
Сабақтың барысы:
Топ кураторы: Өмір деген - көк мұхиттың толқыны,
Бір - бірі мен жатқан шулап жалғасып,
Бір - бірі мен жатқан тула арбасын,
О, толқындар, арпаласын алға шық!
Өмір деген пәк жаралған махаббат,
Ғашықтықтан жарқылдаған көздері.
Ұғынбайтын өз ойынан өзгені,
Өз жүрегін өртейтұғын өз демі.
Өмір деген - мәңгі гүлдеп жататын,,
Құштарлықтың толғағы мен көктемі.
Ешкім оған қоя алмайды нүктені,
Өмір деген сөйлем емес өйткені.
(Т. Айбергенов)
- Студенттер, адам үшін ең қымбат не деп ойлайсыңдар?
- Барлық жауап дұрыс. Соның ішінде ең қымбаттысы - өмір.
- Өмір деген - ол бір нәзік тіршілік,
Таң сыйлайды
Нұр сыйлайды күн шығып.
Қадіріне жете алмасаң желдіріп,
Саған қарсы ұмтылады жұлқынып.
1.«Мен өзімді.... таныстырғым келеді»
Студенттер өздерінің атына сын есім немесе зат есім қосып таныстыруы керек.
Мысалы: «Мен жаңашыл Жамилямын»... Мен суретші Сайынмын... т. б
2. Тақтадан бейнебаян көрсетіледі. Бәріміз мұқият бейнебаянды тамашалайық.
Топ кураторы: Студенттер бейнебаянда не көрдіңдер? Қандай тақырыпқа жазылған?
3. Сұрақтарға өз пікіріңді білдір. Өмір дегеніміз не?
Өмір қаншалықты қызық?
Өмір мәні неде?
Өмір несімен қымбат?
Сіздерден мәнді де, маңызы бар, әдемі оймен, көркем тілмен өрнектелген
пікірлеріңізді күтемін.
Әр топта отырған оқушылар өз пікірлерін білдіреді. Тақырыптың
мазмұнын ашады.
5. Топтас, ойлан, талқыла.
Постер қорғау
1 - топ Өмірде ешқашан оралмайтын 3 нәрсе.
2 - топ. Өмірде адамды құртатын 3 нәрсе.
Оқушыларға плакат беріледі, сурет салу арқылы ойын жеткізеді.
6. Қорытынды: Өмір, өмір! Өмірдің мәні қандай?
Қайратыңды жігерге жанығандай.
Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып
Достықтарың жарасып дәл осылай.
Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің қадірлеу.
Өмір деген –алланың берген сыйы.Өмірдің ащы да, тәтті кезеңдері болады.Бұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы ,жарқын өмір сүруі тиіс. "Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?" деген сұраққа кім болса да: "Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды", — деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.
Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол" деп өсиет калдырғаны белгілі.
Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.
Өмір туралы эссе жазайық Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,
мына өмір сендер үшін қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.
Сол жолдан адаспай өтіп арман – мақсаттарыңыздың орындалуын тілей отырып бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Топ кураторы: Ибайдаева Б.