«Балаға білім ұшқынын сыйлау үшін, мұғалім жарық сәулесімен өзі нұрлана білуі керек» деген тақырыппен Ш. А. Амонашвилидің



бет1/3
Дата01.11.2023
өлшемі33,27 Kb.
#121265
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

Орындаған: «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарының үшінші (базалық) деңгей тыңдаушысы Барлыбаева Гульнара Коршибаевна


Шымкент қ. 2015 ж




«Балаға білім ұшқынын сыйлау үшін, мұғалім жарық сәулесімен өзі нұрлана білуі керек» деген тақырыппен Ш.А. Амонашвилидің
"Вера и любовь" еңбегіне пікір.

«Ізгілікті педагогика деген не?» деген сұраққа ең толық жауапты біз Ш.А.Амоношвилиден табуымызға болады: «Бұл педагогика баланы тура сол қалпында, ол қандай болса, сондай кейіпте қабылдайды, оның табиғатымен келіседі. Бұл педагогика балада оның шексіздігін көреді, оның ғарыштығын түсінеді және баланы адамзатқа өмір бойы жасауға жетелейді, дайындайды. Бұл педагогика бала бойында оның еркін жігерін айқындау арқылы бала тұлғасын тұжырымдап, ұстаз махаббаты, жоғарғы руханият секілді қасиеттерге бар әрекеттерін негіздейтін педагогикалық жүйелерді құрастырады. Бұл педагогика ұстаздық шығармашылықты ынталандырып, педагогикалық өнерге шақырады. Гуманды педгогикалық ой шексіздікті қамтуға ұмтылады, ал осы ерекшелік оның ауқымында пайда болған білім беру жүйелер мен үдерістерге күш береді»1.


Ш.А.Амоношвилидің қанатты сөздерін алғанда: «Сенім, үміт, сүйіспеншілік - осы қасиеттер негізгі педагогикалық санаты болып табылады. Бұл жұмыстың негізгі әдістері болуы мүмкін емес. «Балаға білім ұшқынын сыйлау үшін, мұғалім жарық сәулесімен өзі нұрлана білуі керек» деген тақырыппен Ш.А. Амонашвилидің «Вера и любовь» еңбегіне менің ойым. Ш.А.Амоношвилидің «Вера и любовь» атты еңбегі өзінің сүйікті әйелі Валерия Гивиевна Ниорадзеге арнап жазған екен.
Ш.А. Амонашвилидің «Вера и любовь» еңбегінде астарлы әңгімелер жинағы, әңгімелер, ертегілер, білім беру эсселері, дұғалар жинағы берілген. Бұл еңбектің басты мақсаты: адамдар үшін, балалар үшін өмір бойы сенім мен сүйіспеншілікті жүректеріне ұялату. Олар оқырмандарға ізгілікті білім беру арқылы даналық сөздерді талдап, әрбір кішкентай жаратылыс бұл кітап өмірімізге тыныштықты табады және жүрегімізді қуанышқа толтырады. Әрбір жанға ең саналы жылы және сенім мен үмітті мәңгілікте бізбен тұратынын атап көрсетеді.
Сұлулықты ішкі және сыртқы яғни, жан мен тән сұлулығы деп бөліп қарастыруға болмайды, тіпті, «жан–рух–тән» – үшеуін бірлікте қарастырған жөн. Себебі, адамдағы жалаң сыртқы сұлулық өзінің толыққанды мағынасын аша алмайды. Мәселен, қазақ дүниетанымын­дағы перінің сұлу қызы, күндізгі сұлу қыздың түнде жыланға айналғандығы туралы, басқа да әфсаналардың рәміздік, тұспалды көрі­ніс­терінің түпкі мағыналарына үңілсек, сыртқының ішкіге сәйкес келмеуінің нақты тәжірибелік мысалы бізге үлгі-өнеге аларлық мұра болып табылады. Ал «жан–тән–рух» сұлулығының сәйкестігі эстетикада үйле­сімділік деп аталады. Яғни, ішкі және сыртқы мазмұн мен форманың үндесуі. Қазақ халқының түсінігінде сұлулық жиі жырланатын тақырып. Ол әдемілікті, сүйкім­ділікті, сымбаттылықты, парасаттылық пен руханилықты, көркем мінезді, т.б. қоса қамти­тын тұтастандырылған асқақ сұлулық. Бұл ұғымдар синонимдес емес, әрбіреуі өздігінше жеке дара құбылыс. Мәселен, «сүйкім­ділік» концептісінің арғы жағындағы мағынасы: пәктік пен бейкүнәлікті, тартым­дылық пен та­за­лық­ты, әдептілік пен жұмсақ мінез қасиет­терді жинақтап тұрған тәрізді. Түркі халқының баһадүрлік дәуірінде әйел сұлулығы намыс, қайрат, адалдық сияқты ізгі ниеттермен толық­тырылып, ол сымбаттылықты мүсіндеген. Бұл туралы батырлар жырында көп айтылған. Ал ер адам сұлулығы халқымызда аса дәріптелмеген. Себебі, оның сұлулығы – «қаһары» (мәселен, бұдырайған екі шекелі, қақпақтай жауырынды, т.б.) елі мен жерін қорғау, адалдық пен бауыр­мал­дық болып өлшенген. Біз әдемілік дегенде, көп жағдайда көзімізге тек әдемі адамдарды ғана елестетеміз. Әдемілік, табиғаттан бастап, адамзат жасаған бүкіл дүниелерге тән құбылыс. Бұрынғы сұлулық хақындағы ой-түйіндеріміз әлем туындысы ретінде сақталған. Мәселен, көшпелілер үшін «табиғат» – ерекше сұлулық обьектісі, ойлылық пен парасаттылыққа шақыратын, шыдамдылық пен төзімділікке үй­рете­тін, мырзалық пен кеңшілікке бейімдейтін, ризашылық пен аңсау туғызатын «дала философиясын» құрайды. Қазіргі сұлулық туралы түсінігіміздің өзгеруіне мега, мезо, микро факторлар әсер етіп отыр. Табиғаттың өз­геруі, қала мәдениеті, экологиялық тепе-тең­дік­тің бұзылуы біздің көркемдік та­л­­ғам­­да­рымызды белгілі бір дәрежеде өзгертті. Абсолютті құн­дылықтарымыз – сұлулық туралы дәстүрлі ілімдерімізді сақтау­дың және болашақ ұрпаққа жеткізудің құралына айналып отыр. Ұлтымыз­дың көркемдік дүниетанымы далалық кеңдікпен ұштасатынын отандық философтарымыз айтып жүр. Әлемнің құбылыстарын өзінің өнеріне көшіре алған халқымыздың сұлулық туралы пайымдауларының кейбіріне тоқтала кетсек, киіз үй әлемнің шағын моделі, домбыра – аттың шабысы, адамның жүрісі сияқты ырғақтарды жинақтап, жігерлілік пен шабытты тудырса, қобыз – аққудың саңқылы мен түйенің боздауын бейнелеп, қайғы мен мұңды, ал сыбызғы – желдің гуіліне еліктеуден туған және ойлылық пен парасаттылық туындатып, үшеуі адамның үш түрлі көңіл күйін білдіруге арналған сыңайлы. Өз тәжірибемде сабақ жоспарын құру кезінде, «Мұғалімнің сыйы» әдісіне қазақ халқының аңыз-әңгімелер жинағы, мақал-мәтел, ертегілерден, Әл - Фараби, Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтың мұралары, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш.А.Амоношвилидің еңбектерінен, ғаламтор материалдарынан мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға ықпал етуге тырысамын. Мысалы: 7-сынып оқушыларына «Сыр мен сымбат» 7-сабақ тақырыбы бойынша оқушыларды сұлулықты сезіне білуге, аялап қорғай білуге, жалпы сұлулық туралы түсінік беруге мен Ш.А.Амоношвилидің «Вера и любовь» еңбегінен «Твоя красота в твоей доброте, «Сұлулық мейірімділікте» астарлы әңгімені қазақ тіліне аударып, «Мұғалімнің сыйы» әдісінде қолдандым.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет