Мейірімділік асыл қасиет



Дата03.11.2022
өлшемі28,93 Kb.
#47336
түріСабақ
Байланысты:
Мейірімділік


"Мейірімділік - асыл қасиет" атты тәрбие сағаты
Тақырыбы: МЕЙІРІМДІЛІК – АСЫЛ ҚАСИЕТ
Мақсаты: Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды адамгершілікке, имандылыққа, шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ –жауап,әңгімелеу.
Көрнекі құралдар: слайд
Сабақтың барысы:
Мұғалім:
-Саламатсыздар ма құрметті оқушылар !Бүгінгі біздің тәрбие сағатының тақырыбы «Мейірімділік-асыл қасиет». Адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.
Абайдың 14 сөзімен таныстыру
«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды,
рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?
— Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.
— Адамзат ненің,кімнің мейіріміне бөленген?
— Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:
«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру(Тақтаға оқушылар осы сөздің мағынасын ашатын сөздерді қойып
шығады)
Мейірімділік шуағы: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, бірлік жарастық, махаббат, шыдамды, рақымшыл, ынтымақ , бауырмалдық, жылы жүректі , сүйіспеншілік, қамқорлық, достық.
«Мейірімділік» өлеңін оқу:
Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.
«Сары тауық және балапан» әңгімесімен таныстыру
Сұрақтар:
1. Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
2. Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
3. «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?(балалар жауабы)
-Сары тауық өзінің бойында бар, қандай жақсы қасиеттерді балапанына үйретті? 
Сол жақсы қасиеттерді балапанның бойына жабыстырамыз, ал қандай жағымсыз
қасиеттер балапанның бойында болмау керек соларды себетке саламыз.
«Болады-болмайды» тренингі
(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет
шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)
-Мейірімді болуға ….(болады),
Кешірімді болуға …. (болады),
Қатыгез болуға….(болмайды),
Тәртіпті болуға …. (болады),
Әдепті болуға ….(болады),
Ұрысқақ болуға…. (болмайды),
Сыпайы болуға ….(болады),
Қайырымды болуға …. (болады),
Бұзық болуға …. (болмайды),
Бауырмал болуға …. (болады),
Ақылды болуға …..(болады),
Мақтаншақ болуға …. (болмайды),
Шыншыл болуға….(болады),
Арам болуға …. (болмайды),
Маман болуға ….(болады),
Жаман болуға…. (болмайды),
Айтпақшы,Жаман болуға ….!(болмайды).
Мұғалім:
-Балалар жаңа өздерің көргендей сары тауық балапандарына бір-біріне адал,
қамқор,мейірімді болуды үйретіп жатыр, ал сендерге балалар жақсы болуды,
мейірімді болуды кім үйретеді?(оқушылар жауабы)
— Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде аналарың үйретеді. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады) топтастыру.
Ана: Кішіпейіл, мейірімді,бауырмал, сыпайы, кешірімді, әдепті, жақсы, жанашыр
«Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді. Ана — халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші — Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.
Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)
Күлімдеген ….мейірімді. (күн) Кіршіксіз ақ …. мейірімді! (қар)
Таза мөлдір…. мейірімді! (су) Бәрімізді көтеріп түрған …. мейірімді! (жер)
Аяулы …. мейірімді! (анам) Қадірлі …. мейірімді! (әкем)
Әлпештеген ….мейірімді! (әжем) Еркелеткен …. мейірімді! (атам)
Жылы жүзді ….мейірімді! (ұстазым) Тату-тәтті …. мейірімді! (достарым)
Жағдаяттарды шешу:
1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?
2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не
істер едің?
3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?
4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып
кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?
Мұғалім: 
-Балалар сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына» жемістерді ілеміз.
Қорытынды: -Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы
білдіңдер? Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, не үйрендіңдер? (оқушылар жауабы)
-Дұрыс балалар, адамдар бір-біріне әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын
беруі керек, әр күнін күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған адамдарға,бауырларына мейірімділік таныта білуі керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет