Бастауыш сынып мұғалімінің моделі



Дата12.10.2022
өлшемі2,51 Mb.
#42573
түріЛекция

Тақырыбы Педагогтың кәсіби жеке тұлғалық сапасы

Лекция жоспары:

  • Мектеп мұғалімі – қоғамның басты тұлғасы
  • Мұғалімнің жеке басының үйлесімділігі
  • Мұғалімнің қызметі және оған сипаттама
  • Мұғалімнің қабілеттері

Лекция мақсаты:

  • Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне педагогтың жеке тұлғалық сапасы және оның құраушылары жөнінде мағлұматтар беру

Мұғалім мектептің жүрегі!

Әр адам баласын білімге шақырып, тәрбиелеп өсірген мұғалімдердің еңбегі ешқашан өлмейді. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Қиын да маңызды міндеттерді жүзеге асыра алатын, тек ұлағатты ұстаз. Осындай ауыр жүкті алып жүріп, біздерді терең біліммен қаруландырып, үлкен өмірге дайындау тек білікті ұстаздарымыздың қолынан келмек. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель» десе, Абылай хан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеген екен.

Бастауыш сынып мұғалімінің ерекшелігі.


Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады.
Ендеше, , осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Мұғалім.Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.
. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты міндеті екені белгілі.
Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады. Кіші мектеп оқушылары үшін мұғалім олар еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі әсер ете алады.
Бастауыш сынып мұғалімінің имиджі
Мұғалім өз имиджін өзі жасау керек, бұған киім таңдауы да жатады. Мұғалім имиджіндегі басты құрал, оның даусы, дауыс ырғағы, оны сабақта қолдана білуі. Оқушылармен қарым-қатынас жасауда сөйлесе білу, дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру мұғалім біліктілігінің басты көрсеткіші. Сонымен мұғалім имиджі – бұл ішкі және сыртқы мазмұн бірлігі.

XXI ғасырдың бастауыш мұғалімі


ХХІ ғасырдың мұғалімі
Психолог
Әмбебап мұғалім ХХІ ғасырдың кез келген адам баласына қояр талабы осы. Дегенмен әрбір адамға қалам ұстатып, әріп үйретуші мұғалімнің әмбебап болуы әлдеқайда маңыздырақ.
Рухани бай болу керек Қай елдің болмасын мұғалім дәрежесін көтеріп жүрген жан рухани құндылыққа болу керек.
1. Тәуекелшіл
Білікті педагог. Педагог сөзінің өзі тәрбие мен ұстаз ұғымына етене жақын. Бірақ мұғалімнің өзі білікті әрі сауатты педагог болғаны дұрыс.
КӨШБАСШЫ.
Көштің басын бастау әрине қиын, дегенмен бұл жаңа дамыған дәуірдің талабы.

Бастауыш сынып мұғалімінің моделі


Ізденпаз ғалым
Нәзік психолог
Жан-жақты шебер
Сұлулыұпен сусындаған білімпаз
Рухани бай гуманист
Идеал адамның мүсіншісі
Терең қазыналы білімпаз
Адамгершік пен патриотизмнің жаршысы

Қай ғасыр болмасын, мұғалімнің орны тақтан биік! 

Педагогикалық қабілет - мұғалімнің педаготтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы.

Педагогикалық қабілет - мұғалімнің педаготтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет