Қазтуғанның "Белгілі биік көк сеңгір" толғауына толық поэтикалық талдау жасаңыз
Жаңаша жыл санауға дейін-ақ ірге бекітіп, қуатты мемлекетке айналып үлгерген сақ, ғұн, үйсін, қаңлы елдері, VI–VIII ғасырлардағы Түрік, Түргеш, Қарлық қағанаттары, VIII–IX ғасырлардағы оғыз, қыпшақ, қарахан дəулеттері, XI–XIV ғасырлардағы Алтын Орда ұлысына ұласты. Ұлы дала төсіндегі алып империялардың сынығы — Алтын Орда хандығы есеңгіреп, ыдырап, ақыр аяғында бірнеше хандықтарға бөлініп кетті. Ағайынның арасына алауыздық кіріп, бүтін халық екі жартыға бөлінді. Бір ата, бір анадан туғандар жылап айырылысты. Қарға бойлы Қазтуғанның [1; 14]:
Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған,
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақасы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас.
Қайран менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт!... –
деп еңірейтіні осы тұс.
Қай кезде де ел басына үйірілген бұлт оның əйгілі тұлғаларын айналып өткен емес. Алтын Орданың шаңырағы құлап, Еуразияның ұлы даласына көктей көшкен көшпелілер басынан бақыт құсы ұшқан кезде сұңқылдап тұрып жоқтау айтқан əйгілі тұлғаларымыздың бірі Сүйінішұлы Қазтуған жырау болған. Қазтуған өткенін қимай, бүгінге риза болмай, болашағына секеммен қарап өткен жырау.
Филология ғылымдарының кандидаты А.Сейітованың деректеріне сүйенсек, Қазтуған қазіргі Астрахан облысына (қазір Ресейге жатады) қарайтын Краснояр ауданы, Еділдің төменгі салалары Бозан, Ақтұба өзендері маңында дүниеге келген. Жыраудың ғұмыр кешкен кезеңі жайлы əр түрлі пікірлер бар. Əдебиеттанушы-ғалымдардың дені жыраудың дүниеге келген уақытын ХV ғасырдың 20–30 жылдарымен байланыстырады [2; 58].
«Қазақ тарихы» журналында Қазтуған туралы мынадай мəліметтер берілген: «Шамамен ХV ғасырдың 20–30-жылдарында Еділ бойында, қазіргі Астрахан облысының Красный Яр қаласының маңында дүниеге келген. Əкесінің аты Сүйініш, Қазтуған Еділдің салалары Ақтұба, Бозан бойын жайлаған түркі тайпаларының көсемі, əскербасы, батыры болады. Дешті Қыпшақта XV ғасырдағы дүрбелең кезеңінде оның кімдерді жақтағаны, не істегені белгісіз. Тек ғасырдың екінші жартысында өз қарауындағы рулармен бірге Еділден ауып, Қазақ Ордасының құрамына өткендігін білеміз» [3].
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ə.Сарай «Ноғайлының рухани өмірі» атты еңбегінде:
Достарыңызбен бөлісу: |