Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық Қабілеттерін дамыту ерекшеліктері құлсұлтанова Б. Қ



Pdf көрінісі
Дата31.03.2017
өлшемі275,55 Kb.
#10782

http://www.enu.kz

 

 



БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 

ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Құлсұлтанова Б. Қ. 

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылы 

«Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша» КММ 

http://www.enu.kz

 

 

Үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің ӛркениетке жету жолындағы 

ор талабына тұғыр боларлықтай  ұрпақ оқыту,   тәрбиелеу ісін жаңа саналық ӛзгерістер деңгейіне 

кӛтеруді  талап  етіп  отыр.  Мектеп  құрылымында  болып  жатқан  ӛзгерістер,  білім  беру 

мақсаттарының  алмасуы,  оның  дамытушылық  сипаттарының  бекітілуі,  кӛпнұсқалық  оқытуға 

кӛшу  сияқты  мәселелер  орындаушылардан  шығармашылық  бастамалық,  жӛні  бӛлек 

кӛзқарастарды, жұмыстың жоғары санасын және кәсібилікті талап етеді. 

Шығармашылық - бұл адамның ӛмір шындығына ӛзін-ӛзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Ӛмірде 

дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйін, ӛздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге 

үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың ӛшуіне жол бермеу оның рухани 

күшін нығайтып, ӛмірде ӛз орнын табуға кӛмектеседі (1, 3 бет). 

 Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер 

қабылдай  алуға,  практикалық  әрекеттерге  дайын  болуға  әкелудің  жолдары  ұсынылады, 

сабақтардың  мүмкіндіктері  қарастырылады.  Бұл  істі  нәтижелі  етуде  дамыта  оқыту  жүйесінің 

қағидалары тірек етіледі. 

 Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің кӛзі. Адам баласының сӛйлей бастаған кезінен бастап, 

бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі (1, 4 бет). 

 Қабілеттер  жайлы  жазылған  ойларды,  тұжырымдамаларды,  еңбектерді  талдай  келе,  адам 

бойында табиғи   мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі 

қарай  дамиды,  әр  адам  басқа  адамнан  ӛзінің  табиғи  психологиялық  ӛзгешеліктерімен 

ерекшеленеді  деген  қорытындыға  келеміз.Қабілеттер  -  білім  алуға  қажетті  адамның 

психологиялық ерекшеліктері. 

 Бастауыш  сынып  оқушыларының  тұлғалылығын  тәрбиелеу  үшін,  ең  алдымен  олардың 

қабілеттерін дамытудын мәні зор.  Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын 

дәлелдейді: 

1) репродуктивті -  іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі; 

2) шығармашылық -  жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. 

 Шығармашылық- 

ӛте 

күрделі 


психологиялық 

процесс.Ол 

іс-әрекеттің 

түрі 


болғандықтан,тек адамға ғана тән. 

 Шығармашылық - тӛмендегідей ерекшеліктермен сипатталатын адам әрекеті: 

- шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы; 


http://www.enu.kz

 

 



- әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы

- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы; 

- шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы; 

- нәтиженің жаңалығы, соңылығы (1, 11 бет). 

 Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамытудың негізгі факторы болып олардың 

білімі  мен  дағдыларының  дәрежесі  ғана  емес,  сонымен  бірге,  баланың  маңызды  психикалық 

қызметтерін,  ақыл-ой  жұмысының  тәсілдерін  қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  оқу  процесін 

жолға қою керекті саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық 

әрекеттері  арқылы  ғана  дамиды.  Ойлауға  үйрететін  сабақтарды  дамыта  оқыту  сабақтары  деп 

білеміз (2, 228 бет). 

 Дамыта  оқыту  жүйесінде  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  қарым-қатынас  жаңа 

қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, ӛзара сыйластық, түсіністік сияқты қасиеттер. Бала 

ӛз  ойын  қорықпай,  сеніммен  айта  алатындай  ахуал  болуы  басты  назарға  ұстанылады.  Ол  үшін 

оның  әрбір  жауабы  мұқият  тыңдалып,  дұрысы  мақталып,  қатесі  түзеліп  отырылады.  Оқушы 

кішкентай  бала  деп  қарамай,  оның  да  пікірімен  санасу,  кӛзқарасын  құрметтеу,  оның  дамуына 

орасан зор әсер ететіндігі дәлелденеді (3, 27 бет). 

 Бастауыш сыныпта жүргізіле бермейтін шығармашылыққа үйрету жұмысының бірі - ӛлең 

жазуға  баулу.  Бұл  жұмысты  бірінші  сыныптан  бастауға  болады.  Ол  үшін  алдымен  оқушыларға 

ұйқас сӛзінің мәнін түсіндіріп, ӛлеңдердегі ұйқастарды табуға беріледі. Содан кейін ғана алдымен 

жеке дыбыстар, сосын буындар, одан кейін берілген жол арқылы ұйқас жасау үйретіледі. Мысалы: 

 1) - у- у- у,                          2)    - е- е-  е, 

     Тәртіпті болу.                 Барамыз мектепке. 

 

3) - да- да-  да,                     4)    - ға- ға- ға, 



     Қызықты оқуда.              Қызықты кітап оқуға. 

 

5) Мектепке барамыз,        6)  Мен бақытты баламын



     Білім аламыз.                    Ӛйткені Қазақстанда тұрамын. 

 

7) Біз кӛңілді баламыз,        8) Екінші сыныпта оқимыз, 



    Мектепке барамыз.           Бір-бірімізбен татумыз. 

    Кӛп кітап оқып,                 Мұғалімді сыйлаймыз, 

    Білімді боламыз.                Бес пен тӛртке оқимыз. 

 


http://www.enu.kz

 

 



 Осы  тәртіппен  үйретіле  бастаған  бұл  жұмыс  кейіннен  күрделене  түсті.    Енді  мұғалім 

болашақ  ӛлеңнің  бірінші  жолын  тақтаға  жазып  қояды.  Мысалы:  «Біз  кӛңілді  баламыз»,  қалған 

екінші,  үшінші,  тӛртінші  жолдары  ұйқастарды  ескере  отырып,  балалар  айтқан  ұсыныстардан  ең 

лайықтысын таңдау арқылы құралады. Осылай ӛлең шумағы дүниеге келеді. 

 Әрине,  жұмыс  нәтижелі  болуы  үшін  мұндай  әдісті  тұрақты  түрде  және  жиі  қолданып 

отыруы керек. Оқушылар ӛз ӛлеңдерін белгілі бір тақырыптар  бойынша кішкене кітапша түрінде 

шығарып отыруға болады. 

Сынып  жоғарылаған  сайын  әртүрлі  тақырыптарға,  олардың  ішінде  қиял-ғажайыптары  да 

бар,  әңгімелер жазуды  тапсыратын  болдық.  Мысалы  мынадай  тақырыптар:    «Бұл  ӛте  қызықты»,  

«Ең қымбат нәрсе»,  «Мен қалай құмырсқа болдым»,   «Қасық болған күнім»,  солай-ақ ӛзіңді бір 

сәт үй мүлкінің бірімін деп есептейді. 

 Ертегі, әңгіме жазу жұмысын берілген оқиғаны аяқтау түрінде де тапсырып жүрдік. Ондай 

тапсырмалар балалардың қиялын дамытып, жоғары эмоционалдық деңгейге кӛтереді. 

 Балалардың  қызығушылығын,  шығармашылығын  оятқанын  кӛрсету  үшін  олардың 

жұмыстарынан мысалдар келтірейік. 

«Бір күні мен ас ішіп отырып кәдімгі қасыққа айналып кеттім. Менің ағам менімен нанға 

май жақты, тамақ ішті, тосап жеді. Ас аяқталған соң,  анам мені қалған қасықтармен бірге ыстық 

суға  жуды.  Содан  соң  таза  сүлгімен  сүртіп,  сауытқа  салып  қойды.  Түні  бойы  сауытта  тұрдым. 

Қасық болған оңай емес екен»  (Әшкен Ж.).                                                                                                        

 «Бұл  ӛте  қызықты.  Шырша-қылқанды  ағаштардың  бірі.  Ол  ӛзінің  инелерін  алты-жеті 

жылда бір ауыстырады. Сол үшін ол үнемі жасыл болып тұрады» (Сатбаева А.). 

 «Біздің жеріміз дӛңгелек. Оны дәлелдеген ғарышкерлер. Сондай дӛңгелек планеталар ӛте 

кӛп екен. Олар бір ғаламды құрайды екен. Бұл ӛте қызықты» (Қайдаров Е.). 

 Осы  тәріздес  жұмыстар  балалардың  қиялын  шарықтатып,  шығармашылығын  дамытуға 

ықпал ететіндігіне кӛзімізді жеткізеді. 

 Сахналау-тек кейіпкердің сӛзін жаттап айтып беру емес, кейіпкердің бейнесін, айтар ойын 

жеткізе алу. Ӛзіңді сол адамдай сезіну болып табылады. Бұл жұмыс арқылы бала ӛмірлік тәжірибе 

жинақтайды, ӛмірге деген кӛзқарасы қалыптасады. 

 Сыныптарда  оқылатын  шығармалар  ішіндегі  ең  қызықты  эпизодтарды  тауып  сахналау, 

кейде  кӛріністердің  сценарийлерін  ӛздері  ойларынан  шығарып  келеді.  Олар  аса  бір 

қызығушылықпен  ӛтеді.  Мысалы:    3  -  сыныпта  оқушыладың  сахналаған  «Тӛлдердің  айтысы»,  

«Тӛле  бидің  билігі»  т.  б.  ,  2-  сыныпта  «Қарасора мен  Қызғалдақ»,  «Білгір Қарға»,    «Торғай  мен 

қарлығаш»,    т.  б.    тақырыптар  оқушылардың  үлкендер  байқай  бермейтін  жаңа  қырларын  ашып, 

ұжымдық шығармашылықты дамытуға ықпал етеді. 

 Баланың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуда  ЖҰМБАҚТАР  және  МАҚАЛ-

МӘТЕЛДЕРМЕН  жұмысты  жаңаша  ұйымдастырудың  кӛп  кӛмегі  тиеді.  Жұмбақтар  -  кӛркем 

миниатюра.  Оларды  салыстыру  арқылы  пайда  болатын  образдар  беріледі.  Сондықтан  оларды 

шешу кезінде баланың логикалық ойы дамиды. 

 Балалардың ӛздері шығарған жұмбақтары: 

 


http://www.enu.kz

 

 



Оның кӛп парағы бар

Ашып оқысан, білім аласын. 

(Кітап).   (Қабыкеш Б.). 

                                                        Ӛзі кішкентай жәндік, 

                                                        Бірақ мықты, еңбекқор. 

                                                        (Құмырсқа).   (Байзельдинов И.). 

Аспанда жүреді дӛңгелеп, 

Нұрын шашады, күлімдеп. 

                       (Күн).      (Суярова С.). 

 Балалар  бір-бірінің  шығарған  жұмбақтарын  шешуін  тауып  ,  ойлау,  дәлелдеу  арқылы 

табылған шешім бала есінде ұзақ сақталып, салыстыруға, қорытуға үйретеді. 

 «Ана 


тілі»  оқулықтарында  берілген  мақал-мәтелдерді  бала  шығармашылығын 

дамытатындай етіп пайдаланудың мәні зор. Ауыз әдебиетінің бұл жанрымен жұмыс тӛмендегідей 

етіп ұйымдастырылады: 

1) оқиғаға байланысты мақал-мәтелдер айтқызу; 

2) керісінше, мақал-мәтелдің мағынасына қарай оқиға ойлау; 

3) суретке қарап тұрып, бірнеше мақал айту; 

4) мақалдың мәнін ашатын суреттер жинау

5) «100 бір жұмбақ - 1001мақал» сайысын ӛткізу.   

 Бастауыш  сыныптарында  оқушылардың  тілін  дамытуға,  шығармашылығын  арттыруға 

ықпал ететін жұмыстың бірі - ШЫҒАРМА жазғызу. 

 Шығармашылық  -  мазмұнға  байланысты  ӛз  пікірін,  ӛз  кӛзқарасын  білдіре  жазу, 

қорытынды  жасау,  тілдің  кӛркемдік  құралдарын  пайдалану  түрінде  жазылуы  ұсталады. 

Шығармаға мынандай шарттар қойылады: 

1) жазу алдында арнайы дайындықтың жүргізілмеуі; 

2) жоғары теориялық деңгейде мазмұнның бай болуы; 

3) сыныпта жақсы тілектестік атмосфераның болуы. 

 Шығарма  тақырыптары:  «Менің  арманым»,    «Менің  келешектегі  мамандығым»,    «Қыс 

қызығы»,  «Менің досым»,  т. б. Мысалы: 

 Менің арманым. 

 Менің арманым кӛп. Ең бірінші мектепті бес пен тӛртке бітіріп, институтқа түсу. Екіншісі, 

дәрігер болуды армандаймын. Адамдарды емдеп,  ӛмірлерін сақтаймын. Қазіргі армандарым осы.  

(Қисым Ә.) 



http://www.enu.kz

 

 



Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттері жайлы теорияларды талдай, 

жаңа жағдайларда пайдалану нәтижесінде тӛмендегідей қорытындыға келдік: 

1)  орта  мектеп  жасына  келгенде,    баланың  үлгі-қалыпқа  үйреніп,  тоқырауын  болдырмас 

үшін,  шығармашылық  қабілеттерді  дамыту  ісін  неғұрлым  ерте  қолға  алып,  әр  оқушының  қол 

жеткен нәтижелері мен даму дәрежесіне үнемі қарап отырып, оған талапты ӛсіре беру қажет; 

2)  бастауыш  сынып  оқушыларының  оқыту  барысында  шығармашылық  қабілеттерін 

дамыту  арнайы  әдістеменің  болуы  талап  етеді.  Әр  сабақтың  дамытушылық  мақсаттарын 

арттырып,  мазмұнды  шығармашылық  тапсырмалармен  байытып,  оларды  тұрақты  пайдаланып 

отыру арқылы бұл мәселеде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болады; 

3) сабақтардағы баланың позициясын ӛзгертіп, оны әртүрлі бірлескен әрекеттің субъектісі 

жағдайына қоя білу, баланың дербестігі мен еркіндігінің болуы- табыстың бірден-бір кепілі (4, 29 

бет). 


 

     Әдебиет 

1. Тұрғынбаева Б.А. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту. Алматы, 1999. 

2.  Педагогика:  педагогические    теории,  системы,  технологии.  Учебное  пособие.  Под 

ред.С.А.Смирнова.  Москва: Просвещение, 1993. 

3. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения.  М.: ИНТОР, 1996. 

4. Бастауыш мектеп. Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал  №4, 

Алматы, 2007. 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет