Балдырлар



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата07.07.2023
өлшемі4,28 Mb.
#104072
  1   2   3


БАЛДЫРЛАР 
Орындаған: Мұхтар Венера ЕП22-12К


Балдырлар
Көп жасушалы өкілдерінің денесін таллом
деп атайды. Жасуша қабығы
гемицеллюлозадан және пектинді заттардан
тұрады. Жасушасы негізінен бір ядролы.
Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома,
рибосома, хромотофора сияқты
органоидтары және вакуолясы (бос қуысы)
болады. 
Балдырлар (лат. Algae) — төменгі сатыдағы су өсімдіктері.
Теңіз, 
көл, 
өзендерде, 
ағынсыз 
да 
және 
су
қоймаларындарда 
өседі. 
Балдырдың 
жасушалық
құрылымы болмайды, бір жасушалы, колониялы, көп
жасушалы түрлері бар.


Балдыр биохимиялық
қасиеттері:
Балдырлар біршене бөлімді және 30 мыңға жуық түрді қамтитын
өсімдіктердің ауқымды тобы. Балдырлар теңізде, тұщы суларда және
құрлықтағы ылғалды орталарда таралған. Олардың денесі бірдей
жасушалардан тұрады және ұлпалар мен мүшелерге бөлінбейді. Таллом бір
ғана жасуша, жасушалар колониясы немесе көп жасушалы қатпар болуы
мүмкін.
Балдыр биохимикалық қасиеттеріне және жасушалық құрылымына қарай 12 типке
бөлінеді: көкжасыл Балдыр (Cyanophyta), прохлорофитті Балдыр (Prochlorophyta),
қызыл Балдыр (Rhodophyta), жалтырауық Балдыр (Chrysophyta), диатомды Балдыр
(Dіatomeae), криптофитті Балдыр (Cryptophyta), динофитті Балдыр (Dіnophyta), қоңыр
Балдыр (Phaeophyta), сарыжасыл Балдыр (Xanthophyta), эвгленді Балдыр
(Euglenophyta), жасыл Балдыр (Chlorophyta), хара Балдыры (Charophyta). Бұлардың 30
мыңға жуық түрі белгілі, Қазақстанда 1 мыңнан астам түрі кездеседі.


Жасушасында Балдырға түс беріп тұратын
хромотофораларының саны әртүрлі (біреу, екеу,
көп) болады. Олардың пішіндері тақта, астау,
білезік, дән, лента, жұлдыз тәрізді болып
келеді. Балдыр өсімді (вегетативті), жыныссыз
және 
жынысты 
(гологамия, 
изогамия,
анизогамия, оогамия) жолдармен көбейеді.
Бұлардың көбею органдары бір жасушалы
(бұған 
тек 
хара 
Балдыры 
жатпайды).
Балдырдың 
көпшілігінің 
хлорофилі
болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп,
фотосинтез процесіне қатысады. Сондай-ақ,
дайын органикалық заттарды пайдаланатын
паразит түрлері де бар, бірақ бұлардың
хлорофилі болмайды.


Дарвин ілімі бойынша, тіршілік бір жасушалы
организмдерден пайда болған, ал құрлықтағы барлық
өсімдіктер Балдырдан шыққан деп есептеледі.
Көптеген Балдырлар саңырауқұлақтармен симбиозды
тіршілік етіп, қыналарды құрайды. Ал, Балдырдың
табиғаттағы геохимикалық рөлі кальций мен кремний
айналымымен тығыз байланысты. Олардың көптеген
түрі ақаба суларды биология жолмен тазартуда және
бөгендердің ластануының биоиндикаторы ретінде
қолданылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет