Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін kr 3301Қалдықтарды басқарупәні бойынша


Дәріс Радиактивті қалдықтар мәселелері



Pdf көрінісі
бет15/34
Дата07.05.2023
өлшемі1,76 Mb.
#90941
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Байланысты:
umkd (9)

10 Дәріс Радиактивті қалдықтар мәселелері 
Сұйық өндірістік қылдықтарды және ақаба суларды залалсыздандыру 
Қызметі нәтижесінде өндіріс және тұтыну қалдықтары құралатын жеке және заңды 
тұлғалар олардың меншік иелері болып табылады және, егер Қазақстан Республикасының 
заңнамасында немесе қалдықтармен жұмыс істеу талаптарын айқындайтын шарттар 
өзгеше көзделмесе, қалдықтар құралған кезден бастап олармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін 
жауапты 
болады. 
Қалдықтарға меншік құқығын басқа тұлға сатып алу-сату, айырбастау, сыйға беру 
шартының немесе қалдықтарды иеліктен шығару туралы өзге де мәміле негізінде алуы 
мүмкін. 
Мемлекет мемлекеттік меншік объектілерінде немесе сот шешімі бойынша мемлекеттік 
меншікке түсті деп танылған объектілерде құралатын, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да жағдайларда қалдықтардың 
меншік 
иесі 
болып 
табылады. 
Қалдықтардың меншік иесі қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін 
немесе қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою 
жөніндегі операцияларды атқаратын субъектілердің қызмет көрсетулерін пайдалануға тиіс 
не қалдықтарды орналастыру мен жою жөніндегі операцияларды дербес жүзеге асыруға 
міндетті. 
Меншік иесінің қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру 
немесе жою жөнiндегi операцияларды орындайтын субъектiлерге қалдықтарды беруі, егер 
тараптар келісімді өзгеше жағдайда жасамаған болса, қалдықтарға меншік құқығының бір 
мезгілде 
осындай 
субъектілерге 
ауысуын 
білдіреді. 
Меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз қалдықтар иесіз қалдықтар болып 
табылады. 
Жер учаскелерінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылар өз жер учаскелерінде 
иесіз қалдықтарды анықтаған кезде оларды пайдалануға кірісіп не қалдықтарды өз 
меншігіне айналдыруды куәландыратын өзге де әрекеттер жасай отырып, осы 
қалдықтарды 
өз 
меншігіне 
айналдыруға 
құқылы. 
Басқа иесіз қалдықтар, егер сот қалдықтарды иеленуге кіріскен тұлғаның өтініші 
бойынша оларды иесіз қалдық деп таныса, осы тұлғаның меншігіне түседі. 
Өзге жағдайларда, иесіз қалдықтарды тапқан тұлғалар бұл жөнінде тиісті жергілікті 
атқарушы органға хабарлауға міндетті. Аумағында иесіз қалдықтар анықталған облыстың 
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы иесіз 
қалдықтардың бар екендігі жөнінде хабарлама алған кезден бастап бір жыл ішінде бұл 
қалдықтарды республикалық немесе коммуналдық меншікке түскен деп тану туралы 
талаппен 
сотқа 
жүгінуге 
міндетті. 
Иесіз қалдықтар табылған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті 
орган осы қалдықтарды республикалық немесе коммуналдық меншікке түскен деп тану 
туралы 
талаппен 
де 
сотқа 
жүгіне 
алады. 
Жергілікті атқарушы органдар иесіз қалдықтармен жұмыс істеу және олардың 
қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына теріс әсерін болдырмау жөніндегі іс-
шаралар 
өткізуді 
ұйымдастырады. 
Иесіз қауіпті қалдықтар сот шешімімен республикалық меншікке түседі. Иесіз қауіпті 
қалдықтарды басқару тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган 
бекітеді. Мұндай қалдықтарды басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті 
органның 
ведомстволық 
бағынысындағы 
ұйым 
жүзеге 
асырады. 
Сот шешімі бойынша республикалық немесе коммуналдық меншікке түсті деп 


танылмаған иесіз қалдықтар оларды қалдырған меншік иесінің иелігіне, пайдалануына 
және билік етуіне қайта қабылдануы не Қазақстан Республикасының 
азаматтық
 
заңнамасына сәйкес иелену мерзімі өткендіктен меншікке сатып алынуы мүмкін. 
Заңды тұлғалар өңдеу үшін алған иесіз қалдықтар қалдық ретінде қарастырылмайды. 
 
Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар 
Өндiрiс пен тұтыну қалдықтары қауiптiлiк дәрежесі бойынша қауiптi және қауiпсіз 
болып 
бөлiнедi. 
Осы тараудың күші, пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өңдеу кезінде түзілген, 
олардан пайдалы қазбаларды өндіруге келісімшарт жасалған, олармен жұмыс істеу 
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану 
туралы 
заңнамасымен
реттелетін техногендік минералдық түзілімдерге, сондай-ақ беткі 
қабаты эффузивті және интрузивті әртүрлі жастағы шөгінді жыныстарға (аршынды 
жыныстарға), радиоактивті қалдықтарға қолданылмайды. 
"Медициналық ұйымдардың қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, 
тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар 
туралы" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер және нормалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет