билет. Гемоглобин, оның құрамы, мөлшері. Гемоглобиннің түрлері мен қосылыстары, олардың физиологиялық маңызы



Дата29.07.2023
өлшемі14,9 Kb.
#104901
түріҚұрамы
Байланысты:
рубежка Жаньэля


Алтынбек Жаньэля Қабылбекқызы ТФП 33/2
3-билет.1)Гемоглобин, оның құрамы, мөлшері. Гемоглобиннің түрлері мен қосылыстары, олардың физиологиялық маңызы.
Эритроциттегі құрғақ заттардың көбі 90 пайыз-гемоглабиннен қалған 10 пайыз басқа органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады.Әрбір эритроцитте 300 млн - дай гемоглобин молекуласы болады . Гемоглобин химиялық құрылымы жағынан -хромопротеид. Гемоглобин 1 молекула глобин және 4 гем молекуласынан тұрады . Әрбір гем молекуласында екі валентті темір атомы бар . Гемоглобиннің бірнеше түрі бар.
Атам денесінде 5 литр кан , ал мұнша қанда 700-800 гр гемоглобин бар . Эритроцит саны әйелге қарағанда ер адамда көбірек болады сондықтан ер адам канында гемоглобин көбірек болады . Адам қанындағы эритроциттегі гемоглобиннің мөлшері маңызды болып келеді және олардың әр қайсысының мөлшері анықталады.Оның қанның реттік көрсеткіші анықтап шығарады ).Оның денгейі 1 ге тең болу керек.Егер ол 1,05 тен доғары немесе 0,86 дан төмен болса онда ол анемия болғаны.Сол үшінде әрбір эритроциттегі гемоглобин мөошері маңызды болып келеді.
Эритроцитте гемоглобин мөлшері көбейетін болса, гиперхрамия деп , ал азайса гипохромия деп аталады . Гиперхромия кезінде эритроцит саны азайып , жеке эритроцит ұлғайып ( макроцит ) гeмоглобинге толады , Гипохромияда - эритроциттер саны қалыпты мөлшерде , ал гемоглобин азайып кетсе қанның реңдік көрсеткіші азаяды да анемия деген сөз.
Гемоглобиннің газдармен әрекеттесуі
Гемоглобин көптеген газдармен тез әрекеттесіп , жаңа косылыстар түзіліп отырады .
1.Гемоглобиннің оттегімен әрекеттесуінен пайда болған қосындыны оксигемоглобин деп аталады.. Оксигемоглобин тұрақсыз қосылыс , тез ыдырап оттегін бөліп шығарады .Курамында оксигемоглобині көп қанның түсі ашык кызыл келеді .
2 Карбогемоглобин . Көмір қышқыл газбен косылысы тұраксыз , тез диссоциацияланады. Карбогемоглобин мен дезоксигемоглобин канды күрең қызыл түске бояйды . Бұл вена қанының түсі.
3. Карбоксигемоглобин - гемоглобиннің иісті газбен ( со ) косылысы . Гемоглобин курамындағы темір оттегімен емес , иісті газ ( диссоциацияланбайтын ) қосылыс құрайды . дереу емдеуді қажет ететін патологиялық қосылыс .Сондықтан иіс тиген адамды тез таза ауаға шығарады , өйткені таза оттегімен дем алғанда , қандағы карбоксигемоглобин 20 есе тезірек ыдырайды . Ауада иісті газ мөлшері 0,1 % -ке жетсе , қандағы гемогло биннің 80 % -і карбоксигемоглобинге айналады да , гемоглобиннің тыныстық қызметі бұзылады . Мұндай жағдайда науқастың каны көбінесе түгелдей басқа таза қанмен алмастырылады .
4. Метгемоглобин .. Күшті тотықтырғыш заттардың әсерінен гемоглобин құрамындағы темірдің валенттілігі өзгереді , ол екі валенттіден үш валентті болып өзгереді.
Гемоглобин газдармен ғана емес тұз қышқылымен де қосылады . Туз қышқылының әсерінен гемоглобиннен гем молекуласы бөлініп туз кышқылымен қосылып гемин не тұз қышқылды гематин түзіледі.Ол қоңыр түсті кристал.
2)Жүрек қызметіне парасимпатикалық, симпатикалық жүйке талшықтарының және олардың медиаторларының әсері.
Жүрек қызметіне жүйке жүйесінің әсері . Орталық жүйке жүйесі жүрекке өзінің бір бөлігі - вегетативтік жүйке жүйесі арқылы әсер етеді . Ол - кос нейронды жүйе екені белгілі . Олардың біреуі орталық жүйке жүйесінде болса , ал екіншісі мидан тыс шеткі тораптарда орналасқан . Жүрек қызметін реттейтін парасимпатикалык жүйке жүйесінің бірінші нейроны сопақша мида , ал екінші нейроны жүрек тініндегі , яғни интрамуральдык ганглийде орналасқан. Жүректің симпатикалық жүйке жүйесінің бірінші нейрондары жұлынның бастапқы 1-5 кеуде сегменттерінің бүйір ашаларында орналасқан . Бұлардың жүйкесі ганглийге жетеді , симпатикалық жүйке жүректегі метасимпатикалық нейрондар арқылы қарынша миоциттеріне әсер етеді . Кезеген жүйке үшынан ацетилхолин медиаторы , ал симпатикалык постганглийлік жүйке ұшынан норадреналин медиаторы бөлінеді .

3. Өкпенің тіршілік сиымдылығы (ӨТС), оны құрайтын көлемдер. ӨТС анықтау (спирометрия).


• Өкпенің тіршілік сыйымдылығы : тыныстық көлемнен, резервті тыныс алу көлемінен, резервті тыныс шығару көлемінен тұрады. • Тыныс көлемі деп өкпеге бір рет тыныс алғанда түсетін ауа мөлшері болып табылады, тыныштықта ол 500см3 және тыныс шығарғандағы ауа көлеміне сәйкес келеді. • Егер тыныштықтағы тыныс алудан кейін күшейтілген қосымша тыныс алу болса өкпеге 1500см3 ауа түсіп резервті тыныс алу көлемін құрайды. • Тыныштықта дем шығарғаннан кейін максимальды тыныс шығарса 1500см3 ауа шықса резервті тыныс шығару көлемі деп аталады. • Өкпенің тіршілік көлемі – тыныстық көлем, резервті тыныс алу және резервті тыныс шығару суммасы – 3500-4500 см3. • Қалдық көлем- терең тыныс шығарудан кейінгі өкпе мен тыныс жолдарында қалған ауа– 1500 см3. Өкпелік вентиляция – 1 минут ішінде өкпеге өтетін ауа мөлшері– 7000 см3 Өкпенің тіршілік сыйымдылығы тыныстық сыйымдылық (500 мл) + тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) + тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл). ӨТС = 500 мл мл мл = 3500 мл Дем алып, дом шығарғандағы өкпе көлемінің ұлғайып-кішіреюінің сызбанұсқасы (стрелка ауаның өту бағытын көрсетеді) Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін (анықтайтын) арнайы құралды спирометр дейді

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет