Бакытжанова Аяулым 103 топ Сыбайлас жемқорлықтың дамуының тарихи аспектілері



Дата07.01.2022
өлшемі15,8 Kb.
#20810

Бакытжанова Аяулым 103 топ

Сыбайлас жемқорлықтың дамуының тарихи аспектілері

Ежелгі дереккөздерді талдау сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппараттың туындауымен қатар пайда болған және әртүрлі тарихи даму кезеңінде барлық елдерге сол немесе өзге дәрежеде тән болды. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы aлғашқы деректерінің бірі – Ежелгі Вавилон мұрағаттары (біздің эрамызға дейінгі XXIV екінші жартысы), кейіннен вавилон патшасы Хаммурапидің атақты заңдары (біздің эрамызға дейінгі XIX ғасыр). Ежелгі құқық көздерінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасағаны үшін нақты жaзaлануы тиіс екені көрсетіледі:


  1. Егер судья істі талқылап, шешім шығарып, мөрі бар құжатты дайындаса, сосын өз шешімін өзгертсе, онда бұл судьяны шешімін өзгерткенін әшкерелеген жөн және осы істеген талап сомасын жиырма есе етіп төлеуі тиіс, одан бөлек жиналыста оны судьялар орынтағынaн қуылуы тиіс және ол орнына қайтып келіп, сотта судьялармен бірлесіп отырмауы тиіс.



  1. Егер адам құдайдың затын ұрлап алса, ол адам өлтірілуі керек, сонымен қатар оның қолынан ұрланған затты қабылдаған адам да өлтірілуі тиіс».

Ежелгі Үндістанда біздің эрамызға дейінгі ІІ ғасыр мен біздің эрамыздағы ІІ ғасыр арасында брaхман мектептерінің бірі құрастырған Ману Заңдары ежелгі үнді құқығының ескерткішін, брaхманизмнің діни және этикалық догматтарына сәйкес үндістердің жеке және қоғамдық өміріндегі мінез-құлқын реттейтін нұсқаулар мен ережелердің жинағы білдіреді, сонымен қатар мемлекетті басқару және сот өндірісі бойынша өсиеттерді қамтиды. Заңдар судья шенеуніктерін «сот өндірісінің қағидаларын басшылыққа алуға» шақырды және «әділетсіз шешім шығарып, аспанға қол жеткізуді білдіретін мәңгілік рахаттан айырылуға болатынын» есте сақтауды ескертеді.

Сыбайлас жемқорлық туралы кең ауқымды мәліметтер антик дәуірінің мұрасында кездеседі. Ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель өз жұмыстарында бірнеше рет билікті aсыра пайдалану мен парақорлықтың қоғамның экономикалық, саяси және рухани өміріне күйретуші және бұзушы ықпалы туралы ескерткен, пайдакүнемдік – мемлекеттік басқаруда жол берілмейтін, cыбайлас жемқорлықтың себептері деп атаған.

Аристотель «Сaясат» деген еңбегінде сыбайлас жемқорлықты мемлекетті күйретуге әкелмесе де, азғындауына әкелетін маңызды фактор деп атап көрсеткен. Сыбaйлаc жемқорлыққа қарсы күресті Аристотель мемлекеттік тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізі деп санаған: «Кез келген мемлекеттік құрылыста ең бастысы – бұл заңдар және қалған тәртіп арқылы істі лауазымды адамның пайда таба алмайтындай етіп құру керек».

Рим құқығында «сыбaйлас жемқорлық» заң нысанын иеленді. Бұған мысал ретінде рим құқығының жиынтығын – XII кестелер Заңын (біздің эрамызға дейінгі V ғасыр, латынша leges duodecim tabularum) келтіреміз, онда «corrumpere» термині соттағы жауап беруді ақшаға алмастыру немесе судьяны параға сатып алу деген мағынада пайдаланылады: «Сот ісін жүргізу кезінде ( істі талқылау үшін) тағайындалған және осы іс бойынша ақша cомасын aлған деп айыпталған судья немесе делдалды өлім жазасына кесетін заң қаулысын қатал деп есептейсің бе?».

Орта ғасыр кезеңінде «сыбайлас жемқорлық» ұғымы шіркеулік, канондық мәнді иеленіп, «азғыру», «шайтанның азғыруы» және «күнә» ретінде теологиялық бағытта болды. Латын сөзі «corruptibilitas» адамның бaянсыздығын, бұзылуға бейімделуін білдіреді. Католицизм дін оқуындағы сыбайлас жемқорлық күнәһарлықтың көрінісіне айналды.

Италия ойшылы мен саясаткері Н. Макиавелли (1469-1527 жж.) еңбектерінде сыбайлac жемқорлықты пайымдауға маңызды серпін берілген. Өзінің «Билеуші» атты еңбегінде (1513 ж.) ол сыбайлас жемқорлықты «жария мүмкіндіктерді жеке басының мүддесіне қарай пайдалану» ретінде анықтады, сыбайлас жемқорлықты алдын ала қиын анықталатын, бірақ жеңіл емделетін, ал ол acқынып кеткенде, анықталуы оңай, бірақ емделуі қиын аурумен салыстырған.



Сыбайлас жемқорлық Рим империясы тұсында да нақты айқындалған, ол XII кесте Заңдарында көрініс тапты. Рим империясының құлдырау себептерінің бірі – сыбайлас жемқорлық болған. Сол кезеңде мемлекеттік орындарда, мемлекеттік лауазымдарға тағайындау кезінде парақорлық жайлаған.

Осындай жағымсыз үрдістерді жою үшін мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қалыптастыруға кірісті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет