Бәсекеге қабілетті тұлға



бет1/3
Дата20.02.2023
өлшемі1,88 Mb.
#69655
  1   2   3

Бәсекеге қабілетті тұлға

Тәрбие сағаты

Жалғасқызы Дана

Өмірлік жоспар - бұл іс-әрекеттің жоспары, сондықтан оны бірінші кезекте кәсіптік таңдаумен ұштастырады. Жасөспірімдер мен бозбалалар үшін кәсіптік таңдау көбінесе моралдық проблема болып келеді. Кәсіптік таңдаудағы біздің басшылыққа алатын ең басты нәрсеміз ол өзімізді жетілдіруіміз және адамзаттың игіліктері. Кәсіптік таңдау адам баласын өзінше анықтайды. Ол өзіне іс-әрекет етудің белгілі бір сферасына араласады, яғни ол онда өзінің күш-жігері мен әдістерін жүзеге асырады.

Бұл сонымен бірге басқа да толып жатқан іс-әрекет пен қызметтерден бас тарту болып есептелінеді және де бұл жеңіл болып көрінгенімен жауапкершілікті өзі шектеуді таңдау оңай емес. Кәсіп жөнінде өзін-өзі анықтау бүгін көп жақты, көп баспалдақты процесс. Оны психологияда әртүрлі көзқараста қарастырады .


Біріншіден, талаптардың жиынтығы ретінде, онда қоғам қалыптасып келе жатқан тұлғаның алдына қояды, яғни белгілі бір уақыт аралығында осы тұлға оны байсалдылықпен шешуге тиісті.
Екіншіден, шешімдер қабылдау процессі ретінде, оның көмегімен индивидуалды өзінің басым бағалау және қабілеттерінің балансын қалыптастырады және оны саралайды, екінші жағынан қоғамдык еңбек бөлісу жүйесінің қажеттілігіне орналасады.
Үшіншіден, өмірдің жеке стилін қалыптастыру. Мұның құрамдас бөлігі ретінде кәсіптік қызметі. Бұл үш тәсіл жұмыстың әр түрлі жақтарын басым көрсетеді (бірінші қоғамдық сұрақтардан туындайды, үшінші жеке тұлғаның қасиеттерінен, екінші - екеуінің келісімдерінің жолдарын іздейді). Бірақ сонымен бірге өзара толықтырушылар болып есептелінеді (бірінші басым әлеуметтік, екінші әлеуметтік, психологиялық, үшінші -дифференциалды психологиялық).
Жас дамуының психологиялык, кәсіптік бойынша өзін-өзі анықтауы бірнеше этаптарға бөлінеді. Олар әрине мезгілі жөнінен әр түрлі болады.
  • Екінші кезең - жеткіншектердің фантазиясы, мұнда ол өзін әр түрлі сүйкімді мамандық иесі ретінде армандайды.
  • Бірінші кезең - балалар ойыны, мұнда бала өзіне әртүрлі мамандық рөлдерін ойнайды және сол мақсатта өзін баулап көреді.
  • Үшінші кезең - жеткіншектік кезең мен бозбалалықтың басым бөлігін қамтиды - бұл алдын-ала мамандық таңдау. Әр түрлі іс-әрекет түрлері сортталып бағаланады. Алдымен жеткіншектің көзімен тарихи романдарды сүйемін, сондықтан тарихшы болатын шығармын, соңынан оның қабілетіне орай (менде математика жақсы жүреді, мүмкін сонымен айналыссам ше) ақырында оның бағалау жүйесіне байланысты! Менің ауруларға көмектескім келеді, дәрігер болармын: көп табыс тапқым келеді.
  • Төртінші кезең - практикалық шешім қабылдау, мамандық таңдау. Өзіне екі бас құраушы кіреді. Болашақ еңбектің мамандық дәрежесін анықтау, оған қажетті дайындықтың көлемі мен мезгілін анықтау, тиянақты мамандықты таңдау. Былайша айтқанда бұл екі таңдаудың мезгілі әртүрлі болуы мүмкін .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет