Білім беру бағдарламасы: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Құрастырушы: аға оқытушы, магистр Ерниязова С. Н. Орал, 2019 ж



Pdf көрінісі
бет37/60
Дата06.09.2022
өлшемі1.6 Mb.
#38535
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60
Әдістемелік нұсқау: Жұптық жұмыс барысында берілген сабақтың тақырыбына сәйкес оқу мақсаты 
анықталады және сәйкесінше сабақ мақсаты сараланып жазылады. Сабақтың мазмұны, оқушылардың іс-
әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері мен формалары, оқыту құралдары анықталады. Қойылған мақсат 
жүзеге асырылуы үшін сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен сұрақтар дайындалады. Оқыту 
ресурстарын анықтайды. 
Ӛткізу формасы: Сұрақ-жауап, жұптық зерттеу. 
Бағалау критерийлері: 
1. Сабақ мақсаттарын оқушылардың жеке қажеттіліктерін және оқу мүмкіндіктерін ескеріп саралап 
кӛрсетеді.
2. Белсенді оқытудың мәні мен мазмұнын түсінеді. Ӛз тәжірибесіне енгізе алады. 
3. Қалыптастырушы бағалау әдістерін, кері байланыстың түрлерін біледі және оқу үдерісінде 
қалыптастырушы бағалау әдістерін қолданудың маңызын түсінеді. 
4. Тиімді оқу ортасына тән ерекшеліктерді біледі, ӛз тәжірибесінде проблемалық сұрақтарды 
қолдана алады;
5. Сабақта тапсырмалар мен әдіс-тәсілдерді саралап қолдана алады; 
6. Белгіленген тақырыптарға сәйкес ҚМЖ құрастырады. 
Практикалық сабақ №5 
Практикалық сабақ тақырыбы: «Ауызша және жазбаша қосу және азайту» тақырыптарына ҚМЖ 
құрастыру 
Мақсаты: Ауызша және жазбаша қосу және азайту тақырыптарының оқу бағдарламасы мен оқу 
жоспарында кӛрсетілген оқу мақсатына сәйкес сабақ мақсатын саралап жазу және сәйкесінше тапсырмалар 
дайындауды, белсенді оқыту мен қалыптастырушы бағалаудың әдістерін қолданып оқу іс-әрекетін 
ұйымдастыруды жоспарлау. 
Тапсырмалар:
1. Орта мерзімді жоспарда кӛрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды 
зерделеу; 
2. Оқу мақсатына сәйкес сабақ мақсатын саралап жазу 
3. Сабақ мақсатына сәйкес сараланған тапсырмалар дайындау 
4. Оқу материалы бойынша Блум таксономиясы ойлау дағлыларының деңгейлеріне сәйкес сұрақтар 
даярлау 
5. Белсенді оқыту мен қалыптастырушы бағалаудың әдістерін қолданып оқу іс-әрекетін 
ұйымдастыруды жоспарлау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет