Білім беру бағдарламасы 7-дәріс Көркем шығарма стилі Қостанай, 2020



Дата31.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#21966
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
Слайд 7


А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы



7-дәріс

Көркем шығарма стилі

Қостанай, 2020


Қарастырылатын мәселелер: 1. Көркем шығарма стилінің жалпы сипаттамасы 2. Көркем шығарма стилінің түрлері 3. Көркем шығарма стилінің эстетикалық қызметі


Көркем әдебиет стилі - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). .

Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз — ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады.


Мәтін мен шығарма ұғымдары синоним емес.


Мәтін – образдарды материалды тұрғыда ұсынушы, ол қашан оқылғанда ғана шығармаға айналады.

Шығарма өзін көркемдік тұтастықта танытады. Яғни оның өзіндік шекаралары бар.

Көркем әдебиет стилінің ерекшелігі - тіл байлығы. Кез келген шығарма тек қана авторлық баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де тұрады. Ал кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы, әр дәрежедегі білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем шығармада кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық сөздер де ұшырасып отырады. 

Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі - оның



көп стильді болып келетіндігі. Мұның мәнісі қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тілімен қоса, публицистикалық, ғылым, ресми стильдердің элементтері осы стильде әр түрлі ыңғайда ұшырасып отырады.

Көркем әдебиет стилінің тағы бір ерекшілігі бұл стильде орындалатын еңбектердің басты міндеті эстетикалық тәрбие беретіндігімен тығыз байланысты болып келеді. Екінші сөзбен айтқанда, көркем шығармада сөздің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі алғашқы орынды алады. 

Сондықтан да троптардың және фигуралардың барлық түрлері басқа стильдерге қарағанда көркем әдебиет стилінде барынша мол жұмсалады.

Көркем әдебиет стилінің функциональдық стильдер жүйесінде алатын орнына қатысты әр қилы пікірлер айтылып жүр

Стилистердің бір тобы (Л. Н. Максимов, Н. М. Шанский, Н. А. Мещерский, К. А. Панфилов т. б.) көркем әдебиет тілін функциональдық стильдерден тыс, мүлдем бөлек тілдік құралдар жүйесі деп қараса

P. А. Будагов, А. И. Ефимов, И. Р. Гальперин, Э. Г. Ризель, М. Н. Кожина, Б. Н. Головин, A. Н. Васильева, Д. Э. Розенталь, A. Н. Гвоздев сияқты ғалымдар көркем әдебиет стилін басқа стильдермен "терезесі тең деп санайды

Себебі көркем әдебиет те тіл қолданудың аясы болып табылады әрі әлеуметтік қызмет атқаруға қатынасады, ал эстетикалық қызметі сол әлеуметтік қызметтің бірі деп санайды.

Г.О.Винокур әдеби стильдің лингвистикадан тыс сипаты туралы: «Тіл көркемөнер ауқымында бола отырып, тек стилистикалық айшықтаулар болудан қалады да, екінші образдық ақиқатқа айналады» - деп жазған болатын /2,247/.

Әдеби стильдің көрсеткіші

таңба

сөз


сөз тіркесі

сөйлем


жалпы көркем мәтін

Орыс филологы М.Поляков ондай қабаттардың үшеуін көрсетеді

1) көркем мағына немесе ішкі форма;

2) образдар жүйесі;

3) поэтикалық тіл (сыртқы форма)А.М.Пешковский

«Әр ақын, әр

жазушы сөздің басын өзгеше құрастырып, өз оңтайымен тізеді, өз білуінше

пікірлейді. Сондықтан әрқайсысының лұғатында өзіндік айырымы, өзіндік

белгісі болады... Сол сияқты сөз өнерпаздарының да шығарған сөздерін

оқып, лұғатынша үйір болғаннан кейін, оның бұрын оқылмаған, аты

қойылмаған сөздерін де айтпай тануға болады. Сөздің өзін танытатын белгі –

тіл, яғни лұғат белгісі болады.»[3,141-142.]

Көркем шығарма түрлері:

Өлең


Жұмбақ

Әңгіме


Повесть

Роман


Мысал

Ертегілер

Жаңылпаштар

Мақал- мәтелдер

Айтыс

Шешендік сөздер,



Мақалалар

Очерктер

Көркем шығарма тілін зерттеуде кездесетін бір қиындық — оның проза, драма, поэзия сияқты жанрларды қамтып, көп жанрлы болып келуінде. Әр түрлі жанрлардың әрқайсысынын, өзіне тән тіл ерекшеліктерін зерттеу әдістері жөнінде белгілі бір нүсқау беру қиын.

Шығарманың жанрлық ерекшелігіне қарай, тіл өзгешелігі болатындығы әдебиет теориясыньщ оқулықтарында және кейбір лингвистикалық еңбектерде тиіп-қашты айтылады. Ал арнайы жа-зылған еңбек әзір жоқтың қасы.

Әдебиеттегі стиль мәселесі

Шығарманың мазмұнымен

Жанрлық-құрылымы

Поэтикалық тілімен байланысты

Идеялық мазмұн

Лингвистикалық тұрғыдағы стиль мәселесі де осындай саралауды,өзіндік компоненттерін ажыратуды талап етеді.

Сонымен бірге стиль мәселесінде әдебиеттану мен тіл білімі арасында мүлде қабыспайтын алшақтық жоқ.

Лингвистикалық стилистикасыз әдеби стильде бірқатар мәселелер шешусіз қалар еді.



Лингвистикалық стилистика қандай да болмасын жазушы стилін айқындауда базалық рөлге ие болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет