Баскетбол ойынның техника-тактикалық негіздерін бекіту. (допты алып жүру, допты лақтыру, допты беру) Баскетбол



бет1/3
Дата24.12.2022
өлшемі16,21 Kb.
#59417
  1   2   3

Баскетбол ойынның техника-тактикалық негіздерін бекіту. (допты алып жүру, допты лақтыру, допты беру)
Баскетбол (ағылш. basketball, basket - себет (торқалта), ball - доп) —- ептілікті қажет ететін қызу тартысты спорт ойын. Оған бес ойыншыдан тұратын екі команда қатысады. Баскетбол алаңының қарама-қарсы екі шетіне орнатылатын қалқаны бар тағандарға сақина бекітіледі. Ойынның мақсаты- допты қарсыласының сақинасына түсіріп, ұпай жинау. Ойыншылар допты лақтыруға, пас жасауға, домалатуға немесе жерге жиі-жиі ұрып дриблингпен алып жүруіне болады. Доп өзіне тигеннен кейін ойыншы онымен тек екі адым ғана аттай алады. Баскетболды таза 20 минуттан екі тайм ойнайды. Таймдардың арасындағы үзіліс 10 минуттан тұрады. Ойынның басталуында төреші алаңның қақ ортасында командалардың екі ойыншысының арасында тұрып допты тіке лақтырады. Олар секіріп, допты командасындағы әріптестеріне тартып әперуге тырысады.
Қорғау тактикасы.
Жеңістің ең басты шарты – қарсылас шабуылшымен сәтті жасалған күрес. Өз кәрзеңкесіне еш доп жолатпай жеңуге болады. Қорғаныстағы команда әрекеті шабуылға жауап болып табылады.
Тапсырманы орындау үшін команда тек өз кәрзеңкесін қорғап қоймай шабуыл да жасау керек. Қорғаныс әрқашан екі қызмет атқару керек: бұзу және құру, шабуыл жасауға мүмкіндік құру.
Жеке әрекет. Әр ойыншының дұрыс шешім қабылдауы және оны жасау команданың сәтті әрекетін қамьамасыз етеді. Қорғаушының қандай да бір қатесі қарсыласқа пайда әкеледі, команданың әрекеттерініңұйымсыздығын көрсетеді. Қорғаныстағы әрекеттердің сәттілігі тек техникалық ұсталыққа емес, сенімді және ойынға да байланысты.
Ойын техникасы.
Үйретуді дұрыс ауысудан сонымен қатар тосуды,беруді,лақтыруды,жүргізуді үйретуден бастау керек.
Ауысу.Ауысуды үйретуге әр тәсілдер.Бірінші тоқтап-тоқтап жүгіру,содан кейін секіру мен дұрыс үйретіледі.Әр әрекетке уақыт бөлінбеуі керек,бір тәсіл үйретіліп бола сала екіншісіне көңіл бөлу қажет.
Жүгіру.Жүгірудің табиғи дағдыларды қолдана отырып жүгіру техникасына алаңдап тоқтауды енгізеді жүгірудегі жаттығуларды,төмендегі тапсырмаларының орындалулары шешілмейтіндей кезек-кезек жасу керек:Дағдылы жұгіру,тіке және жылдам жүгіру,бағытты өзгертуге(айқастыра,доғал,бұрылыстар) жылдамдықты үдете жүгіру т.б.Жүгіру жылдамдығына,жүгіріс бастаудағы талпынысқа көп көңіл бөлінуі керек ондай жаттығулар жүйелі түрде жасалуы керек.Алғашқы ойыншылардың барлығы айналып жүгіруі керек.Сонда үйретуші ойыншылардың барлығын бақылап,қателігін түзеп отырады.Барлық жарыс жаттығуларында қолдың ырғақ бойынша қимылдауына көп көңіл бөлуі керек,себеі ол тек жылдам жүгіруге көмектеспейді,доппен жасалатын басқа әрекеттер үшінде маңызды.Мысалы:қолдың ырғақты қимылдауы допты тосу мен берілісте маңызды роль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет