Бекишев Қ., Танабаева Б. А. Шығарылған химия есептері



Pdf көрінісі
бет1/62
Дата26.12.2023
өлшемі2,05 Mb.
#143509
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62



 
 
Бекишев Қ., Танабаева Б.А. 
 
 
 
 
Шығарылған
химия есептері
 
(8 – 11 сыныптар) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы: Қазақ университеті, 2018 



УДК 54
 
ББК 24 
Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Химия 
факультетінің Ғылыми кеңесі ұсынған.
Пікір жазғандар: 
техника ғылымдарының докторы, профессор Н.Қ.Түсіпбаев 
химия ғылымдарының кандидаты А.Қазимова 
Бекішев Қ., Танабаева Б.А. Шығарылған химия есептері. 8-11 
сыныптар. - Алматы: «Қазақ университеті», 2018. – 200 б. 
Оқу құралында ҚР орта мектептерінің 8-11 сыныптарына арналған 
«Химия-8-11» оқулықтарында берілген сандық есептердің қысқаша 
шешулері келтірілген. Оқу құралы ҚР жоғарғы оқу орындарының 
5В011200 - Химия және 6М011200-Химия мамандықтары бойынша 
оқитын студенттер мен магистранттарға арналған. Оны сонымен қатар 
абитуриенттер Бірыңғай Ұлттық Тестілеуге дайындалу кезінде, ал жас 
мектеп мұғалімдері күнделікті жұмысында пайдалануына болады.
ISBN
© Бекішев Қ., Танабаева Б.А. 2018 



Есеп шығара білу
жаттығу нәтижесіне қалыптасатын өнер. 
Д.Пойа 
Алғы сөз 
 
Есептердің таным процесіндегі ролі өте зор. Есеп шығару кезінде 
оқушылардың ойлау қабілеттері тез дамиды. Сондықтан орта мектепте 
математика, физика, химия пәндерін оқыту кезінде сандық және 
сапалық есептер шығару өте маңызды орын алады. 
Химия есептерін шығару кезінде оқушылар химия ғылымында 
қолданылатын негізгі теориялар мен заңдар, ұғымдар мен терминдердің 
мазмұнын, қосылыстардың химиялық формулалары мен атауларын, 
химиялық реакция теңдеулерін, заттардың физикалық және химиялық 
қасиеттерін, математикалық формулаларды еске түсіріп, есептің 
шартында тұжырымдалған нақты мәселелерді шешу үшін қолдануға 
тырысады, еске түспеген жағдайда оқулықтардан немесе анықтамалық 
кестелерден өз бетімен іздеп табуды үйренеді. Осылай сан рет қайталау 
нәтижесінде әрі есеп шығару тәжірибесі қалыптасады, әрі химия пәні 
терең меңгеріледі. Есеп шығару кезінде пәнаралық байланыстар іске 
асырылып, химия ғылымы мен өмірдің байланысы ұштастырылады,
табиғаттың бірлігі туралы көзқарастар қалыптасады. Сонымен қатар 
есеп шығару арқылы әр оқушы өз білімі мен біліктілігін тексереді. Есеп 
шығару кезінде бұрынғы меңгерілген материалдарды қайталау және 
қорытындылау жүзеге асып отырады. Сонымен, есеп шығару арқылы 
білім берудің оқыту, тәрбиелеу және дамыту функциялары жүзеге 
асырылады.
Осындай маңызды мәселеге ҚР орта мектептерінде осы күнге дейін 
жеткілікті көңіл бөлінбей келеді. Бірыңғай Ұлттық Тестілеу, химиялық 
олимпиадалар нәтижелерін сараптау, жоғарғы оқу орындарына түскен 
студенттердің білімін тексеру және студенттердің педагогикалық 
практикасы кезіндегі жүргізілген бақылау жұмыстары оқушылардың 
көпшілігінің химия есептерін шығаруды жеткілікті меңгермейтіндігін 
көрсетеді.
Оқу құралында ҚР орта мектептерінің 8-11 сыныптарына арналған 
Химия оқулығында келтірілген сандық есептердің қысқаша шешулері 
келтірілген. «Химия-10» оқулығы есептерінің шешулерін дайындауға 
әл–Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия және 
химиялық технология факультетінің түлегі Мұқанова Акерке қатысты.
Оқу құралы туралы пікірлеріңізді kurmanbekishev49@gmail.com 
адресі бойынша авторларға жіберулеріңізге болады. 
Авторлар. Алматы, 2018. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет