Балдырлар
топырақтың бетінде, топырақтың жоғарғы қабаттарында,
тіптен атмосфералық ауада
(хлорелланың кейбір түрлері) өмір сүреді. Балдырлардың жекелеген түрлері бактериялармен бірге
өнім
бермейтін, құнарсыз субтраттарға түсіп, оларды алғашқы мекендейтін пионерлер болып
табылады. Олардың көпшілігі топырақ түзу процесіне актипті түрде қатынасады.
Азотты ауадан
бойына сіңіруге қабілетті балдырлар, топрыақты азотпен байытады.
Жасыл балдырлардың кейбір
түрлері комплексті организмдердің – қыналардың құрамына кіреді.
Балдырлар суды оттегімен байытып қана қоймайды,
соынмен бірге балықтардың, суда жүзетін
құстардың жемі болып табылады. Балдарлардан дайындалған ұнмен ауылшаруашылық
жануарларын қоректендіреді. Балдырларды тыңайтқыш ретінде де пайдаланады. Қоңыр және қызыл
балдырлардан кондиттер өнімдерін өндіруге және микробиологиялық
өндірістерге қажетті агар
алынады, ал олардың күлі бром және йод алуға қажетті шикізат болып табылады.
Қорытынды: