Балл саны – 30 Тапсырмалар түрлері



бет1/2
Дата19.05.2023
өлшемі18,63 Kb.
#94743
  1   2

IV-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Ұзақтығы – 45 минут
Түсіну және жауап беру – 10 минут Анализ және интерпретация – 10 минут Бағалау және салыстыру – 25 минут
Балл саны – 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлім, 9 тапсырмадан тұрады: бірінші бөлім – түсіну және жауап беру, екінші бөлім – анализ және интерпретация, үшіншісі – бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1-БӨЛІМ

  1. Роман сюжетіне арқау болған негізгі оқиғаны көрсетіңіз.

    1. қазақтың көшпенді өмірі, отырықшы өмірге үйренуі

    2. орыс пен қытай арасындағы шекара бөлінісі

    3. шекара бөлісінің қазақ жеріндегі ел басқару жүйесіне әсері

    4. қытайлардың қамал-қорғандарын соғуы

[1]

  1. «Тәуекел той» әңгімесіндегі «...Осыларды да бауыр,жанашыр дейді-ау,-деп күйінді». –Саудагер.Жұмыртқадан жүн қырыққан... Бұларды туысқан деп несіне шақырдым?Үзіндідегі қай кейіпкердің сөзі?

А. Төрегелдінің
В. Жеңіскүлдің
С. Керімқұлдың
D. Төкеңнің

[1]



  1. "Томирис" драмасында сақ қызы:- Үш түрлі байлық: әуелгісі шексіз көк аспан, екіншісі – шексіз кең дала, үшінші байлықты саған өзім алып кеп тұрмын,-дейді.Бұл жердегі үшінші байлыққа нені теңеді?




    1. Алтын

    2. Күміс

С. Ақ құс
D. Қурап қалған жусан

[1]




  1. «Тағдыр» романындағы «...Бірақ дәл қазір Демежанның рухын үстем етіп,мерейін тасытып тұрған-шексіз билік те,шен-шекпен де емес,мүлде басқа қуаныш.Осы жақында ғана көптен жанын жегідей жеп,маза бермей жүрген бір арманы орындалды» үзіндісі арқылы автор ойы?

А. Жаңа кәсіп
В. Жаңа қоныс
С. Абдыра мен Қара үңгір өзендері туралы
D. Ши-амбыдай ұлықтың тойы
[1]


  1. «Тағдыр» романында қай елдермен Қазақстан арасындағы шекара бөлінісі суреттелген?

    1. Өзбекстан мен Қазақстан

    2. Грузия мен Түркменстан

    3. Ресей мен Қытай

    4. Ресей мен Татарстан

[1]

2-БӨЛІМ

  1. «...Жап-жазық ашық маңдайы, жаңа туған айдай иіліп біткен қиғаш қасы, жауын шайған мойылдай мөлдіреген ұялы нәркес көзі, қызыл арайлана шапақ атып тұратын, ат жақты сұлу жүзі, түп-түзу пісте мұрыны мен уылжыған оймақ ерні бәрі бүгін айрықша көз тартып тұр». Үзіндідегі көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңыз.

[5]


  1. -Ер.Мәрт.Бірақ ерлік-еңсе жаздырып,мәрттік-мұратқа жеткізер заман өтіп кеткен.Қас батыр қазаға ұшырамақ.Қас жаман жан сауғаламақ.Өлі арыстаннан-тірі тышқан.Жүрмес пе еді мына шері де өзінің қамысы арасында.Қорлыққа көнбеді,басынғанға шыдамады-қарсы шапты,қазаға ұшырады.Жасанған жауға,жаңбырдай оққа қарсы ұмтыл-сен де жапаңнан түсесің.Үзіндіде қандай астарлы ой бар?

[5]


  1. «Томирис» драмасындағы «Жусан-жер қайысқан қалың сақ» деген Томирис сөзін қалай түсіндірер едіңіз? (3-6 сөйлем).

[5]


3-БӨЛІМ

  1. Төменде берілген тақырыпта 100-150 сөзден тұратын әдеби эссе жазыңыз.

«Бір халықтың мүддесі тұрғысынан ізгілік, ерлікке баланған нәрсе,екінші бір қауымның көзімен қарағанда ,бұзақылық ,қарақшылық болып шығады екен»деген үзіндіге сай «Тағдыр» романындағы орыс пен қытай арасындағы шекара бөлінісінің қазақ халқының тағдырына ықпалын талдап жазыңыз.
[10]


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет