Билет мейіргер ісінің даму тарихы және философиясы. Кәсіптік этика мен деонтология



бет1/102
Дата08.10.2024
өлшемі243,11 Kb.
#147202
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
Мейіргер ісі жауап


БИЛЕТ 1
1) Мейіргер ісінің даму тарихы және философиясы. Кәсіптік этика мен деонтология
Мейірбике ісінің философиясы жалпы философияның бір бөлігі,ол мейірбике, пациент, қоғам,қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас және көзқарас жүйесі.Дәл осы жүйеде бастысы ішкі жан компоненті мейірбике пациентке сырқат деп қана емес жеке тұлға ретінде қарауы керек.Мейірбике ісінің негізгі философиясы –өмірді, адам құқығы мен абыройын сыйлау. мейіргер ісінын негізін қалаушы ағылшын медбикесы Флоренс Найтингейл 1820-1910.Этика-Медицина қызметкерлерінің өз жұмысында әдептіліктің ролін зерттейтін ілім.Деонтология-науқас пен дәрігердің медициналық қызметкерлердің өз ара қарым-қатынасындағы парыз туралы ғылым.
2) Антропометриялық өлшемдерді жүргізу (науқастың бойын, дене салмағын өлшеу).
Науқастың бойын өлшеу
Мақсаты: науқастың физикалық дамуын бақылау.
Қолдану көрсетілімдері: науқасты алғашқы рет қарау, динамикалық бақылау, науқасты ауруханаға қабылдау.
Дайындаңыз: бой өлшегішті, таза зарарсыздандырылған 30х30см клеенканы, клеенканы сүртетін шүберекті, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолыңызды антисептикалық түрде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  2. Бой өлшегіштің алаңына клеенканы төсеңіз.

  3. Бой өлшегіштің жанында тұрыңыз және қозғамалы планканы науқастың болжамалы бойынан жоғары деңгейге көтеріңіз.

  4. Науқастан бой өлшегіш алаңына тік планкаға арқасымен тұруын, өкшесін, бөксесін, жауырының, желкесін тигізуін өтініңіз.

  5. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың төбесіне дейін түсіріңіз.

  6. Науқастан бой өлшегіштің алаңынан түсуін өтініңіз.

  7. Бой өлшегіштің шкаласы бойынша жылжымалы планканың төмен жағынан науқастың бойын анықтаңыз.

  8. Науқасқа өлшеудің нәтижесі туралы айтыңыз.

  9. Өлшеуден алынған мәліметтерді белгілеңіз.

  10. Бой өлшегішті және клеенканы зарарсындандыру ерітіндісінде 2 рет ылғалдатылған шүберекпен арасында 15 минут өткізіп сүртіңіз.

  11. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет