Бауыржан Момышұлы



Pdf көрінісі
Дата08.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#134821


Бауыржан 
Момышұлы
Орындаған : Ерғазы Абылайхан
8”а” 125 high school


Жоспары : 
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
a. Ел үшін жаралған ер
III Қорытынды 


Кіріспе
Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 
маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, 
Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери 
қолбасшы, стратег және тактик.Батыс майданындағы 16 
армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-
гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 
атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 
Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан 
соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі 
дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек 
айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға 
лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 
207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша 
күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте 
жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы 
басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино 
деревнясының жанында Волоколам тасжолында асқан 
ерлікпен ұрыс жүргізді. 


1928-1930 жылдары бастауыш 
мектепте ұстаздық етеді.
Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты 
хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық 
милицияда 6 айдай жұмыс істейді. 1932 - 1934 жылдар 
аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 
1933 жылы полк мектебін бітіреді. 
Атқару комитетіндегі қызметімен көзге түскен Бауыржан 
Тимофей Дубовиктің қолдауымен Шымкент өнеркәсіп банкінің 
экономисі болады. Осы қызметте жүрген уақытта 1936 жылы 
Республикалық банктің меңгерушісі Б.М.Барханның 
жолдамасымен Ленинградтағы Финанс академиясының 
жанындағы бір жылдық курсты бітіреді.


Біліктілігін бағалаған басшылық 
оны КСРО өнеркәсіп банкінің 
республикалық басқармасына аға 
консультант ретінде тағайындайды. 
1936 жылы жаңадан құрылып жатқан 
бөлімге взвод командирлігіне 
шақырылады.
Бұл кезде рота командирі, полк штабы бастығының 
көмекшісі болады. 1939 жылы әкесі Момыш қайтыс 
болады. 1946-1948 жылдары Ворошилов атындағы әскери 
академияның тыңдаушысы болады. 1948-1950 жылдары 
49-атқыштар бригадысы командирінің орынбасары 
қызметін атқарады. 


1952 жылы Кеңес Армиясы Бас Штабының 
жанындағы Жоғары әскери академияны 
тәмамдайды. 1953 жылы академик Ван-Чон-Худың 
басқаруымен келген Қытай делегациясымен 
кездеседі. 
Соғыстан кейін 1950-1955 жылдары Совет Армиясы 
әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы 
полковник атағымен отставкаға шыққан cоң, елге 
оралады. Елде біраз уақыт жұмыс табылмайды. 
Өмірбек Жолдасбеков Қазақ Ұлттық Университетінің 
әскери кафедрасына жұмысқа алмақ болады.
Алайда оған да қарсылық болған көрінеді. Батыр 
енді толықтай шығармашылықпен айналысады. Ол 
қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз 
өміріндегі көрген білгендерін шығармаларына арқау 
етеді.


Қорытынды 
Соғыста көрген-білгенін үнемі қағаз бетіне 
түсіріп жүрген Бауыржан Момышұлы халыққа Ұлы 
Отан соғысының батыры ретінде ғана емес, 
сондай-ақ шебер жазушы болып танылды. Ол 
майдандағы естеліктері жайлы «Офицердің 
күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Артымызда 
Москва» секілді көптеген кітаптар мен әңгімелер 
жазды. Момышұлы генерал Панфилов туралы 
жазылған «Генерал Панфилов» өмірбаяндық 
әңгімелер мен «Ұшқан ұя», «Мәскеу үшін шайқас», 
«Жауынгердің тұлғасы», «Майдан», «Майдандағы 
кездесулер», «Төлеген Тоқтаров», «Куба әсерлері», 
«Адам қайраты», «Елбасына күн туса секілді» 
кітаптардың авторы. Сондай-ақ, Момышұлы 1976 
жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығымен 
марапатталды. Ол «Кубадағы кездесулер» және 
басқа да саяхатқа қатысты очерктер жазған.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет