Байтұрсынов оқулары халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары


ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



жүктеу 5.13 Mb.
Pdf просмотр
бет24/50
Дата28.12.2016
өлшемі5.13 Mb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
122 
 
мәселелерді  өз  бетімен  және  тиімді  шешуге,  тұлғаның  өзін-өзі  анықтауына,  өзін-өзі  тәрбиелеуіне 
мүмкіндік  беріп,  тәрбие  мен  ғылымды  біртұтас  бүтіндікте  тығыз  байланыстыра  алуы  тиіс.  Осыған 
сәйкес, жоғары оқу орнының негізгі көкейкесті мәселелерінің бірі – білім мен қатар тәрбие беру, яғни 
студент  жастарды  рухани-адамгершілік  қасиеттерін  дамыту,  жоғары  оқу  орнында  рухани- 
адамгершілік  мәдениеті  жоғары  деңгейдегі  білімгерлер  тәрбиелеу  болып  табылады.  Тәрбие  – 
қоғамдық  тәжірибені  білім,  практикалық  іскерлік  пен  дағды,  шығармашылық  іс-әрекет  тәсілдері, 
әлеуметтік  және  рухани  қарым-қатынас  меңгерудегі  тұлғаның  түрлі  іс-әрекетін  ұйымдастыру  және 
ынталандырудың  мақсатты,  саналы  түрде  жүргізілетін  педагогикалық  үрдіс.  Сондықтан,  тәрбие 
заңдылықтары  оның  сипаты  мен  әдістемелік  негіздері  тәрбиелік  қызметінің  өзінде  ғана  көрінбей, 
әлеуметтік  тұлға  сипатына  ие  адамның  даму  және  қалыптасу  заңдылықтарына  негізделеді.  Тек  өз 
қызметінің  күшімен,  шығармашылық  ұмтылысымен  ғана  адам  қоғамдық  тәжірибені  және  оның 
құрылымдық  бірліктерін  игеруі  мүмкін.  Адамзат  қоғамының  тарихи  даму  тәжірибесіне  көз  жүгіртсек, 
«рухани-адамгершілік»  тәрбиесінің  мәні  үнемі  жаңа  адам  тәрбиелеу  міндеттерін  көздегені  белгілі. 
Жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу әр кезеңде де маңызды мәселе саналып, педагогиканың 
тарихы  мен  теориясында  әр  қырынан  зерттелген.  Қай  заманда  болмасын  адамзат  баласы  рухани-
адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалаған. Бүгінгі таңда да бұл мәселе біздің қоғамымызда алдыңғы 
қатарда.  Мемлекет  басшысы  жаһандану  үрдісінде  жастар  саясатына  ерекше  көңіл  бөліп,  ХХІ  ғасыр 
жаңару кезеңі, жастар қоғамды, экономиканы дамытушы, қозғаушы күш деп айтқан болатын. 
Тарихпен дәлелденгендей, жастар кез-келген мемлекеттің болашағы болғандықтан, жастардың 
ұлттық  тұлғалық  құндылығын,  рухани-адамгершілік  қасиеттерін,  құзыреттілігін  дамытуға  баса  назар 
аудару  қажеттілігі  туындауда.  Рухани-адамгершілік  тәрбие  адамға  туа  біткен  қасиет  емес.  Ол 
адамның  ішкі  дүниесінде  қалыптасатын  ішкі  еркінің  сезімі.  Осы  негіздерге  сүйене  отырып,  рухани-
адамгершілік  тәрбие  –  тұлғаның бойында  мінез  құлықтың  белгілі  бір  сипаттарын  қалыптастыру  және 
олардың  өздерінің  де  бір-біріне,  отбасына,  басқа  адамдарға,  мемлекетке,  Отанға  деген  қатынасын 
анықтайтын  мінез  нормалары  мен  ережелерін  дарыту  деуге  болады.  Жастарды  рухани-
адамгершілікке тәрбиелеудің міндеттері: Отанға және оның мұраттарына, еңбек іс-әрекеттеріне және 
адамдарға  қатысты  жоғары  адамгершілік  сезімдерді  тәрбиелеу,  өзінің  өмірдегі  орнын,  атқаратын 
міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну 
және өзін-өзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіру. Сонымен қатар бәсекеге қабілетті, елін сүйетін ұлтжанды 
азамат, ақпараттық мәдениеті жоғары дамыған шығармашыл құзыретті, эстетикалық сезімі кең, жаны 
нәзік,  сұлу,  салауатты,  өзін-өзі,  басқаны  да  өрге  сүйрейтін  қайратты,  рухы  таза,  ертеңгі  ата-ана, 
тәрбиеші, өз елінің, басқа да елдердің салт-дәстүрін, өнерін құрметтейтін толерантты тұлға дайындау. 
Зерттеуші  ғалым  Ә.Табылдиев  «Ұлттық  тәрбие  иірімдері»  атты  еңбегінде  жастарға  адам  гершілік, 
имандылық тәлімдерін дарытудың төмендегідей жолдарын көрсеткен: 
адамгершілік қасиеттерді жеке тұлғаға үйретіп, оны орындауын талап ету; 
әдептілік негіздерін тәрбиеленушіге үйретіп, оны орындау жолдарын көрсету; 
имандылық  дәстүрін  (болашаққа  өмір  заңдылықтарына  сену,  адал,  әділетті,  шыншыл  болу, 
үлкен-кішімен  сыйласу,  кісілік  жасау,  т.б.)  тәрбиеленушіге  жан-жақты  ұғындырып,  оны  өмір 
қолданысынан талап ету; 
визуальдық,  аудиовизуальдық  (картина,  кинофильм,  радио,  театр)  тәрбие  тәсілдерін 
ұйымдастыру арқылы тұлғаның адамгершілік қабілетін қалыптастыру, т.б.[6]. 
Олай  болса  жастардың  бойына  рухани-  адамгершілік  қасиеттерді  сіңіру  –  жоғары  мектеп 
педагогтарының  басты  міндеті.  Студенттерді  оқу  үдерісінде  тәрбиелеудің  өзіндік  ерекшеліктері  бар, 
күрделі үрдіс. Бұл үрдіс оқу уақытында екі жолмен іске асады: 
- өзара қарым-қатынас кезінде рухани- адамгершілік тәжірибе жинау; 
-  әлеуметтік-ізгіліктік  циклдегі  пәндер  мазмұны  (этика,  эстетика,  мәдениеттану,  т.б.)  рухани 
сезіну және меңгеру арқылы. 
Білім  алушыларды  тәрбиелеуге  педагог  тұлғасының  рөлін  бағалау  қиын.  Педагогтің  әсер  ету 
қасиеттері:  кішіпейілділік,  ұқыптылық,  сөйлеу  мәдениеті,  талапетушілігі,  жауапкершілігі,  бағалауда 
әділ  болуы,  парасаттылығы,т.б.  жатады. Оқу  үрдісіндегі  тәрбие  міндетін іске  асырудағы  қиындықтың 
бірі  топтағы  студенттердің  рухани-адамгершілік  түсініктерінің  әр  түрлі  болуында  және  де  тәрбие 
күрделі үрдіс болғандықтан, бір дәріс, бір семинар барысында студентті адалдыққа, қайырымдылыққа, 
батылдыққа,  шындыққа  тәрбиелеу  мүмкін  емес.  Алайда,  студенттің  бойына  рухани-адамгершілік 
құнды  қасиеттерді  сіңіріп,  өз-өзіне  сенімділікті  тәрбиелеуде  толық  мәнді  педагогтар  шешуші  рөл 
атқарады.  Осыған  орай  оқытушы-педагог  қазіргі  жастарды    рухани-адамгершілікке  тәрбиелеуде 
өзгеріп жатқан өмір жағдайларына бейімделту, әлеуметтік-саяси жағдайда, өз көзқарасы мен сеніміне, 
идеалына және ізгіліктік құндылықтарға сүйене отырып мақсат қойғызу, ұлттық санасы, отансүйгіштік 
қасиеттері  болып,  елінің  экономикалық  дамыған,  әлемдік  қоғамда  өзіндік  орны  бар  зиялы  мемлекет 
болып  қалыптасуына  қатысуға  талпынтып,  заңды  сыйлап,  қоғам  алдында  әлеуметтік  жауапкершілігі 
қалыптасқан,азамматық  ерлігі,  ішкі  еркіндігі  мен  өзіндік  ар-намысы  бар  жастарды  қалыптастыруы 
қажет.  Сонымен  қатар  студент  жастардың  тұлғааралық  қатынасын  дамыту,  яғни  өз  құрбы-
құрдастарымен,  отбасы  мүшелерімен,  ұстаздарымен  дұрыс  қарым-қатынас  жасай  білуі,  ол  үшін  өзге 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
123 
 
адамдарды  түсінуі,  қабылдауы,  әр  адамның  құндылығын  және  даралық  ерекшелігін  жасына, 
жынысына, ұлтына қара мастан саналы түрде түсіне білуі және өзіне сырт көзбен қарап, өзінің көңіл-
күйін,  атқарған  іс-әрекетінің  себебін  түсініп,  істеген  ісінің  нәтижесіне  өзіндік  баға  беруі  –  тәрбиедегі 
басты  мәселе  болып  саналады.  Осыған  байланысты  бүгінгі  студент  жастардың  бойынан  мынадай 
қасиеттер табылуы тиіс: 
- әділеттілік, ар-ұят, адалдық, мейірімділік, кішіпейілділік, батырлық, қайсарлық; 
- өтірік пен арамдықты қабылдамау; 
- басқа адамдармен қарым-қатынас, оларды құрметтеу, сыйлау; 
- белсенді болу, өз күшіне, жетістікке сену. 
Қорыта  келе,  біздің  мемлекетіміздің  болашағы,  еліміздің  ертеңі  –  қазіргі  Қазақстан  жастары 
болып  табылады.  Осы  жастардың  бойында  рухани-адамгершілік  қасиеттерінің  қалыптасуы  қоғам 
игілігі  үшін  маңызды.  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  болашақ  ұрпағымызды  тәрбиелегенде  имандылық 
пен салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана ұлттық рухы дамыған Отанының гүлденуіне өз 
үлесін  қоса  алатын  жастарды  өсіре  алатындығымызды  айтады.  Жастардың  рухани-адамгершілік 
тәрбиесіне жауап беретін негізгі тұлға – оқытушылар болғандықтан, жоғары оқу орындарында рухани-
адамгершілік тәрбие беру үрдісі кең көлемде жүргізілуі тиіс. 
 
Әдебиеттер: 
1.  «Қазақстан  Республикасының  Конституциясы»,  Конституция  1995  жылы  30  тамызда 
республикалық референдумда қабылданды, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 
ж., № 4, 217-құжат. 
2.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы.  8,10-баптары,  //«Егемен  Қазақстан», 
11.06.1999 ж. 
3.  Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030».Астана, 1998. − 128 б. 
4.  «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту– Қазақстан дамуының басты бағыты». ҰлтКөшбасшысы 
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанхалқына Жолдауы. – Астана, 2012. – 44 б. 
5.  Қазақстан Республикасының 2015 жылғадейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, 
6.  Білім-Образование, − №1, 2004ж. 
7.  Табылдиев Ә. Ұлттық тәрбие иірімдері. – Алматы.: 2001. – 179 б. 
 
 
 
ӘОЖ: 297:94/94 
 
ҚОҒАМДЫ РУХАНИ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ИСЛАМНЫҢ РӨЛІ 
 
Қайыржанов Қ.Б. - Қазақстан инновациялық және телекомуникациялық жүйелер университет  
қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы 
 
Қазіргі  қоғамның  қандай  саласы  болмасын  тәрбие  өзінің  маңыздылығын  жоймайтыны 
бәрімізге аян.Мақалада адамның жеке бас тәрбиесінен бастап, қоғам алдындағы, Құдай алдындағы 
тәжрибесіне  дейін  барлық  деңгейде,  барлық  салада  тәрбие  түсінігі  және  қоғамды  рухани 
тәрбиелеудегі исламның рөлі баяндалған. 
 
Әрбір  мәнсапқа  ие  адамның  әділ,  шыншыл,  ісіне  берік,  іскер  болуын  бұйырады.  Бұлардың 
барлығы бір Алланың әміріне және сауапты амалдар қатарына жатады, өйткені Құран Кәрімде былай 
делінеді: «Олар жер жүзінде бұзықтыққа тырысады, Алла бұзақыларды жақсы көрмейді». Бұл аяттың 
мағынасына  қарағанда  тәрбиенің  мақсаты  қоғамдағы  тыныштықты  орнату,  тыныштықты  бұзатын 
қылықтардың барлығы дұрыс тәрбиенің қатарына жатпайтындығы анық байқалады. Сол себептен бір 
адам  екінші  бір  адамды  әдейілеп  өлтірсе,  барлық  адамдарды  өлтіргендей  болады  делінеді. 
Сондықтан  адам  өлтіретіндей  төмен  дәрежеге  түскен  адамды  істеген  ісінің  жазасы  ретінде  өлтіру 
керек  деп  бұйырылады.  Сонымен  бірге  жанұя  мемлекеттің  тірегі  болғандықтан  жанұядағы  үйлену, 
ажырасу, мирас, әке-шешеге құрмет ету сияқты мәселелердің барлығында адамның тәлім-тәрбиесінің 
маңыздылығын  қолға  алады.  Әке-шешеге  құрмет  ету  жайында  Құранда  былай  делінеді:  «Раббың 
өзіне  ғана  ғибадат  етулеріңді,  әке-шешеге  жақсылық  жасауды  әмір  етті.  Ал  егер  екеуінің  бірі  немесе 
екеуі де қастарыңда қартаятын болса - оларға «түһ» деме (кейіс білдірме), сондай-ақ ол екеуіне зекіме 
де,  ол  екеуіне  сыпайы  сөйле».  Бұл  исламның  негізгі  өзегі  болып  табылатын  Құран  мен  пайғамбар 
сөздерінде  қарастырылған  тәрбие  түсінігі,  мұсылманшылық  дүниетанымдағы  тәрбиеге  қаншалықты 
көңіл бөлгендігіне нақты мысал бола алады. 
Шығыс  қоғамында  дінді  моральдық  құндылықтармен  астастырудың  нәтижесінде  адам  тек 
материалдық  емес,  сонымен  қатар  рухани  болмысқа  ие  болып  табылады.  Рухани  құндылықсыз  ішкі 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
124 
 
үйлесімділікке  қол  жеткізу  және  оны  сақтап  қалу  қиын  болмақ.  Адамның  жан  дүниесін,  руханиятын 
және  табиғи  қабілетін дамыту  және  оны  бақылауға  шығыс  түсінігінде  ерекше  мән  беріледі.  Адамның 
және қоғамның іс-әрекеттеріне баса назар аударған шығыс дүниетанымында жүйелі өмір сүру түсінігі 
басымдық  танытады.  Адамға  оның  тәрбиесі,  адамгершілігіне,  имандылығына  қарай  құрмет  көрсету, 
бағалау  біздің  шығыстық  қоғамның  тұрақты  қағидасы. Сондықтан  да  шығыстық  түсініктегі  тәрбие 
ұғымының  ел  болашағына  бағыт-бағдар  берудегі  маңыздылығы  өте  жоғары.  Әсіресе,  мұсылмандық 
түсінікте жас ұрпаққа ана құрсағында жатқаннан бастап тәрбие беруге баса назар аударылады. Ислам 
дінінде  бұл  тәрбие  жүйесі  өте  сапалы  дәрежеде  құрылған  және  өзіндік  түсініктерімен  ерекшеленеді. 
Тәрбиесіз  берілген  білімнің  қоғамға  оң  ықпал  етпейтіндігін  әл-Фараби:  «Тәрбиесіз  берілген  білім 
адамзаттың  қас  жауы  және  қоғамға  опат  әкеледі»  деп  тұжырымдаса,  Шәкәрім  Құдайбердіұлы 
«тәрбиесіз  адамға  берілген  білім  оққа  айналады,  яғни  адамзат  үшін  қатер  тудырады»  деген  байлам 
жасаған. Шынайы ислам діні білімге, ақылға, жақсы ниетке, қоғамдық-әлеуметтік әділеттікке, сонымен 
қатар адамдардың құқығы мен құрметіне ерекше көңіл бөлген. Діни түсінікте адамның мінез-құлқының 
қалыптасуында  тектіліктің  орны  жоққа  шығарылмайды,  дегенмен  адамның  айналасындағы  қоршаған 
ортаның ықпалына ерекше назар аударылады. Осы жайында Құранда былай делінеді: «Шындығында 
Алла  елшісінде  (пайғамбар)  сендер  үшін  бір  үлгі  бар». Ал  Мұхаммед  пайғамбар,  тіпті  дұрыс  жолдас 
таңдаудың  да  тәрбиеге  ықпал  ететіндігін  мәлімдейді:  «Жақсы  жолдас  пен  жаман  жолдас  мысалы, 
қолында  иіс  суы  бар  адам  мен  көрік  үрлеуші  адам  сияқты.  Иіс  суы  бар  адам  саған  оны  сыйлайды 
немесе  одан  сатып  аласың  немесе  оның  хош  иісін  сезесің.  Ал  көрік  үрлеуші  (темір  ұстасы)  сенің 
киіміңді  күйдіруі  мүмкін  немесе  одан  жағымсыз  иіс  сезесің»  дей  отырып,  жақсы  адаммен  жолдас 
болудың  тәрбиелік  мәнін  ашып  көрсетеді.  Құран  аятында  да:  «Шын  мәнінде  мүміндер  (бір-біріне) 
туыс-бауыр.  Сондықтан  екі  туыстың  арасын  жарастырыңдар  және  Алладан  қорқыңдар.  Мүмкін, 
игілікке бөленерсіңдер» - делінеді. 
Қорыта  айтқанда,  осы  айтылған  мәселелер,  қазіргі  кездегі  қоғамдағы  рухани  тәрбиені 
қалыптастыруда  ерекше  рөл  атқарып,  азаматтардың  тұлғалығын  шыңдайтын  негізгі  құндылықтар 
болып  саналады.  Осы  құндылықтар  негізінде  қалыптасқан  ерекшеліктер  азаматтардың  өмірлік 
бағдарын анықтайтындығы белгілі. 
Лаңкестікпен  күресу  жолдары  (Еуропа  елдерінің  мысалы) Қазақстан  -  қоғамның  діни  өмірі 
мемлекеттіліктің  негізі  мен  отандық  мәдениетті  қалыптастырумен  үздіксіз  бірлікте  дамып  жатқан 
мемлекеттер  қатарына  жатады.  Сондықтан  бүгінде  еліміздің  даму  үрдісіндегі  діни  факторлардың 
мәнділігін  бағаламау  ұлтаралық  және  дінаралық  дау-жанжалға  ұласатын  әлеуметтік  шиеленістің 
шығуына,  сонымен  қатар  мемлекет  пен  діни  бірлестіктердің  арасындағы  қатынаста  даулы 
жағдайлардың  пайда  болуына  алып  келуі  мүмкін.  ҚР  конституциясының  1-бабында  «Қазақстан 
республикасы  өзін  демократиялық,  зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтік  мемлекет  ретінде 
орнықтырады,  оның  құндылығы  -  адам  мен  адам  өмірі,  құқықтары  мен  бостандықтары»  деп 
көрсетілген. Қазақстанда  діни  танымға  деген  ықылас  артқан  сайын,  талғам  шетте  қалып,  түрлі 
ағымдардың  жетегінде  кете  барған  қазақ  жастарының  болашағы  біртіндеп  бұлыңғырланып  барады. 
Сырттан  келген  діни  миссионерлер  мемлекетіміздің  діни  сенім  бостандығы  құқығын,  адамдардың  өз 
еркіне  беріп  қойғанын  сезінгендіктен  өз  насихаттарын  еркін  күшейте  түсті.  Бұл  кезекте,  қазіргі  таңда 
Қазақстанда  діни  экстремизм  және  терроризмнің  таралу  қаупі  үлкен  мәселе  болып  тұр.  Оның  бір 
салдары  миссионерлер  арнайы  психологиялық  дайындықтан  өткен,  шетелдік  мамандар  деуге 
болады.  Олар  қоғамнан  шеттеп  қалған,  яғни  экономикалық  жағдайы  өте  төмен,  сонымен  қатар 
жұмыссыз  жүрген  өзіндік  қызығушылықтан  жұрдай,  көзінде  мазмұн  жоқ  адамдарды  таңдай  отырып, 
өздерінің «киелі» сөздерінің құлына айналдыруда.  
Лаңкестіктің алдын алу шаралары Еуропа елдері теріс ағымдағы діни бірлестіктердің арасынан 
шығатындықтан оған үлкен мән берген. 12.02.1996 жылы толық Еуропалық парламент шешіміне сай, 
«Еуропада  секталар  туралы  жарғы»  үкімет  әрбір  елдің  мүшелері  «діни  ұйымдар  автоматты  түрде 
мәртебесінде  секта  туралы  мәселе  қозғалғанда,  заңсыз  немесе  қылмыстық  әрекеттер  байқалған 
жағдайда,  оларға  құқықтық  қорғау  және  салықтық жеңілдіктер  кепілдігін діни  бірлестік мәртебелігінен 
алып тастайды». 
Бірнеше  террорлық  әрекет  байқалған  Қазақстан  аумағында  діни  экстремизм  тақырыбын 
талқылаудың  жаңа  сипат  алғаны,  оны  барынша  ауқымды  қарастыруды  қажет  етеді.  Елдегі  діни 
ахуалды  90-шы,  тіпті  2000  жылдардағы  жағдаймен  салыстыруға  келмейді. Өйткені  15  жылдан  астам 
уақыт  ішінде  уаххабилік  доктринаны  қазақ  қоғамына  ендірушілер  айтарлықтай  тәжірибе  жинады. 
Сондықтан  жекелей  аймақтардағы  діни  ахуалды  бөлек-бөлек  зерттеу  қажеттілігі  туып  отыр. 
Қазақстанның  батыс  аймағындағы  діни  экстремистік  лаңкестік  мәселесі  өз  алдына  бөлек  күрделі 
тақырып.  Себебі  тұтас  батыс  аймақ:  Атырау,  Ақтөбе,  Батыс  Қазақстан,  Маңғыстау  облыстарының 
жергілікті  басқарушы  билік  органдары  аталған  тақырыппен  бетпе-бет  кездесті.  Яғни  мәселе  қоғам 
бетіне шығып, алаң күйде тұр. Маңғыстау уаххабилік доктринаны сынап көретін жаңа сынақ алаңына 
айналғандай. Ал осы келеңсіз оқиғалардың бір ошағына айналдырған жоғарыда Батыс Қазақстан облысы 
аумағындағы 
кейбір 
мәліметтерді 
саралап, 
қауіпті 
деген 
деректерді 
келтіре 
кеттік.  
Дінаралық диалогты орнатуда ислам әлемінің белсенділігі 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
125 
 
Қазіргі  таңда  дінаралық  диалог  әлемдегі  маңызды  тақырыптың  бірі  болып  табылады.  Бұл  салада 
көптеген  мемлекеттер,  соның  ішінде  Ислам  әлемінің  белсенділігі  аса  мол.  Бұл  белсенділік  арқылы, 
біріншіден, соңғы жылдарда кең жайылған, әсіресе, 2001 жылғы 11 қыркүйектегі қайғылы уақиғадан кейін 
күшейе  түскен  «исламафобияға»  қарсы  тұруда.  Мұсылмандарға  деген  шабуыл  БАҚ  көздерінде  жарық 
көрумен қатар, мұсылман топтарын жаппай кемсіту жағдайлары да белең алған еді. Ал екіншіден, Ислам 
дінін жамылып, өздерінің жеке мүдделерін қорғайтын түрліше экстремистік топтардың тек Ислам діні емес, 
жалпы адам баласы қолдамайтын әрекеттеріне қарсы тұруға бағытталған еді.  
Осы  салада  еңбек  етіп  жүрген  Ислам  әлеміндегі  әрбір  елдің  іс-шараларына  жеке-жеке  тоқталу  да 
артықшылық болмайды. Бірінші кезекте  өзіміздің ата-бабамыздан мұра  болып қалып жатқан туған еліміз 
Қазақстаннан бастағанымыз дұрыс болар.  Қазақстан зайырлы мемлекет болғанымен, Ислам әлемінің ірі 
бір  бөлігі.  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  дұрыс  жүргізген  саясаты  арқасында  Ислам  әлемінің  белсенді 
елдерінің біріне айналды. Оған Қазақстан Республикасының осы жылы Ислам Конференциясы Ұйымына 
төрағалығы дәлел.  
Еліміздің  осы  ұйымға  төрағалығы  кездейсоқ  немесе  сәттіліктің  есебінен  келген  жоқ.  Ислам  әлемі 
еліміздің  жемісті  жүргізіп  жатқан  еңбектерін  жоғары  бағалап,  үлкен  үміт  арта  отыра  төрағалықты  берді. 
Қазақстанның  ереңсіз  еңбегінің  қатарына  экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  жетістіктерінен  басқа, 
диалог  негізіндегі  дінаралық  татулықты  орнатудағы  жетістіктерін  ерекше  атап  өтуге  болады.  Қазақстан 
дінаралық татулықты  өз елі ішінде сақтап қана қоймай, әлемдік дінаралық диалог алаңына айнала білді. 
Осы  орайда  еліміздің  елордасы  Астанада  әр  үш  жыл  сайын  өтіп  жатқан  Әлемдік  және  дәстүрлі  дін 
көшбасшылары съездерін ерекше атап өтуге болады. 
Осы  уақытқа  дейін  2003,  2006,  2009,  2012,  2015  жылдары  бес  съезд  өтті.  Осы  съездерде 
Елбасымыздың  жасаған  бастамаларымен  2006  жылы  Бейбітшілік  және  келісім  сарайы,  сол  сарайдың 
ішінде  2008  жылы  Мәдениеттер  мен  діндердің халықаралық  орталығы,  ал  2010  жылы  Ислам  мәдениеті 
мен білімін қолдау қоры ашылды. Аталған сарайда дінаралық диалогқа бағытталған көптеген іс-шаралар 
өткізіліп,  Орталық  болса  сол  іс-шараларды  өткізуге,  соның  ішінде  аталған  съездерді  өткізуге  белсенді 
атсалысуда.  Ислам  мәдениеті  мен  білімін  қолдау  қоры  болса  Ислам  дініне  катысты  көптеген  фильмдер 
түсіріп, кітаптар басып, өзге де әлеуметтік жұмыстармен белсенді айналысуда.             
Ислам  әлемі  мен  мұсылман  ғұламалары  осы  бастамалардың  негізін  Ислам  дінінің  өзінен  тапқан. 
Құран  Кәрімде  бұл  жайлы:  «Адамдарға  куә  болуларың,  ал  пайғамбардың  сендерге  куә  болуы  үшін  біз 
сендерді  орта  жолдағы  үммет  қылдық»  (Бақара  143),  «Аллаһ  сендерге  жеңілдік  қалайды,  ауырлық 
қаламайды»  (Бақара,  185),  «Сендерге  дінде  қиындық  қылған  емес»  (Хаж,  78)  деп,  Ислам  діні  барлық 
нәрседе  орта  жолды  ұстанып,  сол  арқылы  өмірді  жеңіл  етуге  шақыруда. Сонымен  қатар 
Пайғамбарымыздың,  Аллаһтың  оған  салауаты  мен  сәлемі  болсын,  хадистері  де  соған  шақырады. 
Мысалы,  «Дін  -  оңай,  кім  де  кім  оны  қиындатса  -  дін  оны  жеңеді»,  «Шын  мәнінде,  бұл  дін  жеңіл... 
жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар» сияқты хадистер де өте көп.  
Өзара  түсіністік  пен  дінаралық  диалогты  Пайғамбарымыз,  Аллаһтың  оған  салауаты  мен  сәлемі 
болсын, өзінің ісімен де бізге өнеге көрсетіп кеткен. Меккеде мұсылмандар көп зардап шеге бастаған кезде 
Пайғамбарымыз, Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын, бір топ сахабаларын: «Нәжәши патшасына 
барыңдар, ол - әділетті патша» деп, Эфиопия патшасына пана іздетіп жіберген. Әз пайғамбарымыз  осы 
дүниеден  өткенше  дін  ерекшелігіне  қарамастан,  барлығымен  жақсы  сыйластықта  өтіп,  сондай 
сыйластықты  сахабаларына  өсиет  етті.  Тіпті  мұсылмандар  ішінде  іріткі  салып  жүрген  «мұнафиқтерді» 
(іріткі  салушы,  екі  жүзді,  сырты  мұсылман  ал  іші  мұсылман  емес)  де  өлтіруге  тыйым  салған.  Олар 
мұсылмандар  ішінде  бүлік  шығарып,  мұсылмандарды  өзара,  мұсылмандарды  мұсылман  еместермен 
қарсы  қою  үшін  қандай  опасыздыққа  барса  да,  олардың  бүлігімен  ғана  күрес  жүргізіп,  жаза  қолданған 
жағдайда, тек істеріне лайықты ғана жаза қолданды. 
Кейінгі Үмәуиттер мен Аббаситтер халифаты, одан кейінгі Осман халифаты да өзге елдермен жақсы 
қарым-қатынас  орнатып,  өзара  ынтымақтастықты  дамытқан.  Араб  халқының  бір  бөлігі  ғасырлар  бойы 
христиан дінін ұстанып, аман-есен өмір сүріп жатқанының өзі Ислам дінінің өзге діндерге деген құрметінің 
белгісі емес пе?!  
Осынша  уақытта  қаншама  билік  басына  келген  патшалар  болса  да,  олардың  барлығы да  өзге  дін 
өкілдерінің  амандығын  сақтаған.  Олардың  құқықтарын  мұсылман  ғалымдары  әрқашан  да  қорғап  келген. 
Соңғы уақытта білімдісымақ іріткі салушылар өздерінің опасыздық істерін Ислам атымен ақтағысы келеді. 
Ол істері «Ислам», яғни «Бейбітшілік» атына қаншалықты сай келеді?! Діннің осындай қатал үкімдерін әз 
пайғамбарымыз Мұхаммед, Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын, қалайша білмей қалған?! Сонда 
олар  өздерін  пайғамбардан  артық  көргені  ме?!  Осыншама  елдер  мен  осыншама  ғалымдар  дінаралық 
диалогты  қателесіп  қолдап  жүргені  ме?!  Әр  адам  ойланып,  ақиқатқа  өз  бетінше  жеткенде  ғана  ақиқат 
екенін мойындайды. Сондықтан да шешімді әркім өзі тапсын. 
 
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет