Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру туралы анықтамасы



Дата30.03.2022
өлшемі28,67 Kb.
#29253
түріБағдарламасы
Байланысты:
Олқылық қазақ тілі Рая



«Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Заңғар» қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің

Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және

олардың орнын толықтыру туралы анықтамасы
2021-2022 оқу жылының басты міндеті – білім алушылардың өткен оқу жылындағы білімін толықтыра отырып, жаңа оқу жылының бағдарламасын жүзеге асыру делінген.

2021-2022 оқу жылының басында мектеп әкімшілігіне барлық пәндер бойынша білім алушылардың біліміне бақылау жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

Бақылау нәтижелері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін әрбір педагогтің және мектептің жұмыс жоспары әзірленді.

Мақсаты:  2021-2022 оқу жылдарында білім алушылардың сынып оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау, жеке қолдау көрсету үшін білім алушының қажеттіліктерін зерделеу.
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың негізгі көрсеткіштері:


      1. пәннің оқу бағдарламасы бойынша біліміндегі олқылықтар;

      2. оқу-танымдық іс-әрекетіндегі олқылықтар;

      3. оқуға қажетті өзіндік жеке қасиеттерінің даму деңгейінің жеткіліксіздігі;

      4. эмоционалды қолайсыздық.


      2021-2022 оқу жылында  қыркүйек айынан бастап пән мұғалімдері білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын   толықтыру бойынша  жоспар құрып, қосымша сабақтар өтілді.

Әр пән мұғалімі жұмыстарының сараптамасын жазып, рефлексивті есептері мен мониторингісін жинақтады.

Қыркүйек айының алғашқы апталарында 5-сыныптарда Ы. Алтынсариннің шығармалары бойынша диктант алынып, грамматикалық тапсырмалармен жұмыс жасалды. 6- 11 сыныптар аралығында өткен оқу жылындағы ауыспалы тақырыптар мен әдеби тілдік норма талаптары ескеріле отырып, 5-6 тапсырмадан тұратын мәтінмен жұмыс ұсынылды.

5- сыныптар бойынша оқушылар көбіне н-ң әріптерінің жазылуынан , ұ-ү әріптерін ажырата алмаудан, тасымал жасаудан шатасып, фонетикалық талдауда дауыссыздардың жіктелуінен қателескен. Жұмыстарды саралай келе, оқушылардың жазу каллиграфиясына, мәтінді түсіну, естіген сөздерін есте сақтап жазу дағдыларын дамытуға баса назар аудартуды жоспарлы түрде жүзеге асыру ұсынылды.

6 - сыныптар бойынша оқушылар мәтінмен жұмыс барысында мәтінде берілген ақпараттарды өңдеу, қайта ұсыну, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде қателескен. Жазылым дағдысында ұсынылған құттықтау құрастырып жазу, шағын эссе жазу тапсырмаларынан жазу дағдысының төмендегенін байқауға болады. Оқушылар жазба жұмыстарына қойылатын талаптарды ұмытқан.

7 сыныптар бойынша 6.2.3.1. Шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау; 6.2.4.1. Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып,шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу мақсаттары бойынша құрастырылған тапсырмаларды орындауда қиналды. Пән мұғалімдеріне осы мақсаттарды жылдық жоспарға енгізу туралы ұсыныс жасалды.

8- сыныптар бойынша мәтінмен жұмыста оқушылар 7.1.2.1. әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау; 7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу; мақсаттары бойынша берілген тапсырмалардан қиналды. Автор көзқарасы мен көтерілген мәселені анықтау, көркемдегіш құралдарды орынды қолданудан қателесті.

9 -сыныптар бойынша оқушылар 8.1.5.1 -перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау. 8.3.3.1 -мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу мақсаттары бойынша құрастырылған тапсырмаларды орындаудан қиналды. Пән мұғалімдеріне осы мақсаттарды жылдық жоспарға енгізу туралы ұсыныс жасалды.

10 – 11 сыныптар бойынша әр түрлі стильдегі мәтіндерді салыстыра талдап, мәтіндегі негізгі ойды анықтауда, мәліметтерді өңдеуде; деректерге сілтеме жасауда және көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданудан қателіктер жіберген.

Тапсырмаларды орындау кезінде білім алушыларда туындаған қиындықтар тізбесі:



Жұмыстарды саралай келе, оқушылардың жазу каллиграфиясына, мәтінді түсіну, естіген сөздерін есте сақтап жазу дағдыларын дамытуға баса назар аудартуды жоспарлы түрде жүзеге асыру ұсынылды.

Сабақ барысында үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты үйлестіру;

-Оқушылар қиналған мақсаттар мен күрделі тақырыптар бойынша тиімді жаттығу

түрлерін ұсыну;

- Функционалдық сауаттылықты дамытуды көздеу;

- PISA – Халықаралық зерттеуіне дайындық мәтіндерімен жұмыс жасау;

- Өткен материалдарды пысықтау және қайталау арқылы оқушылардың ауызша, жазбаша сөйлеу, яғни тілдік құзіреттілігін арттыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет