Байдалиев Д. Д



жүктеу 2.09 Mb.
Pdf просмотр
бет13/18
Дата22.12.2016
өлшемі2.09 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Кӛктӛбе 
Жуалы  ауданындағы  елдімекен  аты.  Кӛктӛбе  ауылдық 
әкімшілігі  округінің  орталығы.  Аудан  орталығы  Бауыржан 
Момышұлы  ауылының  шығыс  жағында  2  шақырым  жерде 
орналасқан. 
Кӛктӛбе  аталатын  жер  атауы  Қазақстан  аймағында  кӛптеп 
кездеседі. 
Еркебай  Қойшыбаев  ӛзінің  Қазақстанның  жер  –  су  аттары 
деп аталатын сӛздігінде Кӛктӛбе атауына тӛмендегідей анықтама 
береді:  «Бұл  арада  Кӛктӛбедегі  «кӛк»  сӛзі  «заңғар  биік»  немесе 
тіпті  аспан  мәніне  сай  келеді.  Оған  «тӛбе»  сӛзі  қосылып  заңғар 
биік  тӛбе  деген  ұғымды  білдіреді».  (  Қазақстанның  жер  –  су 
атаулары. Алматы: Мектеп, 1985, 135 бет). 
Алайда  біз  топонимикалық  атауын  сипаттап  отырған 
Кӛктӛбе атауы «Заңғар биік» деген анықтамаға келмейді. Кӛктӛбе 
аталатын  елдімекеннің  батысындағы  шағын  тӛбе  ондай 
тӛбелердің  санатына  жатпайды,  тұрқы  аласалау.  Мұндағы  «кӛк» 
сӛзі  түспен  баланысты  «тӛбеге»  қосылып  «Кӛктӛбе»  -  атауын 
құрап тұр. 
 
Кӛкшебұлақ   
Қоңыртӛбенің  шығысынан  басталып  оның  солтүстігін  орай 
жағалап  барып  бес  шақырымдай  ылдиға  бет  түзеп,  Шақпақ 
ӛзеніне қосылатын бұлақ «Кӛкшебұлақ» - аталады. 
Қоңыртӛбенің солтүстік баурайындағы осы Кӛкшебұлақтың 
сағасында  «Ақтабан  шұбыранды»  жылдарында  Қаратаудың 
Майтӛбе  аймағын  паналап  басқа  Шегір  руластарына  ілесіп 
кӛшпей  қалып,  кейінірек  1760  жылдары  Құрман  батыр    60  үйлі 
әулетін  осында  алып  келіп  қоныстандырған.  Одан  кейін,  яғни 
1780  –  1790  жылдары    Құрман  батырдың  әулетін  сағалап 
Қазығұрттан  үш  ата  Айт,  Түнқатар,  Қарқара  балалары  осы 
Қоңыртӛбенің  баурайындағы  Кӛкшебұлаққа  келіп  қоныс  тебеді. 
Жанға  да,  малға  да  жайлы  Кӛкшебұлақтың  тӛңірегінде  егін 
салып,  мал  бағып  күн  кешкен.  Кеңес  ӛкіметі  құрылған  соң  олар 
қазіргі Ынтымақ елдімекеніне жиылып ұжым құрған.  
Ал  бұлақтың  «Кӛкшебұлақ»  -  аталуына  тоқталатын  болсақ, 

149 
 
Қоңыртӛбенің  бауырындағы  бұлақтың  саласы  қысы  –  жазы 
кӛкпеңбек болып кӛгеріп жатқандықтан жергілікті жұрт осындай 
атау берген.  
 
Кӛлбастау 
Кӛлбастау  –  Жуалы  ауданындағы  елдімекен  аты.  Ол  Ақсай 
ауылдық  әкімшілігінің  құрамына  кіреді.  Аудан  орталығы 
Бауыржан Момышұлы ауылының оңтүстігінде 2 шақырым жерде 
орналасқан. Елдімекен аумағының ӛсуіне байланысты Кӛлбастау 
қазір  аудан  орталығы  Бауыржан  Момышұлы  ауылымен  бірігіп 
кеткен.  
Орыс  переселендерінің  келуімен  байланысты  1916  –  шы 
жылдары  бұл  жер  «Евгеньевка»  -  деп  аталған.  1993  жылы  бұл 
елдімекен ӛзінің тарихи «Кӛлтоған» - атауын қайта иемденді. 
Кӛлтоған  туралы  Бауыржан  Момышұлының  «Ұшқан  ұя» 
Шерхан  Мұртазаның  «Ай  мен  айша»  атты  еңбектерінде  жақсы 
сипаттама берілген. 
Жуалы перзенті ақын – сатирик Толымбек Әлімбекұлы: 
                                 Алатауы, Қаратауы Құланы, 
                                 Асу Күйік басын иіп тұрады. 
                                 Мейіріңді, пейіліңді қандырар, 
                                  Кӛлбастаудай 
мӛлдір  шипа  бұлағы!»  -  деп 
сипаттайды. 
  Елдімекеннің 
«Кӛлтоған»  -  аталуы,  бұлақты  буып 
жасалынған кӛл деген мағынаны білдіретін гидротопоним.  
 
  Кӛлтоған 
  Кӛлтоған  –  Жуалы  ауданындағы  ауыл,  Боралдай  ауылдық 
әкімшілігі  округінің  орталығы.  Ол  аудан  орталығы  Бауыржан 
Момышұлы ауылынан  солтүстік  батысқа  қарай 42 шақырым 
 жерде орналасқан.  
Бұл елдімекен 1992 жылға дейін Алексеевка аталып келген. 
Оған  дейін  бұл  жер  Кӛлтоған,  онан  да  бұрынырақ,  орыс 
переселендерінің келуіне дейін «Құдияр сазы»  - аталып келген. 

150 
 
 Елдімекеннің 
не 
себептен 
Кӛлтоған 
аталатынына 
тоқталатын  болсақ,  ол  орыс  переселендерінің  Жуалы  жеріне 
келетін  1910  жылдан  басталады.  Орыс  кулагы  Алексеев  бұл 
жерді  иемденген  соң  Бӛкей  тауының  баурайынан  тӛмен  қарай 
ағатын бұлақтарды бӛгеп,   тоған   салдырып,  егін   егеді.   Осы   
ӛңірде  ӛсірілген  дәні баданадай,  қарыс келетін бидай масағын 
Петербургке  мақтаныш  ретінде  пошта  жәшігіне  салып 
жібергендігі туралы да мәлімет бар. 
Елдімекен 
тоқсаныншы 
жылдардың 
бас 
кезіндегі 
тәуелсіздіктің,  еркіндіктің  лебі  есе  бастаған  кезде  «Кӛлтоған»  -
деген тарихи атауына қайта ие болды.  
Кӛлтоған  атауы  «кӛл»  және  «тоған»  сӛздерінен  құралған 
гидронимдік атау. 
1997  жылдан  бастап  Кӛлтоғанда  және  округке  қарасты 
Қошқарата,  Қызтоған,  Ақтасты,  Рысбек  батыр,  Кеңес 
ауылдарында 
осы 
елдімекендердің 
атымен 
аталатын 
кооперативтер мен шаруа қожалықтары құрылды.   
 
 Күйік асуы 
  Жуалы  ауданы  шығысында  Жамбыл  ауданымен  шектесер 
тұсында  кіші  Қаратау  қатпарлы  белдеуімен  шектеседі.  Оның 
жалпы ұзындығы 200 шақырым, ені 35 - 40 шақырымды құрайды. 
Сол  кіші  Қаратау  белдемі  арқылы  Алматы  –  Ташкент  –  Бішкек 
кӛлік  жолы  Күйік  асуы  арқылы  ӛтеді.  Абсалюттік  биіктігі  1200 
метр.  Күйік  асуын  Жамбыл  облысының  энциклопедиясында 
«Қиын асу» деп кӛрсеткен.  
  Бұл  аймақты  жазушы  Ш.Мұртаза  ӛзінің  «Мылтықсыз 
майдан»  атты  повесінде  былай  суреттейді:  «Теріскейдегі 
Қаратаудың күйік асуы тұсынан мұнартып, баланың жаңа шығып 
келе  жатқан  тісіндей  боп  үлкен  Бурылдың  қос  ӛркеші  кӛрінеді. 
Тескентау,  Маймақ  тұсынан  Қапшағай  қиялай  Күркіреусу 
ирелеңдеп,  Манастың  қойнына  кіріп  зым-зия  болады».
 
(Ш.Мұртаза. 3 том, Алматы: Қазығұрт, 2002, 50бет).
      
Бұл аймақты 1922 жылы ақпан айының соңында жүріп ӛткен 
жауынгер  жазушы  Д.Фурманов  «Мятеж»  атты  романында  Күйік 
асуы  туралы  мынандай  күнделік  жазып  кеткен.  «Каюк  (Күйік) 

151 
 
асуында  табиғат  тез  ӛзгереді  екен,  бұралаң  тастақты  жолмен 
тӛмен  құлдилай  бердік.  Жолдағы  үлкен  тастар  татар 
молаларының басындағы белгі тастарға ұқсайды екен. Асу біткен 
кезде алдымыздан ескі керуен сарайдың орнына тап болдық. Бұл 
жерде  арғы  –  бергі  ӛткен  жолаушыларға  қарақшылық  шабуыл 
жасалып  тұрған  да,  ел  кӛтеріліп  керуен  сарайды  иесімен  қоса 
ӛртеп  жібереді.  Жер  атауы  сондықтан  Күйік  аталады»  -  дейді. 
(Д.Фурманов  Мятеж.  Москва:  Правда,  1980,  19  –  20  беттер) 
(мәтін ықшамдап аударылды). 
 Асудың  «Күйік»  аталуы  туралы,    Бӛгенге  жақын  «Шошқа 
бұлақ»  атты  ауылдың  тұрғыны  Базен  қарияның  аузынан 
Мұхаметжан Тынышбаев тӛмендегідей аңыз әңгіме жазып алған: 
«Есім хан жауға аттанар алдында Түркістанға Тұрсын ханды 
шақырып алып ел билігі мен отбасын аманат етіп тапсырады. Екі 
жыл  жорықта  болып,  еліне  қайтар  жолда  Әулиеатадан  40 
шақырым  жердегі  таудан  Тұрсын  ханның  бұзауларын  бағып  зар 
еңіреп  жылап  жүрген  кейуанаға  кездеседі.  Байқап  қараса  кемпір 
ӛз  шешесі  екен,  соның  күйігінен  жер  атауы  «Күйік»  аталыпты 
делінеді».    «(Есым  узнал    в  старухе  свою  мать;  им  овладела 
«Каюк» (злоба, ненависть), откуда и местность стала называться 
«Куюк»)
 
(История 
казахского 
народа. 
Алматы: 
Қазақ 
университеті  1993,  157стр).  Жер  атауының  «Күйік»  аталуы 
осылай баяндалады. 
Осы Күйік асуында Шыңғыс тағының иесі Күйік хан қайтыс 
болғандығы  туралы  І.Есенберлиннің  Кӛшпенділер  тарихи 
триологиясының  бірінші  кітабында  мынандай  тарихи  оқиғаны 
келтірген:  «Еділ  ӛзенінің  сағасындағы  Алтын  Орда  астанасы 
Сарай  қаласынан  «Сарыарқадағы  елімді  кӛремін»  деген 
сылтаумен он түмен қолмен Бату Күйікке қарсы жүрген. 
Қалың  қол  екі  жақтан  таяй  берді.  Күйік  пен  Бату  алыстан 
айбат кӛрсетіп, аяқтарымен жер қопарып сүзісуге келе жатқан екі 
бұқа  тәрізді.  «Қайсысының  мүйізі  сынбақ?  Ал  сынбаса 
қайсысының  мүйізі  мұқалып,  намысқа  шыдай  алмай  қан  қақсап 
сырқырамақ? 
Бүкіл  Шыңғыс  әлеті  болып  демін  ішіне  тарта  күтті.  Бірақ 
заңғар мүйіздер сарт – сұрт ұрысқан жоқ. Күтпеген жерден жол – 

152 
 
жӛнекей  Күйік  екі  күн  ауырып  қаза  тапты».  (І.Есенберлин 
Кӛшпенділер. Алматы: Жазушы, 1976, 11бет).  
Бұл  мәліметті  М.Тынышбаев  та  растайды:  «Каюк, 
укропивший власть в обширном владении Чингис – хана, динулся 
в  1248  году  на  улус  Джочи;  Батый  также  пошел  навстречу. 
Однако  до  открытого  столкновения  дело  на  этот  раз  не  дошло: 
Каюк  умер  (по  некоторым  источникам  был  отравлен 
подосланным  лицом  Батыя)  еще  до  встречи  войск». 
(М.Тынышбаев История казахского народа Алматы, 219 стр). 
Жолдасбек  Тұрлыбаевтың  «Райымбек  батыр»  романында 
Күйік  асуының  әрбір  тӛбесінде  қазақ  жасақтары  от  жағып  аз 
адаммен қалың жаудың алдын кескендігі туралы сӛз болады. 
2006  жылы  сәуір  айында  «Қазақстан»  телеарнасынан 
жүргізілетін  «Атажұрт» бағдарламасында, асудың  «Күйік» аталу 
себебі  ақтабан  жылдарындағы  елдің  күйік  –  зарынан  туындаған 
атау деп айтылды. 
Жазушы  жерлесіміз  Ш.  Мұртаза  «Жұлдызы  биік  Жуалы» 
атты очеркінде: «Күйік» - Қаратаудың атақты асуы. Неге «Күйік» 
деп аталғаны белгісіз. Мүмкін, «Қаратаудың басынан кӛш келеді» 
заманындағы қорлықтың күйігі ме екен? … кейбір кӛктемде осы 
«Күйіктен»  алты  –  жеті,  тіпті  одан  да  кӛп  күндер  бойы  бір 
азынауық  жел  тұрады.  Сонда  жайқалып  ӛсіп  келе  жатқан    кӛк 
желең шынжау тартып, мешел баладай ілмиіп, кӛк тұрмақ, мал – 
жанның  да  реңі  қашып  берекесі  кетеді.  Асудың  «Күйік»  аталуы 
бәлкім  содан  шығар»  -
 
деп  жазады.  (Шерхан  Мұртаза  Не 
жетпейді? Алматы: Жазушы, 1990, 59 бет).  
Кӛктем  айларынан  басқа  кездерде  бір-бірімен  жалғасқан 
жоталар да, асфальт жолдың екі қапталындағы ентелеген жақпар 
тастардың да реңі  қара қошқыл, бейне күйіп қалған жер іспетті. 
Мүмкін  «Күйік»  атауы  да  осы  себепке  байланысты  ма  деген 
болжам да жоқ емес.  
Бұл  асу  туралы  болжам,  дерек  аңыздардың  барлығы  да 
күйік,  зар,  қорқыныш  сынды  сезімдермен  байланысты 
болғандықтан асудың аты «Күйік» - аталған деп жорамалдаймыз.  
            
 

153 
 
Күреңбел 
Күреңбел  -  Жуалы  ауданындағы  ауыл,  ауылдық  әкімшілік 
округінің  орталығы,  ауыл  шаруашылық  кәсіпорын,  ӛндірістік 
кооператив атауы. 
Бұл аймақтың «Күреңбел» - аталуы туралы Кеңес ауылының 
тұрғыны  Жаманқұлов  Ділдәбек  мынадай  аңыз  әңгіме  айтады: 
«Тӛңкерістен  бұрын  мына  жатқан  Батырбек  Датқаның  сазында 
үлкен  дуан  ӛткен  екен.  Жан  –  жақтан  дуанға  жиналған  атты 
адамдарда  есеп  болмапты.  Аттарын  жақын  беткейге  тұсап 
жіберіп  таң  ертең  қараса  аттары  ӛліп  жатыр  екен.  Сӛйтсе  ол 
―күреңсе‖  деген  улы  шӛпті  жегеннен  болыпты.  Ал  жергілікті 
жердің  жылқысы  бұл  шӛпке  үйреніп  кеткендіктен  уланбайды 
екен.  Сондықтан  мына  жатқан  үлкен  бел  Күреңбел  аталған»  – 
дейді. 
Күреңбел  елдімекені  XIX  ғасырдың  80  жылдары  орыс 
генералы  Самсоновтың  атына  қойылуы  туралы  ғалым  Мекемтас 
Мырзахматов былай баяндайды: 
  «Жамбыл  облысы  Жуалы  ауданындағы  Самсоновка  селосы 
да  Түркістан  ӛлкесіне  генерал-губернатор  болып  келгенде, 
болыстыққа тек орыс тілін білетін бұратаналарды сайлау идеясын 
ұсынып,  соны  жүзеге  асырған  генерал  Самсоновтың  атына 
қойылған  болатын  -  ды».  (Қазақ  қалай  орыстандырылды? 
Алматы: Атамұра, 1993, 79 бет). 
  «Күреңбел»  -  атауының  шығуы  -  «күреңсе»  сӛзінің 
қысқарған  түріне  «бел»  сӛзін  жалғау  арқылы  жасалған  атау. 
Атаудың  түспен  байланысы  жоқ,  күреңсе  -  ӛсімдік  аты,  яғни 
«күреңсе ӛсетін бел» - деген сӛз. 
  
 
 Күркіреусу 
 Жуалы  грабенінің  (ойысының)  ортасынан  басталып  Кіші 
Қаратау бағытына қарай ағатын Теріс ӛзенінің шығыс жағындағы 
бір  саласы  «Күркіреусу»  деп  аталады.  Күркіреусу  атымен  сол 
ӛзеннің  жағасындағы  елдімекен  де  аталады.  Күркіреусу  Теріс 
ӛзеніне  Жуалы  ауданының  шығысындағы  Қырғызстанның 
Маймақ бекетіне жетпей қосылады. Ӛзен Кіші Қаратаудан терең 
антецедентті  аңғарлардан  ӛткендіктен  гүрілдеген  (күркіреген) 
дыбыс шығарып ағады.  

154 
 
 Бір  сӛзбен  айтқанда  «Күркіреусу»  -  атауы  «күркіреу»  және 
«су»  сӛзінен  шыққан  ӛзен  суының  дыбыс  шығарып  ағуына 
байланысты қойылған гидронимдік атау. 
 
Қақты  
Қақты - кӛктемдегі қар және жауын суынан пайда болған екі 
жотаның ортасындағы шағын кӛл.  
Қақты  аталатын  бұл  жер  Жуалы  ауданындағы  «Кӛсегенің 
кӛк жоны» аталатын жонның екі ортасында. 
Қақтының  ұзындығы  200  метр  ал  ені  50  –  60  метр 
шамасында.  Жазғы  шілдеден  кейін  кӛл  құрғап,  орнында  ақшыл 
түстес қақ қалады. Бұл жердің «Қақты» - аталуы сондықтан.   
 
Қалмақ қырған 
«Әсіресе  қазақ  халқында  бір  жақсы  қасиет  бар,  ол  тарихи 
оқиға  болған  жерге  ат  қойып  әйгілеп  кетеді»  -  деп  жазған 
Мұхамеджан Тынышбаев.  
Жуалы  ауданы  мен  Алғабас  ауданының  шектесер  жеріндегі 
Қошқарата  ауылының  бас  жағындағы  кең  жазықта  шашылған 
адам  сүйектерін  әлі  де  кездестіруге  болады.  Әсіресе 
Б.Момышұлы  -  Қошқарата  автомобиль  жолын  салған  кезде 
жергілікті жердің тұрғындары бұған куә болған. 
Бұрын  бұл  жер  «Қалмақ  қырған»  аталған,  ол  қазіргі 
ұрпақтың  да  есінен  шыққан  емес.  Бұл  жердің  Қалмақ  қырған 
аталу  себебіне  деректі  Шоқан  батыр  туралы  айтылған  «Тӛле  би 
мен Қойгелді батыр» кітабынан кездестіреміз.  
Қойгелді  батыр  елуден  асқан  шағында  Жуалыдағы  елді 
аралап  Байтана  ағайындарының  ауылына  түседі.  Бұл  туралы 
құлақтанған  қалмақтар  тоғыз  батырының  жанын  жаһаннамға 
жіберген батырға аса кекті еді. 
Қалмақ  батыры  Қойгелдіні  жекпе  -  жекке  шақырған  кезде 
орнына  батыр  Садыбайдың  ұрпағы  Шоқан  шығып  қалмақ  
батырының  басын  кесіп  Қойгелдінің  алдына  тастайды.  Жекпе  – 
жектің  аяғы  қырғын  шайқасқа  ұласып,  аруақтанған  қазақтар 
қалмақтарды  шетінен  қырады.  Кейін  шапқан  қалмақтардың 
басын  тӛбедей  етіп  үйген  екен.  Сондықтан  бұл  жер  күні  бүгінге 
дейін «Қалмақ қырған» -аталады. 

155 
 
 Қанай асуы  
Жуалы  ауданындағы  Кӛлтоған  елдімекенінің  батысындағы 
Боралдай  тауының  бір  асуы  осылай  «Қанай  асуы»  аталады.  Бұл 
асу  Оңтүстік    Қазақстан    облысының  Қанай  атты  шағын 
елдімекенімен  байланысты      қойылған      атау.      Ол      жерде    мал 
бордақылау пункті болған. 
 Қанай  асуы  Кӛлтоған  ауылының  батысында  таудың 
күнгейінде осы аттас шағын ӛзен де бар. Қанай асуымен іргелес 
жатқан Жыланды және Бозторғай аталатын асуларда бар. 
 «Қанай»  -  этимологиясының  шығуына  келетін  болсақ  ол  – 
қазақ  ұлыстарының  этникалық  топтарының  аты.  Қанай,  Данай, 
Жанай аталатын антропонимдері бір мағыналас.  
 
Қарабастау 
Қарабастау  -  Жуалы  ауданының  солтүстік  шығыс 
жағындағы Билікӛл аймағындағы елдімекен мен бастаудың аты.  
Бастау  елдімекеннің  оңтүстік  жағындағы  үлкен  жотаның 
астынан шығып жатыр. 
Қарабастау  атауындағы  «қара»  сӛзі  судың  түсіне  қатысты 
атау  емес.  «Қара»  ұғымы  ежелден  –  ақ  «мӛлдір  су»,  сусын 
мағынасын  береді.  «Қара  суға  зар  болдық»,  «Бір  ұрттам  қара  су 
кӛз  кӛрім  жерге  апарады»  -  деген  халқымыздың  сӛз  тіркестері 
бар.  
Кӛне  түркі  тіл  топонимдерін  зерттеушілердің  дәлелдеуінше 
қарасу – үлкен ӛзен емес, жер астынан, сайлардан шығып жатқан 
қайнар  су.  Қарабастау  атауындағы  «қара»  сӛзін  түркі  тілдес 
халықтар  «жер»  мәнінде  қолданған.  Сондағы  мағынасы  «жер 
суы» деген ұғымды білдіреді. Е.Қойшыбаев бұл жӛнінде:  «Адам 
мен  мал  шоғырланған  жер  мәніндегі  атау»  -  деп  кӛрсетеді.  
(Қазақстанның  жер  –  су  атауларының  сӛздігі.  Алматы:  Мектеп, 
1986, 150 бет).  
Қорыта  келгенде;  бастаудың  және  елдімекеннің  атауы 
«қара» және «бастау» деген компоненттерден құралған атау.  
 
 
 

156 
 
Қаражол 
Бауыржан  Момышұлы  ауылынан  5  шақырым,  ал  Қайрат 
елдімекенінен  3  шақырым  жердегі  ескі  жолдың  арнасы 
«Қаражол» - аталады.  
Бұл  Қаражол  аталатын  жолдың  тарихы  Жуалы  жерінен 
Талас  Алатауын  етектеп  ӛткен  Қытай  мен  Батыс  елдерін 
байланыстырып  отырған  сауда  мен  мәдени  қарым  – 
қатынастардың күре тамыры Ұлы Жібек жолымен байланысты. 
Бұл  ӛлкеден  ӛткен  Ұлы  Жібек  жолының  негізгі  арнасы 
туралы  Араб  жиһангері  Убейдаллах  ибн  Абдуллах  ибн 
Хордадбектің  846  жылы  және  Кудама  ибн  Жафардың  Х 
ғасырдың  басында  жазып  кеткен  деректерінде  мол  мәліметтер 
келтірілген.  Сол  сияқты  Қазақстан  тарихының  І  томында 
«Тараздан  шыққан  керуен  Шауғар,  Баркуаб  арқылы  тау  етектеп 
Абарадж арқылы Тамтаджға асқан» - деп кӛрсетілген. (Қазақстан 
тарихы І том Алматы: Атамұра, 1996, 351 бет). 
Осы Қайрат елдімекенінің үстіңгі жағында осы Қара жолдың 
бойында бекет болғандығы туралы да деректер бар. 
  Бұл  жолдың  «Қаражол»  -  аталуына  тоқталатын  болсақ, 
қазақта «қара жол» деген сӛз тіркестері кӛп қолданылуы мұндағы 
«қара»  сӛзі  жолдың  түстік  сын  есімнің  сипаты  емес,  үлкен  жол 
деген мағынаны беретін этимология. 
 
Қарамұрын 
Жуалы  ауданына  қарасты  Шыңбұлақ  елдімекенінің 
солтүстік шығыс жағында Үлкен Қоңыртӛбенің жанындағы жота 
«Қарамұрын» - деп аталады. Жотаның етегінен Қарасай аталатын 
бұлақ  ағып  шығады.  (Сайдың  екі  қапталы  қатпарлы  қара  тас 
болғандықтан  Қарасай  аталады).  Қарамұрын  жотасынан  1 
шақырымдай  тӛмен  Сарқырама  аталатын  бұлақ  ағып  шығады. 
(Суы  шағын  болса  да  тастардан  дыбыс  шығарып  ағатындықтан 
солай аталған).  
Қарамұрынның  жотасына  шыққан  кісіге  шығыстағы  Кіші 
Қаратау  жоталары  мен  батыстағы  Боралдай  мен  Құлан  таулары 
айқын кӛрінеді.  
Жотаның  «Қарамұрын»  -  деп  аталуы  ол  жотаның 

157 
 
орналасуын  дӛңес  мұрынға  теңегендіктен  туындаған  атау. 
«Қарамұрын»  -  атауы  қаратұмсықпен  бір  мағыналас,  «мұрынға 
ұқсаған қара жота» - деген ұғымды беретін ороним. 
 
Қарасаз 
Аудан орталығы Б.Момышұлы ауылынан солтүстік батысқа 
қарай  8  шақырым  жерде  орналасқан  елдімекен  аты.  Ол  1993 
жылға  дейін  Петровка  аталып  келген.  Батыс  жағынан  Шақпақ 
ӛзені ағып ӛтеді. 
Мұндағы  «Қара»  сӛзі,  «жер»  деген  мағынаны  береді.  Бұл 
атаудың ӛзіндік сипаты сол – жер асты суы жер бетіне тым таяу 
жатады. Сондықтан да бұл атау кӛнедегі «жер - су» немесе «саз - 
су» ұғымындағы сӛз тіркесін толық дәлелдеп тұр. 
Қариялардың  айтуы  бойынша,  бұл  атыраппен  сазды  жер 
болғандықтан  кӛлік  айланып  ӛтетін  болған.  Бұны  бұрын 
«Қараой»-  деп та атаған кӛрінеді.    
 
Қарасай 
Қарасай – Қазақстанның оңтүстік аймағында кӛп кездесетін 
жер  атауларының  бірі.  Сондай  Қарасай  аталатын  жер  Жуалы 
жерінде  екеу.  Біріншісі:  Талас  Алатауының  етек  жағындағы 
Талапты 
елдімекенінің 
маңында, 
екіншісі: 
Шыңбұлақ 
елдімекенінің  солтүстік  шығысындағы  Үлкен  Қоңыртӛбенің 
жанында. 
Бұл екі Қарасайдың аталу этимологиясы екі бӛлек. Талапты 
елдімекенінің  үстіңгі  жағындағы  Қарасай,  ол  аймақтың  малға 
жайлы  «отты»  мағынасын  беретін  атау.  Бұл  атау  жердің  түріне 
байланысты атау емес, ӛйткені ол маңда қараға лайық кӛз тартар 
ешқандай белгі жоқ. 
Екінші  Үлкен  Қоңыртӛбенің  жанындағы  «Қарасай»    - 
сайдың  екі  қабағындағы  қара  қошқыл  тастардың  түсіне  қатысты 
қойылған атау.  
      
Қаратас 
 Жуалы  ауданындағы  Жетітӛбе  ауылдық  округіне  қарасты 
Күреңбелден  солтүстікке  қарай  7  шақырым  жерде  орналасқан 
шағын таудың және елдімекеннің аты. 

158 
 
 Орыс  тілінен  енген  топонимикалық  отаршылдықтың  ортақ 
таңбасынан  Жуалы  жеріндегі  «аман  қалған»  бірден  –  бір  жер 
атауы  осы  Қаратас  болатын.  «Қаратас»  -  атауы  реңмен 
байланысты  «қара»  және  «тас»  деген  сӛздерден  қалыптасқан 
атау.  Оның  себебі  сол  аймақтың  шығысындағы  тау 
қыраттарының және ондағы қатпарлы тастардың түсі қара. 
 Сондықтан  бұл  жер  Қаратас  аталады  ал  оның  етегіндегі 
шағын елдімекен Қаратас ауылы аталады.  
 
Қараүңгір 
Қараүңгір  –  бұл  Жуалы  ауданының  оңтүстік  жағындағы 
Б.Момышұлы  ауылынан  16  шақырым  жерде  Талас  Алатауының 
шатқалындағы  үңгір  атауы.  Орналасқан  жері  Талапты  аталатын 
елдімекеннің  жоғарғы  жағындағы  тар  шатқалдың  аузында. 
Қараүңгірдің айналасында шеттік, бұталар қалың ӛседі. Үңгірдің 
аумағы  бір  отар  қой  (шамамен  600  –  700  бас)  сыйып  кететіндей 
кӛлемді  алып  жатыр.  Қараүңгірдің  ішінде  жағалай  жақпар 
тастарды  тесіп  мал  байлауға  арнайы  жасалған  тесіктер  бар. 
Үңгірдің бітер жеріндегі түкпірінде киіз үй сиятындай орын бар. 
Әсіресе  осы  үңгір  түкпіріндегі  қабырғаларынан  от  жаққаның 
белгісін кӛрсететін қап – қара ыс басқан. 
Бұл үңгір ӛте ерте замандарда алғашқы адамдардың қонысы 
болғандығы даусыз. 
1960  –  1970  жылдардың  шамасында  Қараүңгір  бұрынғы 
Ленин атындағы колхоздың отарларының тұрағы болған. Прораб 
Тоқтасын  Тілеуқабыловтың  басшылығымен  Ақсай  бұлақтарын 
буып,  үш  шақырым  жердегі  Қараүңгірге  құбыр  тартылып  су 
әкелінген. 
Енді осы «Қараүңгірдің» - атауына тоқталатын болсақ - бұл 
қара  және  үңгір  сӛзінен  туындаған  атау  (ороним).  Қазақ  тілінде 
«қара» сӛзінің ұғымы әр түрлі мағынада қолданылатыны белгілі.  
Мысалы: Қарадаладағы «қара» сӛзі «отты дала», Қара қамыстағы 
«қара»  сӛзі  «қалың  қамысты»,  Қаракемердегі  «қара»  сӛзі  «жар 
қабақты», Қарақоныстағы «қара» сӛзі «қоныс» атауын білдіретін 
т.с.с. кӛптеген атаулар тізбегі жатады. 
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет