Башигулова Фатима, Нұрланқызы Мамандық B039 104 2201 Мәдениеттану курс Дисциплина: Этика және Эстетика Эссе Өнердің пайда болу теориялары



бет1/3
Дата26.12.2023
өлшемі25,9 Kb.
#144420
  1   2   3
Байланысты:
этика


Башигулова Фатима, Нұрланқызы
Мамандық - B039 3104 2201
Мәдениеттану 2 курс
Дисциплина: Этика және Эстетика
Эссе
Өнердің пайда болу теориялары
Өнер дегеніміз не? Өнер қалай пайда болды? Бұл туралы көптеген анықтамалар, ақпараттар бар. Оның не дұрысы не бұрысы жоқ. Себебі әрбір адам өнерді әртүрлі түсінеді, ол туралы өзінің жеке көзқарастары бар. Менің ойымша, өнер бұл - өте көп бағыты бар адамзат мәдениетінің бір бөлігі,мәдениеттің материалдық және рухани дамуының көрсеткіші. Өнерді жеке адамның өзінің ішкі жан дүниесін қоғамға паш етудің бір тәсілі ретінде де қарастыруға болады. Яғни, өнер арқылы әрбір тұлға өзінің қоршаған ортаға көзқарасын, ішкі сезімдерін, эмоциясын көрсете алады. Сонымен қатар өнер мәдени мұраны қалыптастыруда да маңызды рөл атқарады. Себебі ол түрлі кезеңдердегі құндылықтарды, мәдениетті, дәстүрлер мен тарихты ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырудың негізі тәсілі болып болады. Әртүрлі картиналар, мүсіндер, музыкалық шығармалар, романдар – мұның бәрі түрлі халықтардың мәдени мұрасының бөлігі. Осылайша біз өнерді әр түрлі дәуірлерді бір-бірімен байланыстыратын, өткен мен қазіргі уақыт, сондай-ақ болашақ арасындағы көпір деп те айта аламыз. Енді Өнер қашан пайда болды деген сұраққа жауап берсек. Қазіргі зерттеулердің нәтижесі бойынша, Өнер б.з.б. 30-40 жылдары Саналы адамның пайда болуымен қалыптасқан. Ал Өнер қалай пайда болғаны туралы теорияларға тоқталсақ, менің ойымша, бұл сұрақ негізінен қарапайым адамдарға қарағанда, философтар мен мәдениеттанушыларды аса қатты қызықтырады. Жалпы өнердің пайда болуы жөнінде түрлі ғалымдардың, ойшылдардың, зерттеушілердің ұсынған көптеген теориялары бар. Олар ұзақ уақыт бойы өнердің пайда болу құпияларын ашудың жолын іздеді. Оларға тоқталатын болсақ:
Ең алғашқы тоқталатын өнердің пайда болу теориясы ол - Биологиялық теория. Бұл теория Чарльз Дарвиннің теориясына негізделген. Мұнда адамның табиғатында шығармашылыққа деген қажеттілік бар екендігі айтылады. Яғни ол бойынша адаммен бірге өнер де дамып, эволюция жасаған. Биологиялық теория бойынша, Өнер негізінен адамның даму процесінде қоршаған әлемнің сұлулығын сезінуі, оны өз туындыларында көрсетуі арқылы, сұлулық сезімі (чувство прекрасного) ретінде мыңдаған жылдар бойы дамыды.
Келесі теория бұл- Магиялық теория. Өнердің пайда болуының бұл теориясының негізін француз археологы және дінтанушысы Соломон Рейнак қалаған. С.Рейнак сиқыр барлық әлемдік діндердің пайда болуының негізгі факторларының бірі деп санады. Оның пікірінше, әртүрлі магиялық рәсімдер өнердің тамыры болып табылады, оның ішінде ең маңыздысы аңшылықты сәтті ететін рәсімдер. Менің ойымша, бұл тас дәуірі кезеңіндегі аңшылықтың негізгі шаруашылық түрі болуымен байланысты. Себебі ол кезде малшаруашылығы немесе егін шаруашылығы, т.б. аса қатты дамымаған етін, тіпті ол шаруашылықтарды әлі де пайда болмады десек те болады. Жебелер мен найзалардан зардап шеккен жануарлар суреттері, тайпалардың аң аулау көріністері, сондай-ақ шамандардың рәсім жасап жатқан көріністері – аңшыларға сәттілік әкелуі тиіс болды. Магиялық теория бойынша, дәл осы шамандар ең алғашқы суретшілер мен музыканттар болды, ал жартастағы суреттер магиялық рәсімдердің бөлігі саналды.
Ойын теориясы. Бұл теорияның негізі 18 ғасырда өмір сүрген танымал неміс ойшылы, теоретигі, философы әрі жазушысы Фридрих Шиллердің этикалық жұмыстарында қаланды. Сонымен қатар Г.Спенсер, К. Блюхер, В.Фриче де өнерді ойынның бір түрі деп санап, бұл теорияның дамуына үлес қосты. Ойын теориясы бойынша адам мен жануарлар әлемі бір-бірімен тығыз байланысты, ойын жануарларға тән биологиялық құбылыс болғандықтан, өнер де табиғи құбылыс болып табылады. Өнер рахат алу үшін пайда болған деп саналады, себебі ойында адамда ешқандай алаңдаушылық немесе жаман ойлар туындамайды. Ойын белгілі бір мақсаттарға бағытталмайтын, бірақ еркін көрінетін әрекет болып табылады. Белгілі бір дәрежеде бұл теория еркіндік, еркін шығармашылық теориясы да болып табылады. Шиллер ойынды адамның қажеттілік саласынан шығармашылық саласына енуі деп көрсетеді. Адамда бос уақыт пайда болғаннан кейін, оның күші шығармашылықта эстетикалық тұрғыдан көріне бастады. Ойын теориясы еркін шығармашылық идеясына толы.
Келесі - Прагматикалық теория. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірінше, адамдардың алғашқы өнер туындыларын жасауы белгілі бір мақсаттарды көздеді. Яғни ол адамдардың бір бірімен қарым-қатынасы, әртүрлі тобырлардың немесе тайпалардың бірігуі, әлемді тануы және оны игере бастауы, сонымен қатар ересек адамдардың жастарға қоршаған әлем туралы білімінің берілуі сияқты т.б. мақсаттарды айтсақ болады. Үңгірлерде салынған суреттер, әртүрлі тайпалық бірлестіктерге тән әндер, шаруашылықтар, дәстүрлер, құдайлар туралы аңыздар, ертегілердің ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырылуы арқылы алғашқы қауымда өнер пайда болып, дами түсті. Құл иеленушілік қоғамда артық еңбек өнімінің пайда болуы, адамдардың өнермен тереңірек айналысуына мүмкіндік берді. Осылайша өнердің бірнеше түрлері пайда болды, бірақ өнер өзгеше еңбек саласы болып қалыптаспады.
Вплоть до Платона «искусством» называлось и умение строить дома, и навыки кораблевождения, и врачевание, и управление государством, и поэзия, и философия, и риторика. Сначала этот процесс обособления собственно эстетической деятельности, то есть искусства в нашем понимании, начался в конкретных ремеслах, а затем был перенесен и в область духовной деятельности, где эстетическое также не было сначала обособлено от утилитарного, этического и познавательного.
Өнердің түрлерге бөлінуі де бар. Өнер ежелгі дәуірде өзінің негізгі ерекшеліктеріне ие болды, бірақ ол жерде ол бірден ерекше қызмет түрі ретінде ойлана бастаған жоқ. Платонға дейін "Өнер" үй салу, кеме жасау дағдылары, емдеу, мемлекетті басқару, поэзия, философия және риторика деп аталды. Біріншіден, эстетикалық іс-әрекетті, яғни біздің түсінігіміздегі өнерді оқшаулаудың бұл процесі нақты Қолөнерден басталды, содан кейін эстетика да утилитарлық, этикалық және танымдық жағынан оқшауланбаған рухани қызмет саласына ауыстырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет