Бағдарламасының 4-курс мдот 41 тобының студенті Айтмуханова Жания Кайраткызының Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы



Дата24.05.2023
өлшемі17,8 Kb.
#96886
түріБағдарламасы
Байланысты:
Есеп (копия)


М.Өтемісов атындағы БҚУ педагогика
факультетінің «мектепке дейінгі оқыту
және тәрбиелек» білім беру
бағдарламасының 4-курс
МДОТ – 41 тобының студенті
Айтмуханова Жания Кайраткызының
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
Қызылтөбе-2тұрғын үй массиві,
5 «Балбөбек» бөбекжайынан
мемлекеттік педагогикалық сараман
бойынша
Есебі

Мен, Айтмуханова Жания Кайраткызы, «Мемлекеттік педагогикалық сараманнан» 2023 жылдың 23-шы қаңтар мен 6-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы,Қызылтөбе-2 тұрғын үй массиві, №5 «Балбөбек»бөбекжайынан машықтан өттім.


Сараманның алғашқы аптасында мектепке дейінгі ұйыммен педагогикалық ұжыммен және тәрбиешілердің міндеттерімен, құқықтармен танысу, сонымен қатар тәрбиешілердің міндеттері мен құқықтарымен танысу. Сараманның алғашқы күні балабақша әдіскеріне жолығып, балабақшаның өзіне тән ережелерімен таныстырып, мені «Айналайын» ересек тобына бекітті. Топ тәрбиешісі Чувакбаева Шынар Теженовна мен таныстым.
Сараманның алғашқы күнінен бастап «Айналайын» ересек тобының тәрбиешісі Чувакбаева Шынар Теженовнаның көмегімен балалармен толықтай танысып, тез тіл табысып кеттім. Топтың нормативтік құжаттарымен таныстым. Топ бөлмесі кең, жинақы және жарық. Мектепке дейінгі ұйымға сай жабдықталған.
Сараманның екінші күні тәрбиеленушілермен жеке – жеке танысып, оларға жақын болуға тырыстым. Топта 24 тәрбиеленуші бар. Оның ішінде 12 ұл бала, 12 қыз бала бар.Топ тәрбиеленушілері материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Топ тәрбиеленушілері ұйымшыл, бір – біріне қамқор, оқу қызметіне белсенді қатысып отырады. Топтың жалпы танымдық бағыты жоғары деңгейде. Осы апта ішінде тәрбиеленушілерді сырттай бақылап, топтағы балалардың оқу қызметіне қатысым дәптерімен, денсаулықтары туралы дәптерімен және де балалардың әлеуметтік картасымен таныстым. Топтың перспективалық жоспарымен және балалардың өмірі мен денсаулығын ұйымдастыру мен тәрбиелеуді жоспарлау циклограммасымен таныстым.
Алғашқы кезде ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізу мен үшін қиындық тудырғаны рас.Әр оқу іс-әрекетіне конспекті жоспар құру, балалармен қарым қатынас орнату, берілген уақыт ішінде 18-20 шақты баламен жұмыс жүргізу қиынға соқты. Алайда тәрбиешімнің қолдауы арқасында ,оқу іс-әрекетінде өзімді қалай ұстау керектігін, оқу іс-әрекетін қалай өткізу керектігін үйрендім.
18-наурыз күні «22- наурыз мерекесі» күніне орай «Наурыз –Думан» атты ертеңгілік өткізілді.
«Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» , «Табиғаттың гүлденуі» атты өтпелі тақырыптар бойынша балалардың өмірі мен денсаулығын ұйымдастыру және тәрбиелеуді жоспарлау циклограммаларын құрдым. Бұдан бөлек, педагог жетекшілігімен жүргізілетін «Артығын тап!», «Жыл мезгілін ата» деп аталатын ойындар өткіздім. «Емхана» рөлдік –cюжеттік ойынын өткіздім. Балалардың сөздік қорын молайту мақсатында «Құмырсқа» ертегісін қойылым түрінде жүргіздім.
Бұдан бөлек,Аппликациялық жұмыстың түр – түрімен таныстық. Атап айтатын болсам,«Көктем» тақырыбына аппликация бөлімі бойынша жұмыстанып, оларды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында тиімді қолдана білдім.Мемлекеттік педагогикалық сараманнан өту кезеңінде алынған білім, білік, дағдылар болашақта белсенді жұмыс істеу үшін керемет көрсеткіш болды. Теориялық тұрғыдан зерделенген сәттерді іс жүзінде жүзеге асыруға, тәжірибе жинауға және тәрбиеші мамандығының жалпы идеясын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
№5 «Балбөбек» бөбекжайы МКҚК директоры: Ж.А. Бектегенова
№5 «Балбөбек» бөбекжайы МКҚК әдіскері: М.Т. Досанова
Есеп беруші машыққер: Ж.К. Айтмуханова

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет