Бастауышпен қоштасу мерекесі Тақырыбы: «Аттандық бала шақтан-болашаққа»



бет1/9
Дата18.04.2023
өлшемі41,69 Kb.
#83937
  1   2   3   4   5   6   7   8   9



Бастауышпен қоштасу мерекесі
Тақырыбы: «Аттандық бала шақтан-болашаққа» 
Мақсаты:
Оқушылардың 4 жыл бойы алған білімдері мен жетістіктерін ата –аналарға , ұстаздарға көрсету.Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету. Ұстаздарға алғыс айту.
Көрнекілігі: шарлар , слайд . нақыл сөздер
Барысы:
1-жүргізуші
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда .
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Аттандық бала шақтан-болашаққа» атты мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші:Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
1-жүргізуші:Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген — бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
2-жүргізуші:
Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
Төртінші сыныптарды ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап «Әліппемен қоштасу», «Тілашар» , дәстүрлі Наурыз тойлары , «Ханзадалар мен ханшайымдар» сайысы , «Алтын күз» мерекесі , «Анам екеуіміз», «Толағай» сияқты отбасылық сайыстар , мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер, сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.
Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса оқушыларға сөз кезегін берейік!.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет