Бас пен мойын хирургиялық ауруларымен зақымдануы.
1. Қандай жабық бас-ми шайқалуын білесіз?
а) бастың жұмсақ ұлпаларының жарақаты
б) дермоид, атерома
в) ми шайқалуы, жаншылуы, мидың соғылуы, мыжылуы
г) бас-ми жарығы
2. Ми шайқалуының клиникалық сипатын таңда:
а) бас ауруы, басы айналу, құсу, есінен тану
б) жөтел, тұмау
в) дене қызуын көтерілуі, қалтырау
г) терінің сарғаюы
3.Мидың соғылып, мыжылғандағы белгілерді таңда:
а) дене қызуының көтерілу, қалтырау, суық тер шығу
б) терісінің сарғаюы
в) омыртқа аймағының ауыруы
г) есінен тану, сөйлей алмау, сезімінің төмендеуі, бірнеше рет құсу
4. Бас сүйегінің түбі сынғандағы клиникалық сипатты таңда:
а) науқас ессіз, мұрыннан, ауыздан қан кету, құлақтан қан аралас сары су ағу
б) денесінің қызуы жоғары, қалтырау, суық тер шығу
в) науқастың есі дұрыс, еліріп сөйлейді, лоқсу, құсу болады
г) науқас ессіз , демалысы , жүрек соғысы нашар
5.Ми шайқалғанда бірінші медициналық көмек:
а) науқасты отырғызып, шай, кофе беру
б) науқасты шалқасынан жатқызып, құсып қоймауын бақылау, жедел ауруханаға жеткізу
в) науқас адамды жартылай отырғызу, басқа «чепец» таңбасын салу
г) науқасты жол-жөнекей машинамен ауруханаға жеткізу, денесінің жағдайына аса мән берілмейді
6.Беттің кемістік ауруын таңда:
а) туа болған қоян ерін, таңдайдың туа болған кемістігі
б) қисық мойын
в) көп саусақтылық (полидактилия), саусақтардың біріне-бірі жабысып қалуы
г) омыртқа-ми жарығы, құныс (кифоз), омыртқаның бір жағына қарай қисаюы (сколиоз)
7.Төменгі жақтың жарақатының клиникалық белгісін таңда:
а) жұтына алмау, дем алуы нашар
б) дене қызуының көтерілуі
в) лоқсу, құсу
г) естен тану
8.Мидың қатты қабығының астына қан жиналу (субдуралды гематома):
а) жұлын қуысына құйылу
б) мидың қатты қабығының астына жиналу
в) қанның мидың өзіне құйылуы
г) қанның сыртқа ағуы
9. Науқас ессіз, тамыр соғысы сирек, демалысы нашар. Сіздің диагнозыңыз?
а) бас сүйектің түбінің сынуы
б) мидың мыжылуы (ушибы)
в) мұрын сүйектің сынуы
г) ми шайқалу
10.Қисық мойын ауруының себебі не?
а) мойын бұлшық еттерінің кемістігі
б) бас сүйегінің туа болған патологиясы
в) төс-бұғана – емізік бұлшық еттің кемістігі
г) мойын омыртқаларының патологиясы
11. Қисық мойынды қандай әдіспен анықтауға болады?
а) рентген сәулесімен тексеру
б) аускультация
в) перкуссия
г) пальпация
12.Баланың мойынында сол жақ төс-бұғана-емізік бұлшық ет аймағында тығыздық (уплотнение)табылды. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
а) сау
б) туғанда болған жарақат
в) мойын аймағындағы қанды ісік (гематома)
г) сол жақтық туа болған қисық мойын ауруы
13.Жаңа туған баланың қисық мойын ауруын емдеу әдістері:
а) витаминмен емдеу
б) оперативтік, емдік дене шынықтыру, уқалап, үзіп емдеу (массаж)
в) консервативті ем
г) қимылмен, уқалап, үзіп емдеу
14. Зоб дегеніміз -
а) аста йод жетіспегеннен қалқанша безінің көлемінің үлкеюі
б) қалқанша безінің қатерлі ісігі
в) моиын лимфа бездерінің үлкеюі
г) мойынның орта аймағында пайда болған жыланкөз
15.Зобтың клиникалық сипатын таңда:
а) көмейдің терісінің қызаруы, ірің шығу
б) көмей аймағының ісінуі, терісінің қызаруы
в) қалқанша безі аймағында ісік пайда болуы, бадырақ көз (экзофтальм), кірпіктің дұрыс жабылмауы
г) қалқанша безінің сол жағында ісік пайда болу, ауыру сезімі, терніңі қызару
Достарыңызбен бөлісу: |