2. Компьютерлік желілердің түрлері
Жергілікті және аймақтық-таратылған желілер
Жергілікті желі бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Аймақтық-таратылған желілер географиялық тұрғыдан алғанда бір бірінен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.
Жергілікті желілер-дербес компьютерлерді бірбірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.
Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.
Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынандай ерекшеліктерін атап өтуге болады:
Құжаттарды бірге пайдалану;
Құжат айналымын жеңілдеті: тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ, жиналыс жасамай-ақ әр түрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсніктеме беруге мүмкіндік алады;
Компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу ;
Сервердегі қолданбалы программалармен оңай байланыс жасай алады;
Аймақтық таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлы желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет көрсете алатын телефон арналары қолданылады. Мұнда ISDN арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен көлемді файлдарды тасымалдау үшін жиі қолданылады.
Модем немесе алыста орналасқан сервер көмегімен жүзеге асатын аймақтық тармақталған желілер функциясын жергілікті желілер құрамына енгізе отырып,сыртқы коммуникация технологияларының төмендегідей мүмкіндіктерін пайдалауға болады:
Интернет дегеніміз- дүниенің түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер базасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі.
Кез келген компьютерлік желі жұмысы тополгия, хатамма (протокол), интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдыр тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.
Желі топологиясы оның негізгі функциональдық элементтерінің бір бірімен байланысу құрылымын анықтайды.
Желілік техникалық құралдар-компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.
Желілік программалық құралдар-компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.
Интерфейстер-желіеің функциональдық элементтерін бір бірімен үйлестіру құралы.
Протоколдар-желінің функциональдық элементтерінің бір бірімен қатынас жасау ережелері. Функциональдық элементтер рөлін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |