Билет №1 (Қазақстан тарихы)



бет1/2
Дата20.02.2023
өлшемі27,94 Kb.
#69620
  1   2

Билет №1 (Қазақстан тарихы)

  1. Тас дәуірі:

•Палеолит (б.з.б 2,6 млн б.з.б 12 мың жылдар аралығы).
•Мезолит. Орта тас дәуірі (б.з.б 12-5 мыңжылдықтар).
•Неолит. Жаңа тас дәуірі (б.з.б 5-3 мыңжылдықтар).
•Мыс-тас дәуірі (Энеолит)-б.з.б 3000-1800 жыл (б.з.б 3- б.з.б 2 мыңжылдықтардың арасында).
•Қазақстан жеріндегі қола дәуірі б.з.б 2-1 мыңжылдықтар аралығын қамтиды.
•Қазақстанда б.з.д 1 мыңжылдық- б.з VI ғ. темір дәуірі кезеңі болып табылады.
Ерте темір дәуірі бөлінеді:
•Ерте темір б.з.б VIII-III ғғ.
•Кейінгі темір б.з.б III- б.з-дың VI ғ.
2) Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның (Жайық-Ертіс өзендері аралығы) далалық мыс-тас кезеңін сипаттайды және б.з.б 3-2 мыңжылдықтармен мерзімделеді. Бұл тұрақ 15 гектар жерді алып жатыр. Сол кезеңді сипаттау үшін ең көп ақпарат беретіні Ботай қонысы болып табылады. Ол шамамен 200 жылды- б.з.б XXIV-XXII ғасырларды қамтиды. Тұрақты қазу барысында 160 жуық тұрғын үй табылды. Үйлердің қабырғалары жануарлар терісімен қапталған, ортасына ошақ орнатылған. Қазба жұмыстар барысында тастан жасалған құралдар: жебе ұштары, найзалар, пышақтар мен балталар табылды. Ботайлықтар жылқы малын қолға үйреткен. Ботайлықтар бүкіл Еуразия даласындағы ең алғашқы жылқы өсірушілер болған. Ботай қонысынан 70 мың жылқының сүйек қалдықтары табылған. Ғалымдардың пайымдауынша, жылқыны қолға үйрету мәдениеті 5500 жыл бұрын болған. В.Зайберттің көпжылдық зерттеулері энеолиттік Ботай мәдениетін аңықтауға мүмкіндік берді.
3) Ғұндар қазіргі қазақ, моңғол, түрік, татар халықтары ата-бабаларын құраған тайпалар. Олар Ішкі Азияда алғашқылардың бірі болып өз мемлекетін құрды. Түркі-моңғол тайпалары тарихқа мал өсіруші тайпалар бірлестігі-ғұн (хунну) атауымен белгілі болды.
•Қытай деректерінде «ғұн» (сюнну) атауы б.з.б III ғасырдың аяғында пайда болған. Ғұндар бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Монғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген ғұн тайпаларының бірлестігі құрылған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет