Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Тәрбие сағаты: «Табиғатты аялайық!» Өткізген: Тәрбиешілер



Дата18.12.2023
өлшемі17 Kb.
#140753

Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы

Тәрбие сағаты: «Табиғатты аялайық!»

Өткізген: Тәрбиешілер


Хангереева А.
Кубаева А.
Тақырыбы: Табиғатты аялайық!
Мақсаты: Балаларға табиғат адамзаттың өмір сүріп,еңбек етіп отырған ортасы екенін айтып өту,табиғатқа қамқорлық жасауға аялап қорғай білуге тәрбиелеу.Табиғаттың әрбір бөлшегі адамзат баласы үшін асқан байлық,қазына екенін адам өмірінің қорғаушысы денсаулықтың кепілі екенін балаларға кеңінен толық ұғындыру.
Әдісі: Сұрақ – жауап,ойын ,эстафета
Барысы: Қайырлы күн балалар! Бугінгі Табиғатты аялайық атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!Біз бүгін табиғат туралы айтатын боламыз.Табиғат – сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз сабағымызды табиғатпен амандасудан бастайық.
Хормен: Қайырлы күн,күнім,далам,орманым
Қайырлы күн,гүлім,құсым,көлдерім
Қайырлы күн,өсімдіктер,жәндіктер
Қайырлы күн,бар тіршілік иесі!
Балалар жалпы табиғат дегеніміз не?Оларға нелер жатады?

  • Ауа,су,өсімдіктер,хайуанаттар,құстар,балықтар...

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

  • Көктемде адамдар калай киінеді?

Топқа көктем келеді.
Көктем: - Саламатсыңдарма балалар! Мені таныдыңдарма? Мен шырайлы көктеммін!Мен сендердің жыл бойғы білімдеріңді көрейңн деп,сендерге қызықты ойындар мен тапсырмалар алып келдім.Ауа райы ашық болғанын қаласаңдар менің тапсырмаларымды орындап,сұрақтарыма жауап берулерің керек.
1.Ситуациялық жағдайлардан шығу.

  1. Өрт сөндіру.

  2. Мусор жинау.

Көктем: 2.Енді балалар жұмбақ шешейік.
Қыз кеп жасыл көйлекті ,
Сай – саланы сөйлетті
Құс біткенді сайратты
Қар даланы жайратты (көктем)
Дәмі де жоқ,түсі жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ (су)
Көз жасты – жылауық
Келе жатыр бір алып
Жабырқаса жылайды
Жадыраса тарайды (бұлт)
Гуілдейді құлаққа
Оны ешкім көрмейді (жел)
3.Келесі ойын: «Жер,су,ауа»
Шарты: Допты ұтқан бала жер,су,ауа сөздеріне жерде тіршілік ететін, суда,ауада ұшатын тіршілік иелерін атайды.
4.Келесі ойын: «Жақсы – жаман»
Жақсы болса қол шапалақтайды,жаман болса крест көрсетеді: Гүлге су құю, ағашты сындыру,құстарға жем беру,құстың ұясын бұзу,орманды өртеу, мусорды шашу т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет