Байтұрсынов оқулары халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары


ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



жүктеу 5.13 Mb.
Pdf просмотр
бет13/50
Дата28.12.2016
өлшемі5.13 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
64 
 
Цель методики – выявление способности учителя к саморазвитию и определение уровня саморазви-
тия). 
Таким образом, анализ субъективной оценки жизни показал, что респонденты недостаточно ак-
тивны  в  собственных  стремлениях,  желаемых  достижениях,  при  этом  высоко  оценивают  значимость 
своего саморазвития и самоосуществления; свои будущие достижения и уровень жизни видят на бо-
лее высоком уровне, нежели в настоящее время. Все респонденты указывают, что стремятся к само-
осуществлению,  профессиональному  развитию  и  улучшению  своей  жизни.  Предполагаем,  что  несо-
ответствие  уровня  активности,  собственной  ответственности  и  результатов  желаемого  в  будущем 
самоосуществления и качества  жизни может не привести к результатам и достижению целей.  
Самоосуществление выражается следующей фразой: «Всему, что я делаю, я могу сказать «да» 
[2]. Цель, возможность ее осуществления и достижения, внутренняя ответственность за выполнение, 
ценность моего действия для меня самого – составляющие внутреннего согласия человека.  
 
Литература: 
1.  Франкл  В.  Человек  в  поисках  смысла  //  Психология  личности  в  трудах  зарубежных 
психологов / Сост. И общая редакция А.А. Реана. – СПб: 2000. – С.234-244 
2.  Лэнгле  А.  Жизнь,  наполненная  смыслом.  Прикладная  логотерапия.  –  М.:  Генезис,  2009.  – 
128с. 
3.  Психологический практикум // http://psylist.net/praktikum/ [Дата обращения 08.03.2016] 
4.  Шульц П. Философская антропология. Введение для изучающих психологию. – Новосибирск: 
НГУ, 1996  
5.  Экзистенциальная  психология.  Экзистенция.  –  М.:  Апрель  Пресс,  Изд-во  ЭКСМО-Пресс, 
2001.  
 
 
 
МАМАНДАР ДАЯРЛАУДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ  
ӘДІСТЕМЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ 
 
Оразбаева  А.  С.  -  филология  ғылымдарының  кандидаты,  аға  оқытушы,  А.Байтұрсынов 
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, тіл және әдебиет теориясы кафедрасы 
 
Мақалада жоо-нда мамандар даярлаудағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері 
қарастырылады.  Мамандыққа  сәйкес  педагогикалық  идеяларды  іс  жүзіне  асыра  алатын,  қоғамдық 
өмірде интеллектуалдық құндылықтар мен инновациялық технологияларды ұштастыра отырып, 
тиісті  шешім  қабылдай  білетін  біліктілікті  мамандар  даярлаудың  заманауи  проблемалары  сөз 
болады. 
Кілт сөздер: әдістеме, инновация,модификациялық, комбинаторлық, модуль. 
 
Қоғамның  өзгермелі  әлеуметтік-экономикалық  жағдайлары,  инновациялық  идеялары  мен 
заманауи  талаптары  барлық  саланың  мамандарына  айырықша  жауапкершілік  жүктейді.  ХХІ  ғасыр 
талабына  сай  интеллектуалдық  құндылықтар  мен  инновациялық  технологиялар,  сондай-ақ  толассыз 
ақпараттар  тасқыны  сала  мамандарынан  кәсіби  дағдылары  мен  құзыреттіліктерін    іс  жүзіне  асыра 
алатын,  түрлі  ақпарат  көздерін  пайдалана  отырып,  тиісті  шешім  қабылдай  білетін  біліктілікті  талап 
етеді.  Әрине  аталмыш  талаптар  үдесінен  шығу  –  жоғары  мектеп  қызметкерлерінің  кәсіби  парызы. 
Атап  айтқанда,  өркениет  талаптарына  сай  мамандар  даярлау  ісінде  тіл  және  әдебиет  теориясы 
кафедрасының  оқытушыларына  да  ерекше  міндеттер  жүктеледі.  Еліміздегі  қазіргі  заманауи 
мектептерде  білім  беру  ісіндегі  оқушының  интеллектуалдық  шыңдалуына  бағытталған  жұмыстар 
ғаламдық  өркениет  талаптарына  сәйкестендірілген.  Тіпті  дәстүрлі  жүйедегі  орта  мектептердің    білім 
беру жүйесіне де өркениет талаптары жаңаша серпін мен тың көзқарастарды әкелді. Бұл жұмыстарды 
жүзеге асыру үлкен ізденісті, еңбекті талап етеді.  
Орта мектепті бітірушілерге қойылатын талаптар әрқашан жоғары болған, бүгін де солай. Бүгінгі 
заман  олардан  өзгермелі  әлеуметтік-экономикалық  жағдайларға  төтеп  беретін,  инновациялық 
идеяларды іс жүзіне асыра алатын, түрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып, тиісті шешім қабылдай 
білетін  біліктілікті  талап  етеді.  Қоғамдық  өмірде  интеллектуалдық  құндылықтар  мен  инновациялық 
технологиялардың рөлі ұдайы күшейіп, ақпарат ағыны толассыз тасуда. Кезкелген қоғамдық пайдалы 
істің  нәтижелілігін  сан  салалы  ақпарат  қорын  байыту  мен  оларды  мейлінше  жедел  және  тиімді 
пайдалану  біліктілігі  анықтайды.  Ақпаратты  пайдаланудың  тиімділігіне,  сапалылығына  маманның 
жалпы білімі мен біліктілігінің, ойлауы мен танымының барлық түрлері тәуелді. Ал болашық маманның 
білімі  мен  біліктілігін,  ойлауы  мен  танымын  дамыту  орта  мектеп  оқушыларына  заман  талабына  сай 
сапалы білім берудің негізі  болып есептеледі.  

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
65 
 
Айтылған жайлар орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерін жоғары мектепте 
дайындаудың  сапасын    арттыру  -  бүгінгі  күннің  көкейкесті  міндеті  екендігін  көрсетеді.  Бұл  орта 
мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімін даярлаудың қазіргі жағдайына тікелей қатысты. 
Орта  мектептің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәндері  мұғалімдерін  даярлаудың  қазіргі  жағдайы  бұл 
іспен  айналысатын  жоғары  оқу  орындарының  бәрін  де  ойландыратыны  анық. Болашақ мұғалімдерге 
пән мазмұны бойынша сапалы, терең теориялық білім беру жоғары оқу орындарының да, жоғары оқу 
орындарының  оқытушы-профессорлар  құрамының  да  басты  міндеті  екендігінде  сөз  жоқ.  Мамандық 
аты қазақ тілі мен әдебиеті болғандықтан,  бұл екі пәннің мазмұнын, теориясы мен тарихын лайықты 
деңгейде  білу  әрбір  болашақ  маманның  алдынан  жарқын  болашақтың  жарық  жолын  ашуға  негіз 
болатыны  рас.  Екінші  жағынан,  мұғалім  пән  мазмұнының  ғана  білгірі  емес,  сол  пән  мазмұнын 
оқушыларға  жеткізудің  де  кемелі  болу  керек.  Сондықтан  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәндерін  оқытудың 
әдістемесін,  оқытудың  инновациялық  технологияларын,  сабақтың  теориясын  білудің  қажеттілігі 
даусыз.  Пән  мазмұнын  қазіргі  заман  сұраныстарын  қанағаттандыра  алатын  әдіскерлік  біліммен 
ұштастыра алған мұғалім ғана кәсіби білікті тұлға бола алмақ.  
Жоғары мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімін даярлау ісі өте күрделі құрылымдық тұтастығымен 
ерекшеленеді. Негізінде, жоғары білімді маман даярлау ісі қай мамандық бойынша да оңай емесі рас. 
Әйтсе  де  болашақ  мұғалімдерді  даярлау  басқа  сала  мамандарын  даярлаудан  күрделі  ғана  емес, 
сонымен  қатар  өзіндік  қиындығы  бар,  жауапкершілігі  үлкен  іс  болып  есептеледі.  Өйткені  болашақ 
мұғалімдірді  даярлау  оларды  мектеп  оқушыларымен  кәсіби  деңгейде  жұмыс  жасай  білуге  баулиды. 
Ал  қазақ  тілінің  мұғалімін  даярлау  ісі  болашақ  мұғалімдердің  мектеп  оқушыларын  өмірдің  түрлі 
салаларында  ана  тілін  дұрыс,  тиімді  пайдалана  білуге  қабілетті  болып  шығуын  көздейді.  Мұндай 
мақсаттың  мейлінші  маңызды,  өмірлік  мәні  зор  болатын  себебі  –  дүние  есігін  ашып  келген  адамзат 
баласы  өзінің  өмірі  үшін  қажетті  адамшылық  қасиеттердің  бәрін  ана  тілі  арқылы  табады,  ана  тілі 
арқылы қалыптастырады. Адазат қоғамы тарихында адамның өмір тәжірибесі мен ақыл-ойы негізінде 
жинақталған  ақпараттық  құндылықтар,  білім  қоры  тіл  арқылы  сақталады,  тіл  арқылы  игеріледі,  тіл 
арқылы болашақ ұрпаққа беріледі. Білім беру мекемелеріндегі оқу пәндерін меңгерудің құралы да тіл. 
Осының бәрі тілдің адамзат өміріндегі маңызы мен мәнінің қаншалықты жоғары екеніне көз жеткізеді. 
Ана тілі пәнінің мұғалімін даярлау ісінің осындай өзіне ғана тән ерекшеліктері мен үлкен жаупкершілігі 
болады. Сондықтан ана тілін оқыту ісіне, ана тілінің мұғалімдерін даярлау ісіне абай болу, оған үлкен 
жауапкершілікпен қарау - білім беру жүйесіндегі әрбір маманның, әрбір басшының басты міндеті.   
Қазіргі  білім  беру  ісінің  басты  бағыты  оқушы  санасында  жалпыадамзаттық  және  ұлттық 
құндылықтарымыздың  мәні,  қоршаған  дүние,  әлем  келбетінің  тұтастығы  туралы  ұғымдар  мен 
түсініктер  жүйесін  қалыптастыру  мақсаты  аясында анықталып  отыр. Бұл  - іргелі  мақсат. Оған  жетуге 
септігін тигізетін инновациялық технологиялардың ғылыми және практикалық маңызы жоғары. 
Жалпы айтқанда, технология дегеніміз жоғары мәдениет пен әр істің нәтижелілігіне бағытталған 
мақсатты  интеллектуалдық  еңбектің  үлгісі  болып  табылады.  Қазақ  тілі  мұғалімі  еңбегінің  мұндай 
үлгісіне қол жеткізу оңай емес.  
Жоғары оқу орындарында жаңа технологияларды сабақта жан-жақты қолдану жаңаша оқытудың 
тиімді  жолдарының  бірі  болып  саналады.  Осындай  жаңа  жолдардың  біріне  заман  талабына  сай  ХХІ 
ғасырдағы  ақпараттық  оқыту  жүйесіндегі  көптеген  жаңа  технология  түрін  айта  аламыз.  Жоғарғы  оқу 
орындарында  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі  теориялық  білім  берумен  қатар  болашақ  мамандыққа 
баулиды. Жаңа технологиялар қазіргі заман талабына сай жүйелі тұрғыдан оқытуда мұғалімнің ролін 
өзгертті.  Оқытушы  дайын  білімді  жоспарлап,  жеткізуші  рөлінен  студенттерді  білім  алуға 
ұйымдастырушы, кеңесші қызметіне ауысты. Қазақ тілі сабағында технология – студенттің тілдік қорын 
молайту,  дамыту,  студенттердің  шығармашылық  қызығушылығын  тудыру  мәселелерін  шешуге 
көмектесетін  жол.  Оқыту  технологиясының  негізі  студенттің  өз  бетінше  оқу  –  танымдық  іс-әрекеті. 
Жаңа  педагогикалық  технология  –  білім  беруді  ізгілендіру  принциптеріне  негізделген  компьютерлік 
технология,  сонымен  бірге  оқытуды  дербестендіру  мен  деңгейлік  дифференциялдау.  Онда:  білімді 
ізгілендіруге;  оқыту  сапасын  арттыруға;  басқару  тиімділігін  жетілдіруге;  студенттердің  дамуына 
бақылау жасауға; оған сәйкес бағалауға болатыны дәлелденіп отыр. Бұл жүйенің басты компоненті – 
оқыту  мақсаты. Ол  мақсат  өздігінен дамуға  ұмтылатын  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  сондықтан  оның 
өзіндік танымдық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. 
Қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесі пәнінің маманы өзінің кәсіби қызметінде мұғалімнің, әдіскердің, 
педагогтың,  психолгтың,  тілші  мен  әдебиетшінің  ісін  бірдей  атқаратыны  сырттан  қараған  қарапайым 
адамның көзіне де шалынбай қалмайды. Бұл мәселеге арнайы көңіл бөліп, ғылыми тұрғыдан қараған 
жағдайда,  оқу  әдістемесінің  арнасында  бірнеше  ғылым  салаларының  ұштасқан  қызметі  аңғарылады. 
Мұның  өзі  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінің  ғылым  ретінде  бірнеше  ғылым  салаларымен  тығыз 
байланыста,  бірнеше  ғылым  салаларының  тоғысында  тұрған,  пәнаралық  сипаты  басым  ғылым 
екендігін  көрсетеді.  Философия  бар  ғылымның  әдіснамалық  негізі  қызметін  атқаратыны  бұрыннан 
айтылып  келеді.  Қазіргі  заманда  да  бұл  қағиданың  өзектілігі  жоғары.  Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінің 
әдіснамалық  жүйесі  философияға  негізделеді.  Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі  оқушының  қазақ  тілі 
туралы  білімді  қабылдау,  есте  сақтау,  еске  түсіру  және  өзінің  өмір  тәжірибесінде  пайдалану,  ойлау 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
66 
 
қабілетінің даму үдерістерін  бақылау  мен  бағалауда  психология  ғылымының  қағидаларына  сүйенеді. 
Білім  беру  ісінде  оқушылардың  білуі,  тиісті  дағдылары  мен  біліктерінің  қалыптасуы,  білуге  деген 
ынталарының, талаптарының оянуы мәселелерін пайымдауда қазақ тілін оқыту әдістемесі психология 
ғылымының  заңдылықтарын  негізге  алады.  Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінің дидактикамен  байланысы 
ерекше  назар  аударуды  қажет  етеді.  Оқытудың  мақсаты,  оқытудың  мазмұны,  оқыту  үдерісі,  оқыту 
ұстанымдары және басқа осылар секілді ұғымдардың түп негізі дидактикадан шығады. Дидактиканың 
ұстанымдары  дегенде,  еске  оқытудың  ұстанымдары  келеді.  Дидактикада  оқу  пәндеріне  ортақ 
оқытудың  бірнеше  ұстанымдары  негізделген.  Олардың  құрамы  туралы  түрліше  пікірлер  бар. 
Солардың  ішінде  мына  ұстанымдарға  назар  аударған  дұрыс:  а)  ғылымилық;  ә)  жүйелілік;  б) 
жалғастылық; в) қолжетімділік; г) беріктілік; д) көрнекілік; е) теория мен практиканың байланыстылығы; 
ж)  оқытудың  жеке  тұлғаға  бағытталуы;  з)  оқушының  өздік  еркіндігі  [1,  б.91].  Бұл  ұстанымдар  оқу 
пәндерінің бәрінде, солардың ішінде қазақ тілін оқыту ісінде де жетекші, анықтаушы қызмет атқарады. 
Көрсетілген  ұстанымдар  оқытудың  тәрбиелік  мәні,  дамытушылық  мәні  сияқты  жалпыдидактикалық 
мақсаттарына қызмет етеді. 
Оқыту  әдістемесі  педагогика  ғылымының  бір  саласы  ретінде  жеке  тұлғаның  қалыптасуының 
белгілі  бір  қырларын  қарастыратыны  белгілі.  Оның  басқа  ғылым  салаларымен  байланысы  осыдан 
басталады.  Бұл  ретте  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінің  ғылым  ретінде  тіл  білімімен,  әдебиеттанумен, 
педагогикамен,  психологиямен  байланыстарының    тамыры  тереңде  және  барынша  анық  екендігі 
түсінікті.  Сонымен  бірге  бұл  пәннің  философиямен,  мәдениеттанумен,  әлеуметтанумен  тығыз 
байланысы бар. 
Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінің  қазақ  тіл  білімімен  байланысы  мына  салалар  бойынша  жүзеге 
асады: а) тіл білімінің ұғымдары, терминдері пайдаланылады; ә) қазақ тіл білімінің даму деңгейі қазақ 
тілін  пән  ретінде  оқытудың  мазмұнын  анықтайды;  б)  қазақ  тілін  оқытудың  әдістері,  түрлері, 
дидактикалық  құралдары  қазақ  тілі  пәнінің  мазмұнына  сәйкес  анықталыды;  қазақ  тілін  оқыту 
әдістемесінде жалқыдидактикалық ұстанымдар қолданылады.  
Бүгінгі  таңда  білім  беру үдерісіне  нақты  өзгерістер  енгізумен  қатар  жоғары  мектептерде  болып 
жатқан  тың  жаңартулар,  ауқымды  өзгерістер  мен  ғылыми  зерттеулер  білім  беру  қызметіне  жаңаша 
серпінмен  қарауды,  әрі  қол  жеткен  табыстарды  бағалай  отырып,  болашақ  мамандардың 
шығармашылық қабілетін дамытуды, оқытушы іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды көздейді. 
Осыған орай педагогтардың алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-
тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және  жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгеру.  Бұл  жөнінде 
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және 
жалпы  азаматтық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды 
қалыптастыруға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау;  оқытудың  жаңа 
технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық 
желілерге шығу» деп атап көрсетілген [1, б.90]. 
Педагогикалық  технология –  мұғалімнің  кәсіби  қызметін  жаңартушы  жаңа  және  сатыланып 
жоспарланған  нәтижеге  жетуге  мүмкіндік  беретін  іс-әрекеттер  жиынтығы.  Жоғары  мектептің  әр 
оқытушысы өз қызметінде қажетті өзгерістерді, түрлі тәжірибелер жөнінде мағлұматтарды, жаңа әдіс-
тәсілдерді  дер  кезінде  қабылдап,  тиімді  пайдалана  білуі,  әрі  үздіксіз  жетілдіріп  отыруы  және  жаңа 
педагогикалық технологияны меңгеруі [, б.26]. 
Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру  –  жаңа  инновациялық  әдістер  мен  оқыту  технологияларын 
қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- 
тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен  сапасын  жоғарлатуды  көздейді.Бүгінгі  күннің 
талабына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор. 
Заман  талабына  сай  білім  беру  оқушылардың  адамгершілік,  интеллектуалдық  дамуының 
жоғары  деңгейі  мен  білімін  қамтамасыз  етуге  бағытталған  оқытудың  үздіксіз  үрдісі  десек,  оның 
тиімділігі  мен  сапасын  арттыру  мұғалімнен  оқу  процесінің  ғылыми  теорияға  негізделген  және 
оқушының  қабілеті  мен  бейіміне  негізделген  оқытудың  таңдамалы  әдістеріне  көшуді  талап  етеді. 
Ондағы  негізгі  мақсат  оқушыға  сапалы  білім  беру  болып  табылады.  Бүгінгі  таңда  жас  ұрпаққа 
кезкелген пәнді ұғындырудың тиімді жолы – жаңа технология негіздері болып табылады. 
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнін  оқытуда  жаңа  технологияларды  пайдалану  мұғалім  үшін  қандай 
маңызды  болса,  оқушы  үшін  одан  да  маңызды.  Жаңа  технологиялар  оқушылардың  білім  сапасын 
арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізеді. 
Болашақ  мұғалімдерге пән  мазмұны  бойынша  сапалы,  терең  теориялық  білім  беру  жоғары  оқу 
орнының  және  оқытушы-профессорлар  құрамының  да  басты  міндеті  екендігінде  сөз  жоқ.  Пән 
мазмұнын  қазіргі  заман  сұраныстарын  қанағаттандыра  алатын  әдіскерлік  біліммен  ұштастыра  алған 
мұғалім  ғана  кәсіби  білікті  тұлға  бола  алмақ.  Сондықтан  кәсіби  білікті  тұлға  даярлауда  тіл  және 
әдебиет  теориясы  кафедрасының  оқытушы-профессорлық  құрамы  студенттерге  қазақ  тілі  мен 
әдебиеті  пәндерін  оқытудың  әдістемесін,  оқытудың  инновациялық  технологияларын,  пәндердің 
теориясын меңгертуде жемісті еңбек етіп келеді.  
Жалпы алғанда, қазақ тілін оқытудың бірнеше бағыттары бар:  

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
67 
 
а) ана тілі ретінде оқыту;  
ә) екінші тіл ретінде оқыту;  
б) шет тілі ретінде оқыту.  
Бұлардың әрқайсысының өзіне тән мазмұны, әдістемесі, құралдары болады.  
5В020500-Филология  мамандығының  түлектері  ана  тілі  ретінде  оқыту  және  екінші  тіл  ретінде 
оқыту бағыттары бойынша да кәсіби құзыреттіліктерді меңгереді. 
Қазақ тілі пәнінің мұғалімдерін даярлаудың мынадай құрамдас бірнеше саласы бар:  
а) қазақ тілі пәні бойынша жеткілікті теориялық білім; 
ә) қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориясы;  
б) қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесін іс жүзінде пайдалана білу дағдысы;  
в) қазақ тілін оқыту құзіреттілігі [1, б. 92].  
Бұл  құрамдас  салалар  бір-бірімен  өзара  тығыз  байланысты.  Бұлардың  бірі  жоқ  жерде 
басқалары  да  болмайды.  Мысалы,  егер  студент,  болашақ  мұғалім  қазақ  тілінің  теориясын  білмейтін 
болса,  онда  ол  қалған  салалар  бойынша  да  білімсіз  болып  қала  береді.  Ал  егерде  ол  қазақ  тілінің 
теориясын  білгенмен,  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінің  теориясын  білмейтін  болса,  онда  бұл  оның 
әдістемелік  ойлауының  қалыптаспағандығын  көрсетеді  (сабақ  өту,  тақырыпты  тиімді  өтудің 
әдістемесін  ойлап  табуы).  Ал  әдістемелік  ойлауы  қалыптаспаған  мұғалім  әдістемелік  ұғымдардан 
бейхабар  қалады.  Әдістемелік  ұғымдардан  бейхабар  адам  білім  алушыларға  сапалы  білім  бере 
алмайды.  Айналып  келгенде,  әдістемелік  ойлауы,  оқыту  әдістемесінен  тиісті  білімі  қалыптаспаған 
болашақ мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі де қалыптаспайды.  
Маман  өзінің  бойындағы  білімді  іс  жүзінде  пайдалануы,  пайдаға  жаратуы  үшін,  оған  арнайы 
құрал  керек  болады.  Ана  тілін  оқыту  әдістемесі  маманның  өз  бойындағы  білімді  іс  жүзінде 
пайдалануын, пайдаға жаратуын қамтамасыз ететін осы құрал қызметін атқарады. 
Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі  педагогикалық  ғылымдардың  саласына  жатады. Ол  оқушылардың 
дұрыс ойлау, дұрыс сөйлеу, бір-бірінің сөзін дұрыс түсіну, ауызша да, жазбаша да ойын дұрыс, жүйелі 
жеткізе білу қабілетін дамытып, қажетті дағдыларын, білігін, жеке тұлға ретінде дүниеге көзқарасының, 
дүниетанымының  негізін  қалыптастыру  жолдарын  қарастырады.  Бұлар  -  оқу  үдерісінің  құрамдас 
бөліктері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пәні - оқыту үдерісі. 
Оқыту әдістемесі оқу үдерісіндегі оқушы мен мұғалімнің әрекеттерін өзара үйлескен, бірлескен, 
біртұтас әрекет ретінде қарастырады. 
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мынадай бірнеше міндеттерін атауға болады:  
а) қазақ тілін ана тілі ретінде оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;  
ә)  оқытудың  мазмұнын  анықтау:  оқушыларға  арналған  оқу  бағдарламаларын,  оқу  кешендерін 
жасау, оқулықтар жазу;  
б) оқытудың әдістерін, тәсілдерін, дәріс үлгілерін, әдістемелерін,  құралдарын әзірлеу;  
в) оқушылардың білімін бақылау әдістері мен бағалау өлшемдерін анықтау.  
Атап  айтқанда,  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі  оқытудың  мақсаттары  мен  міндеттерін,  мазмұнын 
анықтайды, әдістерін жасайды, бақылау мен бағалау өлшемдерін қалыптастырады.  
Оқыту  әдістемесінің  жалпы  ұстанымдары  дидактикада  негізделетіні  түсінікті.  Қазақ  тілін 
оқытудың ұстанымдары жалпыдидактикалық ұстанымдарды негізге ала отырып, қазақ тілін оқытудың 
өзіне  тән  мақсаттары  мен  міндеттеріне  сай  анықталады.  Дидактика  ұстанымдары  жалпы  болғанда, 
қазақ тілін оқыту ұстанымдары жалқы ерекшеліктерімен сипатталады.  
Қазақ  тілін  орта  мектерте  оқытуда  мынадай  жалқыдидактикалық  ұстанымдар  басшылыққа 
алынады:  
а) оқытуда теориялық білімге сүйене отырып, практикалық бағытты ұстану;  
ә) қатынас құралы ретінде оқыту;  
б) сөйлеу әрекеті ретінде оқыту;  
в) тілдік деңгейлерді сипаттаудағы синхрондылық [2, б. 25].  
Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінің  даму  кезеңдеріне  байланысты  аталған  ұстанымдар  өзгеріп 
отырады.  Әр  кезең  оқытудың  жаңа  ұстанымдарын ұсынады. Жалқы дидактикалық  ұстанымдар  пәнді 
оқытудың құрамдас бөліктерін қамтып, басты бағытты белгілейді. 
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде бірнеше ғылым салаларымен тығыз байланыста, 
бірнеше ғылым салаларының тоғысында тұрған, пәнаралық сипаты басым ғылым екендігі айқын. Бұл 
ретте  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінің  ғылым  ретінде  тіл  білімімен,  әдебиеттанумен,  педагогикамен, 
психологиямен байланысты екендігін айтуымызға болады.  
Бүгінгі  таңда  білім  беру үдерісіне  нақты  өзгерістер  енгізумен  қатар  жоғары  мектептерде  болып 
жатқан  тың  жаңартулар,  ауқымды  өзгерістер  мен  ғылыми  зерттеулер  білім  беру  қызметіне  жаңаша 
серпінмен  қарауды,  әрі  қол  жеткен  табыстарды  бағалай  отырып,  болашақ  мамандардың 
шығармашылық  қабілетін  дамытуды,  оқытушы  іс-әрекетін  жаңаша  тұрғыда  ұйымдастыруды 
көздейтіндігін айтып өткен болатынбыз. 
Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі  педагогикалық  ғылымдардың  саласына  жатады. Ол  оқушылардың 
дұрыс ойлау, дұрыс сөйлеу, бір-бірінің сөзін дұрыс түсіну, ауызша да, жазбаша да ойын дұрыс, жүйелі 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
Каталог: files -> nauka
nauka -> Ә о ж 378: 34(574) Қазақстан республикасының
nauka -> Влияние солнечной радиации на продуктивность животных
nauka -> Организация противоэпидемиологических мероприятий в очагах
nauka -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
nauka -> Әож 619: 613. 287. 5 СҮТ Өнімдерінің антибиотиктермен ластануы
nauka -> Творчества в данной статье раскрыты основные вопросы о музыкальном наследии Абая Кунанбаева и рассмотрено их значение в учебно-воспитательном процессе
nauka -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
nauka -> Өскемен, 2016 Әож 94(574) (063)
nauka -> Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
nauka -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсыноватындағы


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет