«Верден бөлінісі кезіндегі мемлекеттер ІХ-ХІ ғасырларда (Франция, Германия, Италия). Шіркеулік саясат»



бет1/3
Дата14.10.2023
өлшемі291,48 Kb.
#114094
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Абай атындағы қазақ ұлттық педогогикалық университеті
Тарих және құқық институты


СӨЖ-2
Тақырыбы: «Верден бөлінісі кезіндегі мемлекеттер ІХ-ХІ ғасырларда (Франция, Германия, Италия). Шіркеулік саясат».

Дайындаған: Оразбекова Динара


Қабылдаған: т.ғ.к. Жумагулов Б.С
Тобы: 6В01601-тарих

Алматы 2022 жыл
Жоспар

  1. Кіріспе

Верден бөлінісі кезіндегі мемлекеттер

  1. Негізгі бөлім

ІХ-ХІ ғасырлардағы Франция, Германия, Италия
Шіркеулік саясат

  1. Қорытынды



  1. Қолданылған әдебиеттер тізімі



Верден бөлінісі кезіндегі мемлекеттер
486 жылы франктер Солтүстік Галлияда өз корольдығының негізін қалады. Оның басында Меровей әулетінен шыққан көсем-қолбасшы Хлодвиг болды. Осылайша Ү ғасырдың соңынан ҮІІ ғасырдың соңына дейін созылған франк мемлекетінің Меровей кезеңі басталды. Хлодвигтің тұсында Аквигания (507), ал оның мүрагерлер тұсында- Бургундия (534), 536 жылы Прованс жауланып алынды. Бұл кездегі франк мемлекеті бұрынғы рим империясының Голлия провинциясын түгелге жуық қамтыды. Өзінің билігін нығайтып, христиан дін басылары мен галл-рим аристократиасының қолдауына ие болу үшін Хродвич өзінің жасағымен және жақын нөкерлерімен 496 жылы христиандықты қабылдады. ҮІ ғасырдың екінші жартысында франк королдығы варварлық корольдықтардың ішіндегі ең ірісі болды. Остготтардың Византиямен соғысын пайдаланып франктер Провансты басып алды. Бұдан кейін варварлық королдықтардың ішіндегі гегемондық остготтардан – франктерге көшті. Франктердің Меровинг дәуіріндегі қоғамдық құрылысын зерттеу үшін құнды дерек көзі “Салий ақиқаты” болып табылады. Бұл – Салий франктерінің соттық әдет-ғұрып заңдар жинағы. Ол бойынша, франктердегі ортақ қауымдық жерлерді пайдалану туралы көп айтылады. Шаруа – қауым мүшелері усадьба жанындағы жерлерін жеке меншік кұқ негізінде пайдаланған, сондай-ақ ортақ қауымдық жерлерді белгілі бір территорияны өңдеген. Елді мекен сыртындағы орман – тоғайларды, жайылымдарды бірігіп пайдаланған. “Салий ақиқатында” жерді сату және сатып алу, сыйлыққа беру немесе өсиетпен беру туралы ештеңе айтылмайды. Демек, франктерде бұл уақытта (Ү –ҮІ ғ. басы) жерге деген жеке меншік болмаған. Әрбір деревнядағы негізгі жер қоры ұжымдікі , яғни қауымдікі болды. Селолық қауымда – маркада - әліде болса рулық дәстүрлердің қаймағы бұзылмай тұрды. “Салий ақиқатында” ру, тек қауымдық жерлердің жоғарғы меншік иесі ғана емес, сондай-ақ саяси ұйым ретінде көрінеді. Барлық руластар присяжный ретінде сотқа қатысып, туысқанының пайдасына куәлік етті, аманаттық жасады. Мысалы, кісі өлтіргені үшін айыпты – вергельдті – айыпкердің отбасы ғана емес, руластары да төледі. Хлодвигтің мұрагерлері бенефиций (сыйлық, ізгілік іс) ретінде корольдік жер қорынан өзінің жақындарына, серіктеріне, жасақтарына жер үлестірумен болды. Олар өз кезегінде ірі жер иелеріне айналды. Қауымның рулық ұйымдасуы ыдырады. Ф. Энгельстің сөзімен айтқанда “ру қауым – маркада ыдырап, көрінбей кетті”. Шаруалардың көпшілігі ірі жер иелерінің “қамқорлығына” өтуге мәжбүр болды (патронат немесе коммендация). Ол үшін белгілі бір міндеткерліктер өтеді (барщина, оброк т.б.). Сонымен, ҮІ ғасырдың соңында франк қоғамында феодалдану процесі барынша жүріп жатты. Айта кететін жәйт, шаруаларда өздерінің мырзаларына шартпен жұмыс істеді.
Пипин Геристальскийдің ұлы Карл Мартелл елді 715 жылдан 741 жылға дейін майордом - герцог ретінде басқарды. Ол өзіне қарсы шыққан австразия шонжарларының қарсылығын басып, жеке дара билігін күшейтті. 732 жылы Карл Мартелл Пуатье түбінде арабтарға шешуші соққы беріп, олардың жолын кесті. Көптеген мамандар оны осы жеңісі үшін христиан әлемін қорғап қалушы деп есептейді. Осы жеңістен кейін оған “мартелл – балға” деген лақап ат берілді. Арабтарға қарсы соғыстың алдында жүргізген оның әскери реформасы оң нәтижесін берді. К.Мартелл атты әскерлердің санын өсірді. Ұрыстан кейінгі кезеңде К.Мартелл әскери реформаны онан сайын тереңдетті. Жаяу әскер мүлде азайтылып толық атты әскерге көшу ісі қолға алынды. (Бұрын франктерде тек жаяу әскер болатын). Мұндай жағдайда күйзелген шаруалар әскерде қызмет ете алмады. Реформаның нәтижесінде шаруалар шын мәнісінде әскерден аласталды. Жаңа ортағасырлық феодалдық кәсіпқой әскердің негізін енді ірі және орташа жер иелері құрады. Жаңа кәсіпқой әскер - рыцарлық әскер деп аталынатын болды.
Ауқатты шаруаларда әскерде қызмет етті. Шаруалардың едәуір бөлігі әскерде қызмет ете алмайтындықтан Карл Мартелл айрықша жер саясатын – бенефицилік реформаларды жүргізді. Оның мәнісі мынада. Егер бұрын Меровингтер дәуірінде жер сыйлық ретінде жеке меншікке ешқандай шартсыз берілсе (алод), енді жер алған адам бенефиций ретінде (“ізгі іс”) белгілі бір шарттарды орындайтын болды. Ол көбіне атты - әскери қызмет атқаратын болды. Бенефиций алған адам оны берген адамның вассалы болды. Бенефиций берген адам сеньор болды (аға мырза). Вассал мен сеньордың арасындағы қарым-қатынасқа белгілі бір рәсімдер тән болды. Мысалы вассал сеньорына адалдық антын берсе, сеньор берілген жердің символы ретінде орамалға түйілген бір уыс топырақ берді. Вассалға берілген жердің жоғарғы меншік иесі сеньор болды, егер вассал берген сертін бұзған жағдайда сеньор оны қайтадан тартып алды. Айта кететін жай, вассалдардың да құқы мейлінше зор болды. Болашақта “Менің вассалымның вассалы, менің вассалым емес” дейтін принцип жүзеге асты. Уақыттың өтуімен бенефиций мұралық феодқа айналды. ІХ-Х ғасырларда феод (ленн) белгілеріне ие болды, яғни шартты жер иеленудің формасына біржолата айналды. Аллодтық меншік неғұрлым дамыған феодалдық меншікке орын берді. Әскери қызмет атқаратын адамдарға мемлекеттік қордан жер үлестірумен шектелмей Карл Мартелл осы мақсатта шіркеу жерлерінде пайдаланды. Батыс европа тарихында бұл тұңғыш секулеризациялау, яғни шіркеу жерлерін светтік биліктің пайдасына тәркілеу болды. Бірақ Карл Мартелл жүргізген секулеризация толық қанды формаға ие бола алмады. Ол тек шіркеу жерінің бір бөлігін ғана қамтыды. К.Мартеллдің ұлы әрі мұрагері майордом Қортық Пипин шіркеумен қарым-қатынасын реттеп алды. Бұл уақытта рим папасы лангобардтардан қатты қысым көріп, франктердің көмегіне мұқтаж болды. Сондықтан рим папасы Пипин Короткийдің корольдық титул алуына рұқсат берді. Сөйтіп, 751 жылы франк шонжарлары мен өзінің вассалдарының Суассон (Фр) қаласындағы жиналысында Пипин ресми түрде франктердің королі болып жарияланды. Бұған жауап ретінде ризашылық білдірген франк королі рим папасы Стефан ІІ-ге Равенна экзархаты (ауданы) дейін мен рим облысын “сыйлады”. Осылайша, Папа мемлекеті 1870 жылға дейін өмір сүрді. Қазіргі Ватикан оның қалдығы болып табылады. Ұлы Карлдың тұсында франк мемлекеті империяға айналды. Ұлы Карл каролингтер династиясының ең көрнекті өкілі болды. Ол аты аңызға айналған, европа халықтарының көптеген жырларында кездесетін тарихи тұлға. Әлемдік империя құру мақсатында Карл басқыншылық соғыстар жүргізді. Европаның түкпір-түпкірлерінде ол 50 ден астам жорықтарға тікелей қатысты. 774 жылы Карл Италияға жорық жасап, ең соңғы Лангобард королі Дезидерияны тақтан тайдырып корольдықты өз иелігіне қосып алды. Карл мен оның төңірегіндегілер үшін батыс рим империясы қайтадан тұрғандай болып көрінді.Бұл римдік державалық дәстүрлерді жаңғыртуға мүмкіндік берді. Карлдың өзіде тек франктердің королі деген титулмен шектелгісі келмеді, ол әлемдік монарх – “римдіктердің императоры” титұлын алғысы келді”. 800-жылы Карл римге келіп, папа оны “римдіктердің императоры” деп жариялауға мәжбүр болды. Ұлы Карл 814 жылы 72 жасында қайтыс болды. Ол қайтыс болысымен, оның құрған империясыда ыдырай бастады. Өйткені бұл жеткілікті экономикалық базасы жоқ ерте феодалдық әскери монархия еді. Үлкен ұлы Лонсарьға қарсы Людовиг Немецкий мен Карл Лысый одақ құрды. Ақырғы соңында, 843 жылы Верден қаласында Ұлы Карлдың үш немересі келісімге келіп, ол бойынша үлкен ұлы Лонсарь император титулын сақтап қалды, бірақ оның ешқандай құқы болмады. Екі інісі дербес иелігі бар корольдықтар болды. Лонсарьдың үлесіне Италия мен Рейн мен Миас, Шельда, Сена мен Ронаға дейінгі территориялар тиді. Рейннің шығыс жағы, қазіргі Германия территориялары Людовик Немецкийге тиді. Лонсарь иелігінен батыс бағыттағы иеліктер , яғни қазіргі Франция территориясы Карл Лысыйға тиді.
Сонымен, Верден келісімшарты бойынша қазіргі үш европаның ірі мемлекеттері – Франция, Германия, Италияның, соған сәйкес үш халықтың француз, неміс, итальян халықтарының негізі қаланды. Бұлардың үшеуінің ішіндегі неғұрлым “жинақысы” “батыс франктердің” мемлекеті болды. Көп ұзамай олардың астанасы Париж қаласы өрлей бастады. “Батыс франктердің корольдығы” Х-ХІ ғасырлардан бастап Франция деп атала бастады. Королингтер Х – ғасырдың соңына дейін билікті қолдарында ұстап тұрды, ал Германия мен Италияда Х – ғасырдың басында-ақ биліктен айырылған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет