Балалардың
психикалық дамуын
диагностикалаудың
ерекшеліктері
Нурманова Айнур
Бала психологиясы — жас
ерекшелігі психологиясының
негізгі бөлімі. Ол
адамөміріндегі тұтас бір кезең
болып табылатын балалық
шақтың психикалық даму
заңдылықтарын зерттейді. Жас
ерекшелігі психологиясының
іргетасы болған Бала
психологиясы 19 ғасырдың
аяғында дербес пән ретінде
өмірге келді.
Бала психологиясының негізін қалаған —
неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала
психологиясын зерттеуде тұңғыш рет
интроспекция әдісінен объективті бақылауға
өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің “Бала
жаны” атты кітабы (1882) — Бала
психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген
психол. еңбек. Бала психологиясының пәні —
балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы
заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы
дамудың жас кезеңдері мен оған өту
себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін
басты мәселе — баланың психикалық
дамуының факторларын, психикалық даму
шарттарын түсіндіру.
Бала атаулының бойындағы біртіндеп
қалыптасатын психологиялық ауыр өзгерістер мен
невроздың негізгі себепкері, жалпы бала
тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы
дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімді де,
сорақылыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып
айтқымыз келеді. Олардың көпшілігі бала
тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің
орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітумен
ұстағанды білетіндіктерімен шектелетіндіктері
белгілі. Тіршілік тартыстарына енді келген сәбилер
үшін, бұны аттап өте алмастай ауыр күйзелістерге
апарады. Айта берсе, үлкендер тарапынан болатын
дөрекі қылықтар толып жатыр.
Ең бірінші
психологиялық
көмектің бағдары —
осындай жағдайларға
тап болған
балалардың ауруға
шалдыға бастаған
психикасын сауықтыру
болып табылады.
Екінші бағыт — тез арада ата-аналар
мен бала тәрбиесіне қатысты
үлкендердің арасында жүргізілетін
психологиялық көмектерді атауға
болады. Мұның өзіне тән әдістері де
толып жатыр. Үлкендерге бала
психикасының мән-жәйі туралы
түсінік беру, оны мұқалтпаудың
маңызы жайлы, психологиялық
тәрбиелерді үйретудің жолдарын —
кітаптардан, кино-фильмдерден,
арнайы жасалынған оқулық
фильмдерден — терендей талдап
көрсету арқылы, ата-аналар мен
үлкендердің бала тәрбиесіндегі
қатыгездіктен тыйылуын талап ету.
Осылайша, жас баланың
психикасындағы ауыр
өзгерістер мен
қорқыныштардан туындайтын,
оның жан дүниесіндегі жапа
шегушіліктің зардабымен қатаң
да жедел күресетін мезгіл
жеткен сияқты. Сөз жоқ, мұндай
жағдайды ата-аналардың
көпшілігі білмегендіктен
істейтінін де ескеру керек.
Жалпы бала психологиясына белгілі
психикалық ауыр әсерлердің
түрлерін атап өтсек; бірінші,
баланың жігерін жасытатын үкімді
баға беру (мысалы, "Сен ойнай
білмейсің", "сен дұрыс сөйлей
алмайсың" деген сияқты кесімді
ұғымдардың әсері жаман). Осыдан
кейін, баланың тауы шағылып,
талабы қайтып қалатындығы анық.
Тіпті, оған бұдан былай ойнаудың
да, сөйлеудің де қиындай беретіні
рас. Сәбилерді үнемі көтермелей
жетелеп тәрбиелеудің психикалық
мәні зор.
Достарыңызбен бөлісу: |