Міржақып Дулатовтың тарих философиясы



Дата28.04.2023
өлшемі1,38 Mb.
#87739

Міржақып Дулатовтың тарих философиясы

  • Міржақып Дулатұлы (1885 жыл, қарашаның 25 – 1935 жыл, қазанның 5) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі.
  • Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — «Оян, қазақ!» деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда «Азамат», ал 1915 жылы «Терме» атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы «Оян, қазақ!» жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.
  • Міржақыптың шығармаларындағы оның әлеуметтік, азаматтық әуендерінде үлкен көрініс беретін тақырып әйелдер теңдігі, яғни әйелдің қоғамдағы, семьядағы кұқығы, еркі, азаттығы. Ол әйел теңдігі мәселесіне улкен назар аударып, оны әлеуметтік тұрғыда шешуге тырысады.

Міржақып дуниетанымының қалаптасуында Шоқан мұраларының ізі анық байкалады. Ш. Уалихановтың демократиялық көзқарастары («Сот реформасы туралы») Міржақып шығармаларымен де сабақтасып жатады.

  • Міржақып 1897-1902 жылдар аралығында Торғай қаласындағы орыс- қазақ училищесінде алғаш дүниелік пәндермен таныс болады. Ал, ол училищенің негізін салған адам, ірі қоғам қайраткері, қазақ ағартушыларының кернекті өкілі, ғалым, педагог Ы.Алтынсарин болатын. Осы оқу мекемесінде Міржақыптың оның еңбектерімен еркін сусындады. Ы.Алтынсарин дүниетанымы мен М.Дулатовтың қоғамдық ой пікірі мен дуниетанымдық көзқарастарының кейбір тұстары үндесіп, сабақтасып жатады, яғни Міржақыптың дүниенымының қалыптасуына тұңғыш педагог еңбектерінің ықпалы болғаны.

М. Дулатов «Адамшылық ой-қиялы өте таза, ұлт жанды елін-жерін сүйген» ұлы ойшылдың қазақ қоғамының дамуына, ұлттық сананың өсуіне ықпалы зор болды. Абай өмір сүрген XIX ғасырдың екінші жартысы Ресей патшалығының «отаршыл саясаты гүлдеу шегіне жетіп» қазақ халқының қараңғылығы әлеуметтік сипат алған кезең еді. Ресей бодандығында жатқан қазақ халқының сауатсыз, қараңғы, надандықта жатқаны көре білді, ол сол жолда күресе білді, бүкіл саналы өмірін елінің мұратына арнай білді.

  • Адам мен адамгершілік мәселесі тәуелсіздікті мұрат тұтып,елінің, өркендеуін аңсаганын Алаш қайраткерлерінің шығармашылығында жиі кездестреміз. Әсіресе, бұл мәселені философиялық тұрғыда жан-жакты шешіп этикалық тұжырымдамасының өзегі еткен Абай еді. Онын кез-келген шығармасындағы «Адам бол!» шафхатты үндеуі оны таза адамгершілігі мол ойшыл, гуманист етті. Ол адам болудың біртұтас кодексін жасады. Абай негізін қалаған бұл принціп қазақ дүниетанымының іргелі ұғымына айналды. «Адам бол!» ұғымын қазақ дүниетанымының тағы бір универсалиясы «Жарық дүние» ұғымынсыз қарастыру мүмкін емес, өйткені бұл екеуі бірін-бірі толықтырып, бір-бірінің мәнін ашады.
  • Міржақып – Дулатовтың қоғамдық-саяси көзқарасын, дүниетанымын аяғына дейін нақты түсініп білу қиын. Себебі, оның арнайы жазған философиялық шығармалары (трактаттары) жоқ. Оның философиялық ой-пікірлерін көркем әдеби прозалары мен поэзиясынан, публицистикасы мен Ғылыми- зерттеу мақалаларынан танимыз. Оның шығармашылығының жемісі, ондағы көтерген мәселелері, қоғамдық әрекеті тұнып тұрған философия мәселелері десек қателеспеген болар едік. Халқын жаппай ағартушылыққа шақыра отырып, жас ұрпақты тәрбиелеу арқылы адамгершілік пен жақсы мінез құлықты қалыптастыру қажет деп санады.
  • Міржақып арнайы этикалық негізде енбек жазған жоқ. Соған қарамастан этикалық ой-толғамдарды оның шығармашылығынан көптеп кездестіреміз, Оның енбектері қазіргі кезеңде де құндылығын жоғалтқан жоқ. Ақын мұрасы әлеуметтік, экономикалық мәселелердін күрделіленіп тұрған біздін кезенімізден, әр адамы қоғам алдындағы өз борышы мен жауапкершілігін санал түрде түсінуге жәрдемдесетін құрал. Оның шығармалары адам үшін рухани қазына, туған елін мен жерінді қадірлеу мен сүюдің үлкен үлгісі. Себебі М. Дулатовтың өзі елі мен жерін сүйе білді, сүйей білді.
  • М.Дулатовтын өмірі мен қызметі халқымыз үшін биік мұрат пен халқына деген асыл адалдықтың рәмізіне айналады. Аққан жұлдыздай болғай оның қысқа ғұмыры, адам төзгісіз ауыртпалықтар мен халық мүддесіне қызмет етуге деген бағытка толы болды. Сол арқылы келер ұрпақ үшін Міржақып болмыс мәнін өмір кұндылығын дәлелдеп кеткендей.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет