Тілді антропоцентристік парадигма бағытында зерттеудің бір саласы – ұлттық мәдениетімен, салт-дәстүрімен рухани болмы-сымен сабақтастыра қарастыру. Осы бағыттың басты көрінісі тіл білімінің этнолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану тәрізді сала- лармен негізделді.Бұл мәселемен шұғылданған ғалымдар жалпы, қазақ ғылымында когнитивистика жайында көзқарас білдіргендер деп Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, М. Копыленко, Р. Сыздықова, Ж. Манкеева сияқты ғалымдарды атауға бо- лады, өйткені бұл ғалымдар этнолингвистика шеңберінде концептілер туралы да пікірлер айтқан.