Табиғи ресурстарды пайдалану және қорғау
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – қазіргі заманауи қоғамның ең маңызды мәселесі болып тұр. Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы табиғатқа жағымсыз әсерін тигізбей қоймайды. Соңғы қырық жылдың ішінде ресурстарды тиімді тұтыну жиырма бес есе, ал өндірістің қалдықтары жүз есе өскен. Бұл туралы «агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту мақсатында табиғи ресурстарды пайдалануды ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету» атты дөңгелек үстелде айтылды.
Табиғи ресурстардың азайып, сарқылуы – өзекті. Қор деңгейінің төмендегені соншалық адам баласына жеткіліксіз екендігі мықтап сезілуде. Сондықтан оларды тиімді пайдалану, адамзат әрекетінің зиянды зардаптарына жол бермеу, бүкіл табиғи кешендердің өнімділігін сақтап, арттыру қажеттілігі туындайды. Бұл тұста табиғат ананың берген сыйын кешенді қолдану, қалдығы кем немесе қалдықсыз технологияларының пайдаланылуы, ресурстардың қайта қолданылуы ерекше өзектілікке ие болып тұр. Ғалымдардың айтуынша, еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды, еңбек өнімділігін, өндіріс көлемін және ауылшаруашылығы өнімінің сапасын арттыруды сондай-ақ, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға негіздеу керек.
Бүгінде агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы – Қазақстанды дамытудағы басымды және өзекті бағыты болып табылады. 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада суармалы жерлер алқабын 1,5 есеге арттыру көзделген. Негізгі акцент жер және су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталып отыр. Өзге де мәселелерге қатысты ғалымдар баяндама жасап, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Сондай-ақ, қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Нұрлан Балғабаевтың асқаралы алпысқа жасқа толуына орай құрмет көрсетілді. Тіршілік нәрін зерттеп зерделеу, қорғап-қастерлеуге елеулі үлес қосқан ғалымның еңбегі бағаланып түрлі марапатқа лайық ден танылды. Ауылшаруашылығы ғылымдарының академиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы сондай-ақ, бірқатар ЖОО құтттықтап, сый-сияпат көрсетті.
Адамзат ежелгі уақыттардан бері экологиялық шараларды аңғармай жүзеге асырды. Өсімдіктерді сақтап қалу мақсатында бір аумақтан екіншісіне мал айдап көшті; балық аулайтын орындарда балықтарды жемге үйретті; аумақты дауыл құлатқан ағаштан және арамшөптерден тазартты; құстарды ұя салу кезінде, кәсіптік жануарлардың төлдеуі немесе кәсіптік балықтардың уылдырық шашқан кезінде аулауға тыйым салды.
Ғылыми-техникалық төңкеріс адамның табиғатқа ықпал ету қарқынын шұғыл күшейтті. Сондықтан адамның іс-әрекетін табиғатпен өзара әсер кезінде қатаң реттеу қажеттігі туды. Барлық елдерде адамның табиғи ортаны реттеу бойынша және табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша сансыз көп заңнамалық актілер қабылданды. Әр түрлі экологиялық шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен белгілі уақыт кезеңінде литосфера, гидросфера және атмосфераның терең де жан-жақты экологиялық зерттеулерін жүргізу қажет. Мұндай зерттеулер мониторинг (бақылау) деп аталады. Белгілі уақыт аралықтары арқылы бақылау, зерттеулерін салыстыру қоршаған ортадағы экологиялық өзгерістер қозғалыстарының зерзаттық көрінісін береді.
Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылығы дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар. Қазақстанның табиғатты қорғау жөніндегі заңдары. Еліміздің табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды. Соның нәтежесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп қабылданды. 1962 жылғы 16 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақстан табиғатын қорғау» туралы жарлығы шықты. Жарлықта пайдалы қазбаларды, суды (жер беті мен жер асты сулары), ормандар мен құстар, атмосфералық ауа, топырақ, сирек ландшафтылар және тағы басқаларды қорғау қарастырылды. Жарлықта қосымша арнайы нұсқау жазылып, онда әр түрлі табиғат байлықтарын пайдалану, орман, топырақтың құнарын сақтау, ауа мен су қоймаларын қорғау, балық аулау мен аңшылық туралы ережелер бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы» Жарлығы - 2003 жылы 3 желтоқсан күні Астанада қабылданды. Осы жарлықта бүгінгі ғаламдық және Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен бірге елдің экологиялық дамуы жөніндегі мемлекеттік шаралардың кешені айқындалды.
Табиғатты пайдалану мен қорғау проблемасы қазірде де айрықша назар аударуда. Халықаралық табиғатты қорғау одағының шешімі бойынша әр елде табиғат қорлары мен табиғатты қорғау үшін сирек кездесетін, құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктердің түрлері есепке алынған. Біздің елде «Қызыл кітап» 1978 жылы ұйымдастырылған. Мұнда аңның 21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетін аңдар мен торғайлардың 8 түрі көрсетілген, оларды сақтап қана қоймай, бұлардың санын көбейтіп күллі шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері «Қызыл кітаптан» алынған.
Табиғатты қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдаланудың екі бағыты бар: мемлекеттік және жалпыхалықтық. Мемлекеттік бағыт тиісті заңдармен, әрі үкіметтің қарарларымен анықталса, ал жалпыхалықтық бағыт өзінің тікелей қатынасуымен және қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады. Табиғатты қорғау ісіне тікелей қатынасудың қажет¬\тілігі. Республика табиғатын қорғау ісіне барлық азаматтар ат салысуы тиіс. Табиғатты қорғау саласында арнайы кұрылған ұйымдардың ішінде Қазақстанның Табиғат ко¬митеті көрнекті орын алады. Бұл комитет табиғатты қорғау саласындағы ғылыми мекемелер мен ұйымдардың жұмысын үйлестіріп, бір мақсатқа бағыттал, республикалары экологиялық дағдарысты шешуге жұртшылықты жұмылдырады. Елімізде Табиғат қорғау қоғамы жұмыс істейді.
Табиғат қорғау саласында әсіресе қоғамның жас мүшелерінін белсенділігі ерекше. Олардың көмегімен республикада жыл сайын көптеген бақтар мен саябақтар ірге көтереді, ондаған тонна мәдени өсімдіктердің түқымдары мен дәрі-дәрмектік өсімдіктер жиналады. «Құстар күнін», «Орман мен бақ айлығын», «Сабан той» өткізу мектеп өмірінде дәстүрге айналған. Көптеген мектептерде «Жас орманшы», «Су сакшыларының» штабтары құрылды, республикада «мектептік орман шаруашылықтары» жұмыс істейді. Республика табиғатын корғауға тікелей қатынасып, әр азамат материалдық жөне эстетикалық маңызы бар табиғи ортаны сақтауға, көркейтуге өз үлесін қосады
Достарыңызбен бөлісу: |