Big Data Деректер қорының негізгі ұғымдары
Big Data
(тура аударма
– «үлкен
деректер») дегеніміз не? «Үлкен деректер»
терминін
деректердің үлкен көлемін б қ руға және талдауға қатысты деп болжауға болады.
Деректер
–
компьютерді басқаратын және электр сигналдары түрінде сақталатын және берілетін магниттік,
оптикалық, механикалық тасығыштарға жазылатын шамалар, белгілер немесе символдар.
«Big Data»
термині қысқа
уақыт ішінде алуан түрлі, ауқымды, құнды деректерді жинау
дегенді білдіреді. Мұндай деректерді өңдеу машинасыз жүзеге аспайды.
Соңғы уақытқа дейін деректер электрондық кестелермен немесе деректер қорымен шектелді әрі
барлығы өте рет ті және ұқыпты болды. Жолдар мен бағандарға орналастыруға келмейтіндердің
барлығы жұмыс істеу үшін
тым қиын деп есептеліп, еленбеді. Алайда ақпарат сақтау
саласындағы прогресс әртүрлі
деректің көп санын тіркеп, сақтап, өңдеуге қол жеткізді.
Нәтижесінде қазіргі таңда «деректер» ұғымына деректер қорынан бастап,
фотосуреттер,
бейнелер, дыбыс жазбалары, жазбаша мәтіндер және датчиктердің деректеріне дейін кіреді.
Үнемі өсіп келе жатқан ақпарат ағынын бірнеше жыл бұрын елестету де мүмкін
болмаған
жолмен пайдалана алатынымызды білдіреді. Бүгінде компаниялар клиенттердің нақты
санаттарының қандай затты, қашан сатып алуды қалайтынын болжай алады. Big Data сондай-ақ
компанияларға өз қызметін әлдеқайда тиімді орындауға көмектеседі.
Термин
экономикада, банк қызметінде,
өндірісте, маркетингте, телекоммуникацияда,
web-талдауда, медицинада және т.б. деректер ағынының
жылдамдығының артуы тұрақты
болатын, сапалы үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істейтін ірі салаларда қолданылады.
Мысалы,
Нью-Йорк қор биржасы
күн сайын өткен сессия
бойынша сауда-саттық туралы
1
терабайт
деректер жасайды.