«Бекітемін» Мектеп директоры 2022ж Педагог-логопедтің жеке сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары



бет1/2
Дата28.08.2023
өлшемі28,74 Kb.
#105634
түріСабақ
  1   2

«Бекітемін»
Мектеп директоры ___________ «_____»___________2022ж
Педагог-логопедтің жеке сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары


1 «Ә» сынып оқушысы ______________


Бірінші жартыжылдық


Түсінік хат

Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығының бастауыш білім беру деңгейінің үлгілік оқу бағдарламаларын (1-сынып) және сөйлеу тілінде бұзылыстары бар білім алушыларды логопедиялық тексерудің нәтижесін негізге ала отырып құрастырылды. 1-сыныптың білім алушыларына арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар сөйлеу тілінің 3 компоненті мен оқу және жазу дағдыларын дамытуға бағытталған.


Бірінші бөлім сөйлеудің фонетикалық-фонематикалық құрамын: дыбыстарды қою, дыбыстарды автоматтандыру, дыбыстарды буындарда, сөздерде, сөйлемдерде, байланыстырып сөйлеу тілінде машықтандыру, дыбыс пен әріпті ажырату, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату (дыбыс сызбасы), дыбыстық-әріптік талдау мен жинақтау дағдыларын дамыту, дыбыстық-буындық талдауын дамыту, сөздегі бірінші және соңғы буынды, дыбысты ерекшелеу, сөздегі дыбыс, буындардың реттілігін анықтау (дыбыс, буын сызбасы), фонематикалық қабылдауын дамыту, буын, сөзді буынға бөлу, дауысты дыбыстардан буын құрау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Екінші бөлімде білім алушының сөздік қорын дамытуға бағытталған. Сөздік қорын кеңейту, мектеп бағдарламасын меңгеру үшін 1-сыныптың барлық пәндері бойынша оқулықтардың мәтіндерінен сөздер алынды. Оқулықтан: Менің отбасым (ата, әже, ана, әке, іні, қарындас, аға, әпке, отбасылық мерекелер), мектеп құралдары, менің мектебім (кітапхана, асхана, сынып, спортзал), менің мекенжайым (қала, ауыл, көше), Қазақстан қалалары, жемістер (алма, алмұрт, қара өрік, жүзім, өрік), көкөністер (қызанақ, қияр, картоп, сәбіз, бұрыш, асқабақ, орамжапырақ), менің достарым, жыл мезгілдері, апта күндері, күн тәртібі, үй жануарлары, жабайы жануарлар, санамақтар мен жаңылтпаштар, ҚР мемлекеттік рәміздері (Ту, Әнұран, Елтаңба), мағынасы қарама-қарсы сөздер: ауыр-жеңіл, ұзын-қысқа, алыс-жақын, қымбат-арзан, қалың-жұқа, үлкен-кіші, биік-аласа, артық-кем. және т.б. сөздер алынды.
Үшінші бөлімде білім алушының грамматикалық құрылымы мен фразалық және байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға бағытталған. Бұл бөлімде сөйлем мен сөз, сурет бойынша сөйлем құрастыру, берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру, сөйлемдегі сөздердің санын анықтау, сөйлемдердің графикалық модельдерін құру, қарапайым сұрақтарға жауап беру, сюжетті суретке қарап мәтін құрастыру дағдыларын дамытуға бағытталған.
Төртінші бөлім білім алушының оқу және жазу дағдыларын дамытуға бағытталған. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар жеке дамыту бағдарламасы негізінде бір жартыжылдыққа құрастырылды. Бірінші жартыжылдық соңында білім алушының жетістіктері белгіленіп (+,-), меңгермеген мақсаттар келесі жартыжылдыққа ауыстырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет