БАҒдарламасына «жыл бойғы мерекелер»


Қоян:   Амансыз ба, аю паң!  Аю



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата19.01.2017
өлшемі0,61 Mb.
#2250
түріБағдарламасы
1   2   3   4

Қоян:  

Амансыз ба, аю паң! 



Аю:  

Жаңа жылдың алдында 

Тойды еске алдым да 

Ұйқымды ашып, сергідім 

Ұйықтамаймын мен бүгін! 

Жылды қарсы алайық 

Би билеп, ән салайық. 


27 

 

Қоян

Жаңа жылдың тойында 

«Жан салайық» ойынға! 

Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана қутындап тулкі келеді. 

Түлкі: 

Қоянжанға бір сәлем! 

Аю паңға мың сәлем! 

Аю, қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда! 



Түлкі

Достарым, жыл келеді 

Сыйлығын ол береді 

Жұмбақ шешкіш түлкінің 

Өнерін жұрт көреді 

Тауып өз сыңарымды 

Тайсалмай, биге түcіп, 

Тарқатам құмарымды. 

Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан 

Жүрген жерің күлкілі ән! 



Аю, қоян, түлкі 6ipre билей, жөнеледі.  Осы кезде орталарына кipпi келеді. 

 Kipпi

Сәлем, достар, аман ба? 

Нұр берді шырша алаңға 

Жылға шашу шашайық, 

Тойлап, көңіл ашайық. 

Қоян Келші биге басайық! 

Бәрі билеп жатқанда, тиін келеді. 

Тиін: 

Тра-ля-ляй! Тра-ля-ляй! 

Өнершіл аңдар-ай 

Өңкей паңдар тыңдаңдар, 

Жаңа жылға әнім бар 

Қол ұстасып, биге басып, 

Жыл әніне салыңдар 

Бәріңізге 6ip сәлем. 



Барлығы: 

Сәлем, тиін! 

Жақсы-ақ биі! 

Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады. 



Қасқыр

Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Кәне құшақ ашайъқ, достық тойын 

жасайық! 

Барлығы: 

Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын! 



«Полька» биі биленеді 

28 

 

Барлығы: Жаңа жылдарыңызбен! 



Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. 

Соны шешесіңдер ме? 



Балалар: Иә. 

Жұмбақ: 

Ақсақалды шал жылына 

Бip-ақ рет келіп кетеді 

Қызы мен ұлына 

Сыйлық алып келеді 

/Аяз Ата/ 



Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдьқ мерекемізге Аяз Атаны шақырайьқ. Ол 

орманда жүріп адасып кеткен болар. 



Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады. 

Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып 

барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады. 

Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң кереметін-ай! Уйге 

алып кетсем бе екен?/Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түбірімен 

жұлып алғысы келеді. / 

Тәрбиеші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын 

тоқтатпайды. 

Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға! 

/Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу!/ Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып. 

/Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. 

Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда: Мынау қандай қызық 

кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті 

болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар 

шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, 

мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын! 

Мыстан Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан бip таяқ түседі. 

Тәрбиеші: Балалар, кәне тойды жалғастырайьқ, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін 

адасып кеткен болар. Әнімізді шырқап, атамызды шақырайық! 



«Шырша жыры» әні. 

Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар 

кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді,ол кipгici келмейді. 

Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда,үйге кетемін. 

Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсьң ба 

өзі? 


Ақшақар: Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, 

үйге қайтамын. 



Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың! 

Қарашы, біз тойға келдік! 

Кәне, балалармен амандасайьқ. 

Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға 

Бүлдіршін балаларға бip сәлем! 


29 

 

Қандай жарқын жүздерің, 



Қандай әсем жырларың 

Асаулармен алысқан, 

Асау желмен жарысқан 

Аталарың сендерге 

Шаршап келді алыстан 

/Балалармен амандасады/ 



Аяз Ата: Рахмет, рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, ұят 

болады, басынды көтер. /Ақшақар басын көтермей тұрады./ 



Аяз Ата: Қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген 

екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті. 

Шырша шамын жағайық, 

Жаңа жыл тойын ашайьқ. 

/Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/ 

 

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! 

Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен 

жағамын- дейді. 



Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғьңызбен бүкіл шыршаны қатырып 

тастайсыз. 

Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғьң қандай еді? 

Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны 

көрмедіңіздер ме? 



Тәрбиеші: Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан 

жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар, іздеп 

көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер. 

/сөйтіп жатқанда тиін сиқырлы таяқты тауып алады/ 



Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! /бетінен сүйеді/ 

Тәрбиеші: Кәне, бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайьқ. 

Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақшақарды қасына шақырып, 

шырша шамын жаққызады. 

«Аяз Ата» әні. 

«Кім көп қар түйіршігін жинайды?" ойыны ойналады. 

Балалар: 

1. Жылдың әнін бастайын, 

Аяз Ата кеп қалды. 

Майысады жас қайың, 

Көтере алмай көп қарды. 

2. Бақша іші мереке, 

Ойын күлкі асқақ ән. 

Жақсы әпкелер жаңа кеп, 

Мерекені бастаған. 

3. Жаңа жылды қарсы алдың, 

Мініп алып күймеге. 


30 

 

Мен де бүгін ән салдым, 



Араластым биге де. 

4. Оралдың өлкеме, 

Жаңа жыл армысың. 

Оранды ақ көрпеге, 

Асқартау, қарлы шың. 

5. Ақ қырауға малынған 

Сақалы да мұрты да. 

Аяз ата сағынған, 

Сәлем бepді жұртына. 

6. Безендіріп шыршаны 

Жыл қуантты баршаны. 

Той-маскарад басталды, 

Аяз оны басқарды. 

7. Аппақ тонға оранып, 

Базарлықты мол алып. 

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып. 

8. Қалып едік сағынып, 

Kүтіп қалдық жабылып. 

Жолын қойдық жарық қып, 

Шыршаларға шам іліп 

9. Аяз Ата ойды қырды 

Аралап жүр түгел шолып. 

Қарсы алғалы жаңа жылды, 

Ол да көптің бірі болып. 

Қайда қызық болса думан, 

Аяз Ата сонда болды. 

Күндіз үйде ойнап бізбен, 

Балалармен бірге болды. 

«Кім тез пиманы киеді»- деген ойын ойналады

Аяз Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар, балалар! Аталарыңды бip қуантып, 

тастадыңдар.

 

Т

әрбиеші: Аяз Ата! Сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе? 

Аяз Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың 

кілті қайда?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.) 



Тәрбиеші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт 

пе? 


Аяз Ата: Иә, сол кілт шығар. 

Тәрбиеші: Аяз Ата, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды ала 

кеткісі келген. 



Аяз Ата: Қап, әттеген-ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік. 

(Осы кезде залға Мыстан кіреді.) 



Мыстан: А-а,бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп 

31 

 

жатканда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді) 



Аяз Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер, балалар 

сыйлықтарын күтіп қалды. 



Мыстан: Ойбай- тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек. 

Аяз Ата: Ах, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын. Аяз-

Кәне, таяғым, мына Мыстанды қатырып таста! 

(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.) 

Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен. 



Аяз Ата: Бересің ба сандықтың кілттін? 

Мыстан: Жоқ, бермеймін. 

Аяз Ата: А-а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім. 

Мыстан: Жоқ, Аяз-Ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр 

тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін. 

(Осы кезде мыстан қалпына келеді) 

Балаларға жұмбақ жасырады. 

Қыста ғана болады, 

Ұстасаң қолың тоңады. 

(Қар) 

Терезеге қонады, 



Әсем ою ояды. 

(Қырау) 


 

Тікен, тікен тік пістe. 

Қысы жазы бip түсте 

(Шырша) 


Мыстан:Жарайсьңдар,балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер. 

Аяз Ата: Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден 

шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де 

өнерлі екенсіңдер. 

Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға 

риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайьқ. Басқа да балалардың өнерін 

тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. 

Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді.) 

Балалар: Сау болыңыздар! 

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар!  жаңа жылға арналған мерекеміз 

аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, 

отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

 

 



 

Балабақшамен қоштасу 

Ертеңгілік 

 

Музыка ойнайды,  екі  бала кіреді. 



Жаннұр:   Балабақша бесігім, 

32 

 

Тағы бір той жасайық! 



Ашып мектеп есігін, 

Өзіңмен қоштасайық! 

Талай қызық той өткіздік, 

Бірақ орны бөлекше. 

Бақшаменен қоштасатын, 

Бүгінгі күн ерекше. 



Дильназ:   Ана тілін ардақтап, 

Ана салтын біз көрдік. 

Сурет салып, ән жаттап, 

Оқып жазып үйрендік 

Сүйген өз ұл, өз қызын 

Бөбегім деп аянбай, 

Балабақшам өз үйім. 

Апай болды анамдай... 



Жаннұр:    Дильназ, балаларды шақырайық 

Екеуі бірге: Балалар келіңдер. 

 

         (балалалр кіреді)  



Хор:            « Біз мектепке барамыз» 

Диас:           Аялап, баулып өсірген, 

                     Қателік етсек кешірген. 

                     Оқытып бізді үйреткен, 

                     Көңілге құйған қуаныш. 

                     Бұл кім? 

 Балалар: Тәрбиеші. ( Тәрбиешілер кіреді). 

1-тәрбиеші: Көтеріп келіп қолымен 

         Жетектеп үйге қайтатын. 

                     Сәби еді былдырлап, 

                     Сағынышын айтатын. 

                     Тілі таза бүгінде, 

                     Жүгірмейді бүгінде 

                     Жүгірмейді аптығып, 

                     Жүректері тұр ма әлде 

                      Қоштасатын шақты ұғып. 

2- тәрбиеші: Бөбек еді ол рас, 

                      Кіп- кішкентай кешегі. 

                      Бүгін міне, азамат, 

                      Болды бәрі деседі. 

                      Әріп танып, сурет салып, 

                      Жаттықтырды қолдарын. 

                      Мектебіне шығарып сап 

                      Тілейік ақ жолдарын. 



33 

 

Жаннұр:  (Сандықшаны  беріп)  Мен  сіздерді  жақсы  көремін,  мына 

сыйқырлы  шкатулканы  сіздерге  сыйлағалы  тұрмын,  сіздердің  арман 

тілектеріңіз болса, осы шкатулкаға айтып орындатуға болады. 



1- тәрбиеші: Шынымен қызық екен, не істейміз. Ашып көрейік. Шкатулка: 

Сендердің  алғаш  балабақшаға  келген  сәби  шақтарыңды  көз  алдыма  елестетіп, 

көргім келеді. 

(сәбилер тақпақ айтып береді) 



Жүргізуші: Сәбилік кездерің естеріңе түскен болар, ортаға вокал тобын 

шақырайық, ән «Тәрбиеші- мұғалім» 



Жүргізуші: Енді, биге кезек берейік.  

Би: «Қоштасу вальсі» 

Таза пәк бала көңілмен қимас жандарға алғыс айтатын кезде таяп қалған 

секілді, ортаға балаларды шақырайық. 

Ерасыл:      Меңгеруші апай Рәзия, 

   Тасыған көңіліңіз дария. 

   Сіз дархансыз, мейірімді анасыз 

   Қастерлейтін, қамқоршымыз, данасыз 

   Ұшыратын жас қанатты қатайтып 

    Балаларға әрқашанда панасыз 

    Меңгерушіге мың рахмет! 

Бейбарыс:   Ұстаздардың ұстазы, 

 Тәрбиенің ұстасы. 

 Ырза сізге бәрі де, 

 Ұмытпаймыз сізді де. 

 Жибек Ғизатқызына мың алғыс! 

Жүргізуші:     Айналайын гүлдерім, 

                         Ақ шуақты күндерім. 

                         Ерекше қызық тілдерің, 

                         Естен кетпес үндерің. 

 

Ортаға вокал тобын шақырайық 



«Біз мектепке барамыз» әні

 

Әлішер:      Арайлы атқан таңдай жылы жүзі, 

   Сүйсіндірген баршаны әрбір ісі. 

   Бала үшін еңбек еткен аянбай 

   Мың алғыс өзіңізге Ақжарқын Бәделқызы! 

Индира:      Есеп- қисап жүргізетін, 

   Бақшаға кіріс кіргізетін. 

   Апайымыз Арайға, 

   Біз айтамыз мың алғыс! 



Дәлел:          Витамин жеп қолынан, 

      Өскен сәби баламыз. 

      Дәрігер Айгүл, Айжан апайға, 


34 

 

      Алғыс айтып барамыз! 



Сандықша: Сендер қазақ, орыс тілінде ғана сөйлейсіңдер ме? Әлде басқа тілде 

де сөйлей аласыңдар ма, соны білгім келеді. 



Жүргізуші:    Ана тілің арың бұл, 

                        Ұятың боп тұр бетте. 

                        Өзге тілдің бәрін біл

                        Өз тіліңді құрметте - дегендей біздің балалар өз тілдерін 

құрметтей отырып ағылшын тілінде де ән сала алады. 

Ән ағылшын тілінде. 

Кезекті құттықтауға берейік. 

Әділет:       Суға түсіп шомылып, 

     Бойымызды жаздық біз. 

     Денемізді тік ұстап, 

     Сұлу болып өстік біз. 

     Жазира апай сізге айтамыз мың алғыс! 

Нұрбол:  Тамылжытып ән салдырып үйреткен, 

                  Мың бұралта белімізді билеткен. 

                  Сазгер апай Ирина Сергеевна сізге де алғыс айтамыз, 

                  Мың қайтара сәби бала жүрекпен! 



Камила:    Балабақшам бесігім 

                  Қайсын айта берейін 

                  Қабыл алшы гүлімді 

                  Айгүл Сайранқызы сізге сыйлап кетейін! 



Жүргізуші: Би билеп, бойымызды сергітіп алайық, 

«Көңілді балалар» биі 

(Жалқаубек пен Дымбілмес кіреді) 

Ойын: «Нешеге оқисың?» 



Сандықша: Сендердің болашаққа деген арман- тілектеріңді білгім келеді. 

Жүргізуші:  Балалар арман- тілектерін  ән арқылы жеткізгілері келеді.  



Ән: « Қол созсын болашақ» 

Жүргізуші: Алдыңдағы балалар, 

                    Мектепке кетіп барады. 

                    Тақпақ айтып тамсанып, 

                    Қимай кетіп барады. 



Диана:     Ойыншық та, кесе де, 

  Шанышқы мен тәрелке. 

  Орындық, шкаф, төсек те, 

  Бәрі өзі келе ме? 

  Соның бәрін табатын, 

  Шаршамайтын күлетін. 

  Зыр жүгіріп жүретін, 

  Баян апайға мың алғыс! 



Мейраш:   Төсек орын тап- таза, 

                    Аппақ жуған сүлгісі. 



35 

 

                    Гүлмира апай сізге де, 



                    Балалардан мың алғыс! 

Руслан:   Тәтті тамақ пісіретін, 

  Айран сүтін ішкізетін. 

  Татьяна Владимировна, Зинаида Николаевна, 

  Әсел апай сіздерге де, 

  Айтамыз біздер мың алғыс! 

Жүргізуші: Бүгін қызық, бүгін той, 

                     Біздер үшін біліп қой. 

                     Әнге салып, би билеп, 

                     Жалғастырсын ойды ой. 



Би: «Танго» 

Ойын: «Оқу құралдарын жинау» 



Сандықша: Қызықты әңгіме тыңдап, көңіл көтергім келеді. 

Әлішер, Әділет: «Бала тілі бал» 

Жүргізуші: Ортаға бишілерімізді шақырайық. 

Би: «Нәзік». 

Нұрсат:  Үлкендердей тап- таза, 

                Жазамыз бормен тақтаға. 

                Үлгілі бала боламыз, 

                Жүретіндей мақтана. 



Томирис:           Еркетайын әр үйдің, 

                           Бабын тауып сәбидің. 

                           Балапандай өсірген

                           Асыл Серікбайқызы, Раушан Тұмарханқызы. 

                           Мәңгі өшпейді есімнен, 

                           Тәрбиешілерге мың алғыс! 



Жүргізуші:  Балабақшам, қош енді, 

Әркез аман бол деймін. 

Әкем менен шешемді, 

Енді ертіп келмеймін. 



Хор: «Қош, балалар бақшасы» 

1-тәрбиеші:   Қимай сынған ойыншығын, 

Деп жылайтын «тастамай». 

Қиып сыйлап жап- жаңасын, 

Бара жатыр жас бала. 

Ұстамайды етектен де, 

Өзі жүре алады. 

Өйткені, ол азамат боп, 

Білім іздеп барады. 



2- тәрбиеші:      Қош, балалар сәт сапар, 

                           Үлгілі бәрің болыңдар. 

                           Жақсы оқып әрқашан, 

                           Тек бестік алыңдар. 



36 

 

 



(Ақжолмен жүріп, тілектерін айтып, шарды ұшыру).  

 

 



 

 

Менің Отаным  

Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған 



 

Мерекелік іс-шара слайдтар көрсетілімімен өтеді. 

Музыка әуенімен өлең оқылады (балалар жалаушалармен кіреді) 

1−СЛАЙД  

(Мемлекеттік рәміздер) 

Кадр сыртында: 

Елім менің, тәуелсіз жерім менің, 

Күннен алған шуақты өмір дәмін. 

Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп, 

Көк байрағын төбеме көтерген күн. 

Орыс тілінде: 

Путем тернистым мы прошли, 

Наш край становится на равных, 

С другими странами земли 

Среди народов равноправных. 

Ағылшын тілінде: 

Flag of my country 

Winds up very high 

Happy Independence Day! 



 

 

  «Отан» әні 

 

(Мемлекет жетістіктері)  

1-бала 

Көк туды асқақ көтерген, 



Елді мақтан етемін. 

Терезесі тең, 

Сыйлас, 

Алыс, жақын шетелмен. 

2 - бала 

Родина, если сильнее ты 

Значит, сильней мы сами. 

Значит, сбудутся наши мечты

Наши надежды ребячьи. 

3- бала  

Kazakhstan is my Motherland 

I like our big land! 



3−СЛАЙД                        

 

(Дружба народов) 

 

 



Музыка ойнайды, балалар әртүрлі ұлттық 

киімдермен шығады 

«Достық» биі 

 

 



 Жүргізуші бала: 

Орыс көрші батыста, 

 Көрші емес кемсінер. 


37 

 

Ортақ тіл тап, табыс та, 



Ұлы халық қолы ұзын, 

Білім, өнер соларда. 



Ресей қонағы

Живет на чудесной планете, 

Веселый и умный народ. 

Россия с  горячим приветом, 

К Вам, казахстанцы идет. 

 

Исполняют русский танец 



Жүргізуші бала: 

Қытай көршім тағы бар, 

Пәлсафалы шығыста. 

Дос боламыз қашанда, 

Екі ұлы елменен. 

 

 



Қытай қонағы: 

Китай всем известен великой стеной, 

Стоят в нем дворцы красоты неземной. 

Парит там дракон над Китаем, 

Казахстан дружит с Китаем 

 

Исполняют китайский танец 



Жүргізуші бала: 

Өзбек, Қырғыз, Түркімен, 

Оңтүстікте көршілес, 

Ортақ бізде дін, тіл, өң,  

Бауыр бәрі елшілес. 

Өзбек қонағы

Я живу в Узбекистане, 

Я люблю свой край родной. 

Он хорош зимой и летом, 

Но особенно весной. 

 

Исполняет узбекский танец 



Германия қонағы

Пляску немецкую 

Подарим мы вам. 

С нами в круг вы становитесь, 

От души повеселитесь. 

Неміс биі 

 

Англия қонағы: 

We are modern and fashions 

To belong to other nations 

We are people from England 

We live in the Great land! 

Би 

 

Украина қонағы: 

Как красива, моя Украина 

Дорогая отчизна моя! 

Днепр - река моя глубока, 

С белизной лебедей по краям. 



Украин биі 

 

Испания қонағы: 

Испания, Испания! 

Чудесная страна. 



38 

 

Сияет над Испанией 



Испанская луна! 

А  в полдень солнце ясное, испанское горит. 

И светит над Испанию, столицею Мадрид! 

Испан биі 

 

Қазақтың  



ұлттық  

киіміндегі  

бала: 

Бар көршіні сыйлаған, 

Қазақта бар мықтылық, 

Қақ ортасын жайлаған. 

Жақсылықты үйреніп, 

Жамандықтан жиреніп, 

Көршілермен бірлесіп, 

Келеміз тең күн кешіп! 



 Достық, 

бақытты 

балалық шақ туралы 

ән 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет