Бұхарбаева. А тексерген: Галимжанова. М пәні: Жұқпалы аурулар



Дата03.12.2023
өлшемі3,44 Mb.
#132856

Бопайханым атындағы жоғары медицина колледжі Тақырыбы: АИВ инфекциясы

Орындаған: Бұхарбаева.А

Тексерген: Галимжанова.М

Пәні: Жұқпалы аурулар

Тобы: 315 ЕІ

Адамның иммунитет тапшылық вирустық инфекциясы адам организмінің иммундық жүйесін зақымдайтын вирустың енуінен дамитын ауру.Ұзақ уақыт лимфоциттерде,макрофагтарда,жүйке тіндерінде персистерлеуші қабілеті бар адамның иммуножетіспеушілік вирусымен шақырылады

  • Адамның иммунитет тапшылық вирустық инфекциясы адам организмінің иммундық жүйесін зақымдайтын вирустың енуінен дамитын ауру.Ұзақ уақыт лимфоциттерде,макрофагтарда,жүйке тіндерінде персистерлеуші қабілеті бар адамның иммуножетіспеушілік вирусымен шақырылады

Этиологиясы

  • ЖИТС шақыратын вирус гендік аппараты рибонуклеин қышқылынан тұратын ретровирустар қатарына жатады. Вирус сыртқы қабықтан, оған бекіген арнайы белоктардан тұрады.Вирустың ортасындағы геном рибонуклеин қышқылымен қоса үш ферменттері бар, олар кері транскриптаза, интеграза және протеаза. Тағы бір ерекшелігі вирустың өзгергіштік қасиеті болып табылады.Вирус сыртқы ортада тұрақсыз.Ол 560 С қыздырғанда 30% ал қайнатқанда 1-5% өледі,дезинфирлеуші заттардың әсерінен тез өледі(3% cутегінің асқын тотығы,5% лизол,0,6% Na гидрохлориді).Ультракүлгін сәулесіне тұрақты.

Патогенезі

  • АИВ тіндерге таңдамалы адсорбцияланады,АИВ тек мембрана құрамында СД4+ белогі бар тіндерге жабысады Ол белок вирусына рецептор болып саналады gp120.Ондай клеткаларға жатады: Т лимфоциттер,нейроглиялар,шырышты қабаттар.Әсіресе,Т-хелперлерге тропизмі жоғары(СД4+).Бірақ Т хелперлер санының төмендеуінің себебі тек қана цитопатиялық әсердің салдарынан Т-хелпердің бұзылуы ғана емес,сонымен қатар,инфицирленбеген тіндермен қосылуы салдарынан болуы мүмкін.В+лимфоциттердің де қызметі бұзылады,нәтижесінде организмде иммуноглобулиндер мен айналымдағы иммундық комплекстер түзіледі ,бұл процесс аутоиммундық процесстің дамуына әкеледі
  • АИВ инфекция қоздырғышы

АИВ-1 Солтүстік Америка
және Европа елдерінде
АИВ-2 Батыс Африкада

Инвекция көзі

  • Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар-инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті.
  • Вирус кездеседі:
  • көп мөлшерде қанда
  • спермада
  • қынап кілегейінде
  • емшек сүтінде
  • көз жасында
  • жұлын сұйығында
  • сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін.

Жұғу жолдары


— жыныстық қатынас; — вирустың бірден қанға түсуі, қан құю (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда); —анасынан нәрестеге жүғу арқылы.

Қауіп қатер топтары

  • Нашақорлар;
  • Қан реципиенттері.
  • Шетел азаматтарымен жыныстық қатынаста болатын әйелдер;
  • Ретсіз жыныстық қатынаста болатын, жыныстық жолдасын жиі ауыстыратындар;
  • Гомосексуалистер;
  • Жезөкшелер;

Клиникалық көрінісі

  • Инкубациялық кезең. Ұзақтығы орташа есеппен үш-бес аптаға созылады. Содан кейін АИВ-нің жедел фазасы басталады. Науқастың дене қызуы көтеріліп, тамағы ауырады, лимфа бездері үлкейеді, теріде бөртпелер пайда болады.
  • Екінші кезеңде персистирленген жайылмалы лимфоаденопатия вариантында барлық лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады.Бұл кезде науқастың жалпы жағдайы өзгермейді, дене температурасы қалыпты болады.
  • Үшінші кезең
  • “ЖИТС пен байланысты комплекс” кезеңі. Науқастың себепсіз дене қызуы көтеріледі, дене салмағы күрт төмендейді, іші өтеді, әлсіздік байқалады, ұйқысы бұзылады.
  • .Аурудың төртінші сатысы ЖИТС тің соңғы сатысы.Салдарлық инфекция мен қатерлі ісіктердің дамуымен сипатталады.

Емі

  • Арнайы емі жоқ,сондықтан барлық жүргізілген ем аурудың ары қырый дамуын тежеуге және адам өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған.
  • ЕМ ПРИНЦИПТЕРІ
  • 1.Қорғау-психомоторлық режиммен қамтамасыз ету;
  • 2.Вирусқа қарсы емді өз уақытында бастау;
  • 3.Екіншілік ауруларды мумкіндігінше ерте анықтау және емдеу;
  • 4.Дезинтоксикалық терапия контрикал,гемодез,декстранды қосумен және т.б.
  • 5.Иммунитетті көтеретін ем(лейкомасса,эритромасса,тимоген,тималин,интерферондар,интерферон индукторын қолдану).Егер аутоиммунды процесс айқын болса,онда иммунодепресанттар өолданылады.
  • 6.Симптоматикалық ем.
  • 7.Витаминдер барлығына.

Қазақстанда АИВ-мен күресу жұмыстарын ұйымдастыру.

  • Қазақстанда қауіпті ауруға қарсы күрес жүргізу мақсатымен мамандандырылған жаңа қызмет жүйесі құрылды. Олардың жұмыс бағыттары мынадай: 1. Вирус жұғу мүмкіндігі бар «қатерлі топтарға» (группы риска) жататын адамдарды тексеріп, вирус жұққан адамдарды дер кезінде тауып отыру; 2. Ауру ошағын анықтап, дәрігерлік бақылауға алып, вирустың әрмен қарай тарауына, яғни басқа адамдарға жұғуына мүмкіндік бермеу жұмыстарын ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет