Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек


ЖАНҰЗАҚОВ ТЕЛЬМАН – ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛИСТ



бет104/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   333
ЖАНҰЗАҚОВ ТЕЛЬМАН – ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛИСТ

Жанұзақов Тельман (1935 - 1978) 1935 жылы 13 тамызда Нарынқол селосында туған. 1956жылы Әл - Фараби атындағы ұлттық университеттің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Еңбек жолын 1956 жылы «Лениншіл жас» газетінің әдеби қызметкері болып бастады. Осы газетте бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары міндеттерін атқарды. 1967-1971жылдары СОКП - нің органы «Правда» газетінің Қазақстандағы тілшісі, 1972 - 1974 жылдары екі тілде шығатын «Ара» - «Шмель» журналының бас редакторы, 1974жылдан өмірінің соңғы жылдарына дейін


«Қазақфильм» киностудиясы директорының орынбасары, директоры, Қазақстан кинематографистер Одағының екінші хатшысы болып жұмыс істеді. Жұртшылыққа кең танылған журналист. Орысшаланып кеткен елді мекендердің атауына байланысты жазған мақаласы
«Правда» газетінде жарияланып, соңы үлкен әңгімеге ұласқан. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінде талқыланып қазақша атауларды (Медеу, Көкшетау) дұрыс жазу туралы ұсыныстарын ұлтшылдық көзқарас деп айып таққан. Швейцар жазушысы Ф.Дюрематтың «Сот пен жөндет» повесін, Америка жазушысы Ф.Купердің «Могиканың соңғы тұяғы», А.Толстойдың
«Инженер Гариннің гиперболойды» романдарын қазақ тіліне аударды.
«Ради жизни на земле», «Олимпийский факел», «Азаматтар» атты кітаптары жарық көрді. Нарынқол ауылындағы өзі оқыған Нарынқол орта мектебіне Тельман Жанұзақов есімі берілді.
ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ ШЕРУБАЙ –ҒАЛЫМ

1964жылы 27қарашада Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында туған. Тіл білімнің маманы, филология ғылымның докторы, доцент. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1983-1985жылдары әскер қатарында болды. 1991жылы Әл – Фараби атындағы ҚазМҒУ - дың филология факультетін бітірген. Еңбек жолын ҚР ҰҮА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтының кіші ғылыми қызметкері ретінде бастап 1993 - 1996 жылдары осы институттың ғалым - хатшысына дейін көтеріледі. 1996 - 1996жж. Әл - Фараби атындағы ҚазМҰУ - дың филология факультетінде қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. 2001жылдан ҚР Мәдениет, ақпарат және Ұлтаралық келісім министрлігіне Тілдерді дамыту департаментіне басқарма бастығы қызметін атқарады


«Өсімдік мүшелері мен олардың құрлым - құрлысына қатысты терминдер» деген тақырыпта кандидаттық, 1999жылы «Қазақ лексикасының терминденуі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. ҚР ҰҒА - ның «Аса көрнекті зерттеушілер мен талантты жас ғалымдарға арналған мемлкеттік стипендиясының» иегері. Ш. Құрманбайұлы бір монография, бір оқулық, үш сөздіктің, 40 - тан астам еңбектерінің авторы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет