Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.

Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан.
Фольклор — халық шығармашылығы, яғни аңыздар, қисса- лар, ертектер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б.

Фольклор рухани мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі, халық бұқарасының, этностардың көркемдік ой-толғамының неғұрлым пәрменді нысаны, олардың эстетикалық дарыны мен талғамының, адамгершілік ереже - қағидаларының шоғырлы көрінісі мен топтамасы болып табылады. Фольклордағы көркемдік жинақтама бейнелер арқылы халық қоғамдық өмірдің әр түрлі құбылыстарына көзқарас тұрғысын білдірген.
Қазақ балалар фольклоры – халық фольклорының арналы салаларының бірі. Ол халықтың дәстүрлі бала тәрбиесінің негізінде туып қалыптасқан, ауқымы кең көркем шығармалар шоғырынан тұрады. Мазмұны ғибратты, тілі көркем, жеңіл жатталатын, ғасырлар бойына халық даналығына, тәжірибесіне суарылған. Қазақ балалар фольклоры балалардың мінез-құлқын, көркемдік талғамын танытатын, шығарма қуат көзін ашатын асыл мұра. Ол өзінің бала табиғатына лайықтылығымен, логикалық жүйелілігімен, музыкалық әуенімен, өнегелі мазмұнымен, ойнақы жеңіл түрімен, нәрлі тілімен балалардың рухани азығына айналған тәрбие қайнары болып табылады.