Реферат тақырыбы :«Заманауи әлемдік және Қазақстандық экономикада мұнайгаз кешенінің алатын орны»



Дата19.04.2022
өлшемі1,66 Mb.
#31448
түріРеферат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«М.ӘУЕЗОВАТЫНДАҒЫОҢТҮСТІКҚАЗАҚСТАНУНИВЕРСИТЕТІ»


РЕФЕРАТ

Тақырыбы:«Заманауи әлемдік және Қазақстандық экономикада мұнайгаз кешенінің алатын орны»
Орындаған:Садыбеков.А Тобы:ММГ-20-8К Қабылдаған:Ерменов С.

Қазақстанның кен ресурстары - Қазақстан кен байлықтарының қоры, елдің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүзілік рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді.

Минералдық шикізат ресурстары маңыздылығы жағынан үш топқа бөлінеді:

  • Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экономикалық-саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнайгазкөміруранхромит кен орындары.

  • Екінші топты қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темірмарганецмысқорғасынмырышалюминий және алтын кен орындары.

  • Үшінші топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайыкүмісфосфорбарит кен орындары кіреді.

Кен байлықтардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді.

Қазақстанда 200-дей мұнай және газ кен орындары анықталып барланған, оның ішінде 102 мұнай, 29 мұнай-конденсат, 30 мұнай-газ-конденсат, 6 мұнай-газ, 11 газ-конденсат, 19 газ кен орындары бар. Барланған мұнайдың алынатын қоры 2,2 млрд. т, газ – 2,5 трлн./м3, конденсат – 0,7 млрд. м3. Қазақстанда мұнайдың болжамдық қорлары 20 – 25 млрд. т деп бағаланады. Мұнай мен газдың барланған қорының негізгі бөлігі Каспий маңы мұнайлы-газды аймағында шоғырланған. Мұнда 122 кен орыны ашылған, оларда республикадағы көмірсутек қорының 80%-ы (1,3 млрд. т мұнай, 700 млн. т шамасында конденсат, 1,7 млрд. м3 бос және 577 млрд. м3 сұйытылған газ) шоғырланған. Бұл жерде мұнай мен газдың ҚашағанТеңіз және Қарашығанақ сияқты айрықша ірі кен орындары бар, олардың жиынтық үлесі мұнай мен газ өндірісінің жалпы балансында 30%-дан асады. Оңтүстік Маңғыстау мен Солтүстік Үстірт-Бозащы аймағындағы ең ірі кен орындар – ӨзенЖетібайҚаражанбасСолтүстік Бозащы. Мұндағы мұнайдың барланған қоры 700 млн. т, конденсат – 1,4 млн. т және газ – 141,0 млрд. м3 кұрайды. Жалпы республикалық баланста бұл аймақтағы көмірсутек өндірісінің үлесі 50% шамасына тең. Мұнайдың өнеркәсіптік мол қоры Оңтүстік Торғай мұнайлы-газды алабында анықталған (ҚұмкөлМайбұлақАщысайАрысқұм, т.б. кен орындары). Бұл жерде жиынтық болжамдық қоры 400 млн. т шамасындағы 11 кен орыны барланған. Олардың ең ірісі – Құмкөл мұнай-газ кен орны (1990 жылдан мұнай өндіріле бастады). Бұл аймақтың мұнай өндірісіндегі үлесі 10% шамасында.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет