Билік саяси феномен ретінде Биліктің, шығу көзі, мәні, пайда болуы



Дата02.05.2023
өлшемі21,41 Kb.
#89156

Билік саяси феномен ретінде
1.Биліктің, шығу көзі, мәні, пайда болуы. Саяси зерттеулердегi салыстыру объектiсi әрқашанда әртүрлi қоғамдағы билiктiң бөлiнуi болып табылады. Шын мәнiнде, билiк саясаттағы негiзгi мәселе. Сонда билiк дегенiмiз не? Билiктi қоғамдық ғалымдар әртүрлi түсiндiредi. Мәселен, билiк – басқа адамдардың мiнез-құлқын өзгерту мүмкiндiгi (Г. Саймон); белгiлi бiр мақсатқа жету мүмкiндiгi (Т. Парсонс); белгiлi бiр тәсiлдердi қолдану мүмкiндiгi, көбiнесе күштеуге негiзделген (Г. Лассуэл, А. Каплан); басқарушы мен басқарылушы арасындағы ерекше қатынас түрі (М. Дюверже); шиеленiстiк ахуал тұсында табысты бөлудi реттеу және шешiмдi қабылдау мүмкiндiгi (Г. Лассуэл)деген анықтамалар берілген. Билiк теориялары iшiнде билiк бiр субъектiнiң екiншiнiң қарсыласуын тоқтату нәтижесiнде пайда болады деп санайтын «қарсыласу» теориясы (Б. Рейвен, К. Леви)да бар. Ал, «Ресурстарды ауыстыру теориясының» (П. Блау, Д. Хиксон) авторлары, билiк бiр субъектiлердiң екiншi адамның ресурстарын өзiне керек iс-әрекетiне ауыстыруы деп санайды. «Ықпал ету зонасын бөлу» теориясы билiктi әлеуметтiк топтардың өзара ықпал шекарасын бөлуi деп санаған. Сонымен бiрге, билiк туралы тағы басқа да концепциялар бар, мәселен белгiлi философ М. Фуко билiк – барлық қоғамдық құрылымдарға енедi, ең алдымен тiлде болады деп санады.
2.Билік ұғымының теологиялық, бихевиористік, құрылымдық, инструменталдік анықтамасы:
· бихевиористiк анықтама бойынша билiк- адамдардың мiнез-құлқына әсер ету мүмкiндiгiне негiзделген айрықша мiнез-құлық түрі;
· телеологиялық анықтамада билiк – алға қойған мақсатқа сәйкес белгiлi бiр нәтижеге жету мүмкіндігі;
· инструменталистiк билiк анықтамада билiк – белгiлi шаралар қолдану құралы ретiнде қарастырылады, мәселен зорлық, күштеу т.б.;
· құрылымдық анықтамада, яғни билік – басшылық пен басқарылушы арасындағы қатынастың ерекше түрi;
· жанжалдық билiк анықтамасы бойынша билік – игiлiктердi, даулы жағдайларда бөлiсудi үйлестiру құралы;
· П. Моррис, А. Гидденс пiкiрi бойынша билiк – бiреуге немесе бiрдеңеге тигiзетiн жәй ғана ықпал, әсер емес, олады өзгертуге бағытталған iс-әрекет;
· американ саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан «Билiк және қоғам» деген кiтабында билiктi шешiм қабылдауға қатысу мүмкiндiгi деп сипаттайды.
Сонымен, билiк дегенiмiз тап, әлеуметтiк топ, мемлекет, жеке адам т.б. тарапынан өзiндiк ерiк-жiгердi iске асырудағы қабiлеттiлiк пен мүмкiндiктердi пайдалана отырып адамдардың қызметi мен мiнез-құлқына бедел, күштеу құралдары арқылы әсер ету. Қысқаша айтқанда, билiк деп бiреудiң екiншiлерге әмiрiн жүргiзiп, олардың iс-әрекетi, қызметiне ықпал етуiн айтамыз.
Билiктiң бiрнеше түрлерi бар, олардың iшiндегi ең маңыздысы саяси билiк болып табылады. Саяси билiк дегенiмiз белгiлi бiр топтар мен таптардың мемлекеттiк органдар жүйесi арқылы қоғамдағы саяси үстемдiлiгi.
3.Биліктің объектісі мен обьектісі, ерекшеліктері, ресурстары, кызметі, билікті жүзеге асыру әдістері. Саяси және мемлекеттік билік. Саяси билік мына қызметтерді атқарады:
· қоғамды басқару стратегиясын жасау;
· дамудың негізгі бағыттары бойынша нақты шешімдерді дайындау және қабылдау;
· қоғамдық процестерді жылдам басқару және реттеу;
· қоғам дамуындағы тұрақтылықтың маңызды параметрлері мен бағыттарын бақылау.
Саяси билiктiң ерекшелiктерi мына төмендегiдей:
· билік адамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың экономикада рөлi басым болады, әрi қоғам сол топ мүддесі тұрғысынан басқарылады;
· қоғамдағы басшылық көбiнесе сол топ өкiлдерiнiң қатысуымен мемлекет арқылы, қоғамдық-саяси ұйымдар мен саяси жетекшiлер арқылы жүргізіледі;
· арнайы басқару iсiмен шұғылданатын ерекше маман топтардың болуы;
· жариялылығы және жаппай болуы.
Саяси билiкке тән сипаттық белгілер:
· билiк еркінің басымдылығы, оның ең жоғарғы, басты айқындаушы, шешушi күш ретiндегi ықпалы;
· билiктiң иерархиялық сипат алуы;
· басқарудың ерекше аппаратының болуы;
· билiктiң үстемдiктi шоғырландыруға, монополиялауға ұмтылуы;
· қоғам мен жеке адам қатынасында мәжбүр ету мүмкіндігі.
Мемлекеттiк билiк пен саяси билiктi салыстыратын болсақ, саяси билiк мемлекеттiк билiкке қар ағанда кең ұғым. Саяси билiк тек мемлекеттiк көлемде ғана емес, сонымен бiрге халықаралық ұйымдар көлемiнде де жүргiзiледi. Кез келген мемлекеттiк билiк ол саяси билiк, ал кез келген саяси билiк мемлекеттiк бола алмайды. Мысалы, алғашқы қауымдық құрылыста саяси билiк болған (ақсақалдар кеңесi), ал билiк аппараты, мемлекет болмады. Демек, мемлекеттiк билiк – саяси билiктiң бiр түрі. Мемлекеттiк билiктiң ерекшелiктерi:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет