Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін ақпараттық технология арқылы дамыту



бет1/2
Дата02.05.2023
өлшемі285,71 Kb.
#88730
түріСабақ
  1   2

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін ақпараттық технология арқылы дамыту


Аннотация


Ғылыми мақалада оқушылардың таным белсенділіктері мен қызығушылықтарын қалыптастыруға тиімді әсер ететін оқытудың инновациялық жаңа әдіс-тәсілдерін сабақ барысында дұрыс пайдалану және оның тәсілдері туралы айтылған

Мектептегі бастауыш сынып оқушыларының тәрбиесі, оқуы және дамуы туралы теориясы жалпы тәрбие мәселесінде байланысады. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық, оқушылардың жеке тұлға ретінде дамуы мен таным қызығушылықтарының қалыптасуын тануға арналған зерттеу еңбектері қазіргі уақытта көп кездеседі.


Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді ұрпақ. Қазіргі заман білімділер ғасыры деп саналады. Ол үшін болашақ ұрпақты саналы, білімді қылып тәрбиелеу керек. Бүгінгі таңда алаңдататын мәселелердің бірі – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деген сөздің өзі – үлкен талап пен тәртіптің белгісі.
Еліміздің білім беру жүйелерінде күннен күнге бірқатар өзгерістер енгізіліп, олардың жаңа ұлттық модельдері құрылып, талқылануда.
Оқушылардың таным белсенділіктері мен қызығушылықтарын қалыптастыруға тиімді әсер ететін оқытудың инновациялық жаңа әдіс-тәсілдерін сабақ барысында дұрыс пайдалансақ, оқушының жаттығу жұмысын орындау нәтижесінде деңгейлері артады; пәнге қызығушылықтары артады; логикалық ойлау мен шығармашылық жұмыстарға қабілеттері жоғарылайды. Білім берудің бастауыш сатысы- баланың даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастыратын жауапты кезең болып саналады. Бұл сатыда баланың есте сақтау қабілеті, қабылдауы төмен болғанымен, білуге құмар, жан-жағын көзімен көруге, танысуға, білуге ұмтылады. Сондықтан бастауыш сыныптағы баланың қабылдау мүмкіндігін ескере отырып, қазіргі оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану ең маңызды іс болып отыр. Бастауыш сынып оқушыларына сабақ барысында дидактикалық ойындарды, дамыта оқыта отырып ,қызықтыру арқылы, білім берудің жаңа технологияларын қолданған тиімді болады .
Жаңа технологиялардың басты мақсаты – бұл мұғалімге бастауыш сыныптағы оқу үрдісінің құрылымын жаңаша өзгертуге, пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушының дүниетанымын кеңейту және жеке қабілеттерін арттыруға, оны жетілдіруге толық жағдай жасауы болып отыр.
Жалпы бастауыш сыныптағы тәжірибем бойынша алға қойған мақсатым: бастауыш сыныптың педагогикалық жүйесіндегі инновациялық әртүрлі технологияның тиімділігін арттыру. Мүмкіндігінше сабақта оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану, әр оқушының психологиялық, физиологиялық, жеке-дара ерекшеліктерін ескеру, жаңа технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектептің оқу жағдайына үйрету .
Кейде 3-сынып бағдарламасында кей пәндер бойынша оқушыларға кейбір мәтіндерді түсіну біраз қиындық тудырады. Өйткені күнделікті тұрмыста кездеспейтін қиын сөздер жиі кездесіп отырады. Сондықтан үй тапсырмасын сұрамас бұрын, алдымен жаңа тақырыпты меңгерту қажет. Жалпы оқушы бойындағы танымдық қабілетті дамыту үшін оқыту үрдісінде пайдаланылатын инновациялық технологияларды тиімді қолданып, нәтижесін көру әр мұғалімнің шығармашылық қабілетіне байланысты.
Сабақтарда «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасын негізінде сыни көзбен оқу арқылы, оқушының өзіне деген сенімділігін арттыру мақсатында пайдаланамыз. Оқушыларды толықтай сабаққа қатыстыра отырып, олардың әрқайсысының даму- танымдық деңгейін танимыз. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап оқушыларға тақырып бойынша болжам жасатып, мақсат қою, сұрақ беріп жауап алу және мазмұнды толық түсінуге жағдай жасайды. Қазіргі уақытта сабақта қолданатын стратегиялар: Кубизм стратегиясы, Білемін, Білгім келеді, Үйренемін стратегиясы, Венн диаграммасы, Бірін-бірі оқыту стратегиясы, Түртіп алу. Бұл стратегиялар кез-келген тақырыпты ашуда көп септіктерін тигізеді. Бұл технологиялардың қай қайсысыда оқушыларға өз бетінше жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді.
Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың өз бетімен білім алуына көмектесе аламыз. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар; компьютер; интер белсенді тақта; ғаламтор; компьютер; электрондық оқулықтар және тағы басқалары жатады. Бұл әдістерді оқу үдерісі мен сабақтарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану деп атауға болады.
Мектептің бастауыш сыныптарын оқытуда оқушылардың оқудағы белсенділігін, дербестігін арттыру; оқу іскерлігі мен дағдыларын, зерттеушілік, рефлексивті, өзін-өзі бағалауын дамыту; өмірмен байланысты оқыту қағидасын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қағидаларын қажет етеді.
Мұғалім- бастауыш сынып оқушылары үшін ең жоғарғы бедел иесі болып табылады. Оқушылар әр пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тұрақтанған қалпы бар сала- болып бастауыш мектеп саналады. Қазіргі таңда бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері көп жасалып отыр.
Қазіргі уақытта осы аталған зерттеудің нәтижесінде «Қызығу» түсінігі, оның даму сатылары нақтыланған, танымдық қызығудың мәні мен өзіндік ерекшелігі ашылған. Дегенмен, қазіргі оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселесі мына бір жағдайды есепке алу керектігін көрсетеді: қазіргі алынатын мәліметтердің осыдан біраз уақыт бұрын алынған мәліметтерден өзгешелігі болады. Бұған белгілі дәрежеде жаңа оқу бағдарламалары, оқулықтар, бастауыш оқытудың теориялық және ғылыми дейгейдің жоғарылауы, сонымен қатар қоғамымыздың рухани мәдениетінің өсуі де ықпал етеді.
Мектеп оқушыларына жүргізілген бақылаулар нәтижесінде оқушылардың танымдық қызығушылығының мынадай көрсеткіштері байқалады:
- қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілерге және іс–әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас;
- білім алуға және оны меңгеруге тырысу;
- танымдық іс әрекетте еріктің болуы;
- бос уақытын пайдалана білу сипаты;
- жаңаны білуге ұмтылысы,
- мектепке және оқуға жағымды қатынасы.
Бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі – оқушының оқу-танымдық әрекетін басқарудың негізгі бір буыны ақпараттық технологияны таңдау.
Оқушы әрекеті – білім мазмұнын білуге ынтасы, құштарлығы және оны қабылдауы. Білім мазмұны оқушыларға негізінен оқулық (немесе электронды оқулық) арқылы беріледі. Базалық білім мазмұнының дәстүрлі әдістеме бойынша оқытылуы тиімді болмай отыр. Өйткені, оқытудың ақпараттық технологиясы оқушылардың оқу ақпараттырын меңгеру қабілеттерін күшейтуге әсер етеді. Бұл соңғы уақытта ақпарат ағымы интенсивтілігінің артуына байланысты, адам 1 секундта 10 миллион байт ақпарат алатындай күйге жетіп отыр. Ақпаратты қабылдаушы мен оны өңдеу, сақтау блоктары мен ақпарат ағымының өзі үлкен жүйені құрайды.



1 –сурет. Ақпараттық технология жағдайында оқушының оқу-танымдық әрекеті


Көріп тұрғанымыздай, сызба бойынша жүйенің кірісі, масымалдау каналы мен ұмыту немесе оны естен шығару рөлін атқаратын шығысы бар.
Бастауыш сынып оқушыларыныңи технологиялық білімін ақпараттық технология негізінде қалыптастыру жүйесінің құрамында мына компоненттерді қарастырамыз.
- Мазмұндық (ақпараттық–компютерлік технологияны сабақтғы іс-әрекеттерге пайдалануға байланысты білім жүйесі);
- Іс–әрекеттік (ақпараттық–компютерлік технологияны сабақтғы іс-әрекеттерге пайдалану іскерлігі және осы іскерліктер қалыптасып, дамитын іс–әрекет түрлерін пайдалану іскерлігі);
- Технологиялық (ақпараттық – компютерлік технологияны сабақтғы іс-әрекеттерге пайдалануға даярлау үдерісін қажетті әдістер, құралдар және бағдарламалар жүйесі арқылы ұйымдастыру ерекшелігі);
Біз осының бәрін ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларының технологиялық білімін ақпаратытқ технология негізінде қалыптастырудың моделін жасадық (2 сурет)

Бастауыш мектеп балаларының алғашқы сенімін қалыптастыру үшін оларды жеке адам ретінде, олардың әрқайсысын жеке-жеке ажырату керек. Бұл жерде мына екі түсінікке зер салайық. Сондықтан жеке бала-тұлға деп санап, оларды түсінуіміз қажет. Жеке тұлға деп қараған уақытта ғана, оның даму процесін танимыз. Сол уақытта ғана ұстаз бен ата-ана, жолдас-жора, қоршаған ортадан не алды, қалай дамуда, не істеу керек деген сияқты сұрақтарға жауап алуға болады.
Біріншіден, жеке тұлғаның жақсы қасиеттеріне жүгініп, оның перспективтік дамуына, оптимистік, болашаққа сенімділік көзқарасын жетекші идея ретінде пайдалану.
Екіншіден, баланы мектеп оқушысы ретінде танып, жеке азамат ретінде қарап, осы міндеттерді атқаруға жағдай жасау.
Үшіншіден, мектеп баласы болса да, бұл қайталанбас тұлға екеніне көз жеткізу, соған талпыныс жасату.
Төртіншіден, балаға жеке тұлға ретінде қарап, тең құқықты азамат ретінде танып, осы тұрғыда қарым-қатынас жүргізу.
Бесіншіден, педагогикалық қызметтестік қағиданы берік ұстау, олардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру. Мысалы мектепте екі қатар сыныпта бірінде өте абыройлы, тәртіпті қалайтын, өзі де сол принципке берік, білікті мұғалім жұмыс істейді. Оның оқушылары да тәртіпті, ұқыпты мектептегі үлгілі сыныптың қатарына жатады. Келесі сыныпта еркіндікті қалайтын, өзі де асығыс жұмысты орындайтын мұғалім сабақ береді делік. Ол сынып оқушылары тәртіп жағынан онша дұрыс көріне бермейтін болып келуі мүмкін. Сол екі сыныптың балалары бесінші сыныпта күрт өзгеруі мүмкін. Тәртіпке үйренген, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындайтын балалар көп пәндік мұғалімдерге тап болғаннан кейін, сол бұрынғы тәртіптіліктен айырылады. Екінші топтағы балалар жаңа жағдайға тез үйреніп кетеді. Мұндағы айтарымыз-бастауыш сыныпта өктемдікке үйренген балалар бесінші сыныпта басқа өзгеріске ұшырайды.
Сонымен қатар, бала еңбегінің отбасылық қуаныш-мақтанышын тудырудағы ата-ананың орыны да зор. Баланың отбасылық қуаныш-мақтанышқа кенелуіне ата-ана бірінші сыныптан бастап өз үлестерін қосады. Отбасының баланың жетістігіне қуанышын ұйымдастыруы балаға көмек беруден бастау алады. Көмектің өзі екі тұрғыда жүреді. Біріншісі – түсіндіріп көмектесу, ал екіншісі – баланың жұмысын ата-ананың өзінің орындауы. Екіншісі педагогикалың түрғыдан дұрыс емес. Бала әке-шешеге арқа сүйеп кетеді.
Екінші сыныпта баланың оқуындағы әке-шешенің көмегі – ол баланың сабақ оқуына қатысу немесе қадағалау. Екінші сыныпта балаға еркіндік беріп, сабақты өз бетінше орындауға жағдай туғызу, кеңес беру керек.
Үшінші сыныпта баланың сабақ орындау кезінде ата-ана тек бақылап, қадағалаумен шектеледі. Осылай біртіндеп ата-ана баланың сабақ орындауын өзіне жауапкершілкпен жүктейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет