Жалпы және бейорганикалық химия сабақтарында проблемалық оқытуды пайдалану мәселелері.
7М01504- «Химия педагогын даярлау» білім беру бағдарламасы
Орындаған: Рашидова Тұрсынай
Тобы: М1504-24
2024 жыл
Жоспары
Кіріспе
1.Проблемалық оқыту
1.1. Проблемалық оқытудың мәні
1.2. Проблемалық оқытудың ерекшелігі
1.3.Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде проблемалық оқытудың теориялық ерекшелігі
2.Жалпы және бейорганикалық химия сабақтарында проблемалық оқыту
2.1Химия сабақтарында проблемалық оқыту кезінде жаңа технологияны пайдалану.
Қорытынды
КІРІСПЕ Ғылым мен техниканың жылдан-жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы білімнің негізі болып табылатын – орта мектепке де өз әсерін тигізуде. Соған сәйкес бүгінгі таңда мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр.
Жаңа технологияның басты тиімділігі – бұл мүғалімге оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуде, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың танымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек.
Оқыту, білім тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталған. Солардың бірі – педагогикалық үрдісті технологияландыру.
Оқытудың технологиясы білім берудің теориялық және қызметтік негізін қалыптастыруды, білімді еңбекпен ұштастырып, іс-әрекеттің саналылығын дамытады, мақсатты өмір сүруге ұмтылуға әсер етеді.
Оқыту технологиясы – оқу бағдарламаларында қарастырылған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы. Сөйтіп оқыту технологиясында мазмұны әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, ал қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарламамен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.
Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық ілімдер негізінде жасалынған дамытушы, жеке бағдарлы мақсатты технология болып табылады.