Білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Ташпулат Әйгерім



Дата07.01.2023
өлшемі22,4 Kb.
#60562
түріБілім беру бағдарламасы

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің «Бастауыш оқыту педогогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау»
білім беру бағдарламасының 4-курс студенті

Ташпулат Әйгерім


Бірінші сынып оқушыларының жаңа ортаға бейімделуі және үлгерушілік қасиеттерін жетілдіру


Жұмысты жазудағы мақсат – бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі мен үлгерушілік қасиеттерін жетілдіру деңгейлерін талдау.


Жұмыста басты назар бірінші сынып оқушыларының жалпы бейімделу мен үлгерушілік қасиеттерін жетілдіру деңгейін арттыру үшін түзету және алдын алу шараларының жоспарын қалыптастыруға арналады.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

  • Бастауыш сыныбының қыздары мен ұлдарының бейімделуі мен үлгерушілік қасиеттерін жетілдіру, мотивациясын, мазасыздық деңгейін анықтап зерттеу;

  • Айырмашылықтар бойынша көрсеткіштерді салыстыру және бейімделу мен үлгерушілік қасиеттерінің деңгейі төмен бірінші сынып оқушыларын анықтау;

  • Балалардың мектепке қатысты социометриясын қалыптастыру, қажетті ұсыныстар бойынша топтың мәртебесін анықтау;

  • Бірінші сынып оқушыларының бейімделуінің, үлгерушілік қасиеттерін жетілдіру, жалпы деңгейін жақсарту бойынша түзету және алдын алу шараларының жоспарын сипаттаймыз.

Бірінші сынып оқушыларының бейімделу және үлгерушілік қасиеттерін жетілдіру үрдісіне әсер ететін негізгі анықтамалар анықталып, жіктелсе, жоспар құрылады. Бейімделу деңгейі төмен бірінші сынып оқушыларының бейімделу мен үлгерушілік қасиеттерін жетілдіру деңгейін арттыру үшін әзірленген.
Бірінші сынып оқушыларының мектептегі оқуға бейімделу деңгейлерін анықтау кезінде диагностикалық карта келесі параметрлерді көрсететін нұсқаулық ретінде қызмет етеді:
Бірінші сыныпқа бейімделу оқушы өміріндегі ерекше және қиын кезең.
Оқушы жаңа әлеуметтік ортаны, жаңа әрекет түрін және жаңа тәрбиелікті игереді, әлеуметтік орта өзгереді, сыныптастары, мұғалімдері, мектеп оқушы кіретін үлкен әлеуметтік топ ретінде пайда болады. Ақырындап оның өмір салты өзгереді.
Алты немесе жеті жасар балада оқудың негізгі алғышқы шарттары бар. Баланың оқушы ретінде қалыптасуы тек оқыту үрдісінде және мектеп өмірінің барлық кезеңінде ғана жүреді. Мұндай қалыптасу үрдісі қолайлы жағдайда мектептегі бірінші жылдың бірінші жартысында қамтиды.
Мектепке бару - бала өміріндегі жаңа қадамға бет-бұрыс болып табылады. Мектеп оқушысының көзқарасы мен мінез-құлықы айрықша белгісі оның оқуға деген міндетті, әлеуметтік маңызы бар қызмет болып табылады. Бұл үшін оқушы мұғалімнің, мектептің, отбасының алдында жауапты екенін қажет етеді.
Мектепке бейімделу ерекше маңызды және күрделі мәселе болып табылады, өйткені белгісіздік жағдайы әрқашан қызықты және мектепке дейін әрбір бала ерекше толқуды бастан кешіреді. Ол балабақшамен салыстырғанда мектепке бейімделу өмірі жаңа жағдайға өзгереді.
Бастауыш сыныпта оқитын баланың өз еркінен тыс көпшілікке бағынуы да мүмкін. Сондықтан өмірінің осынау қиын кезеңінде баланың өзін-өзі тануға көмектесу керек және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға үйрету қажет. Бейімделуді жүзеге асырудың оң жолдары оқушының сабақты жақсы оқуға әкеледі деп айта аламыз.
Бастауыш сыныпқа барған баланың ақыл-ой әрекеті және оның ой санасы өзгереді – ойын оқумен ауыстырылады. Мектептегі алғашқы күннен бастап оқушыға оқу іс-әрекетіне сәйкес келетін жаңа талаптар қойылады.
Осы талаптарға сәйкес кешегі мектеп жасына дейінгі баланың ұйымшыл болуы және де білімді меңгеруі, табысқа жетуі, қоғамдағы жаңа жағдайға сәйкес құқықтар мен міндеттерді меңгеруі қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының үлгерушілік қасиетін жетілдіру.
Бастауыш сынып оқушыларының үлгерушілік қасиетін жетілдіру жолдары көбінесе әртүрлі саладан алынған ақпараттар мен танылған үлкен көлемін жинақтау негізінде, ең алдымен телебағдарламалар көру, радио тыңдау, оқушылардың санасына негізделген білімдерін дамыту арқылы бағаланады. Кейде кіші мектеп оқушыларының сөздік қорындағы ғылыми тілдің маңызды саласының мол қорының дамуы жоғары деңгейі ретінде қабылданады.
Бастауыш сынып оқушыларының үлгерушілік қасиетін жетілдіру жолдары барлық жұмыс түрлеріндегі белсенділік пен дербестік оқушылардың оқу іс-әрекетін дұрыс дамытудың маңызды көрсеткіші болып табылады. Төменгі сыныптар өздеріне маңызды логикалық амалдарды меңгермейінше бұл жұмысты орындау мүмкін емес екені айтпаса да түсінікті.
Бастауыш сынып оқушыларының үлгерушілік қасиетін жетілдіру жолдары және барлық пәндер бойынша білім мазмұны бастауыш мектептің білім беру бағдарламаларына түсіндірме хаттарда жазылған.
Білім беруді дамыту мәселелерін іс-тәжірбиелік шешуде көптеген қателіктер кіші жастағы оқушылардың жоспар құра білуі мен ойлау қабілеттерінің жеткіліксіз деңгейлесуінен туындайды.
Бастауыш сынып оқушыларының үлгерушілік қасиетін жетілдіру, күрделі жоспар құра білу, түрлерін асыра бағалаудың нәтижесі болып табылатын қатенің екінші түрі кіші жастағы оқушыларды оқытуда айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Бастауыш сынып оқушыларының үлгерушілік қасиетін жетілдіру оқушылар ұғымдардың сәйкес анықтамаларын олардың мағынасын түсінбей үстірт жаттап алады, бұл олардың ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік бермейді.
Бастауыш мектепті дамытуда оқушылардың оқу жетістіктерін арттыру жолдары. Жаңа бағдарлама бойынша жұмыстың алғашқы жылдарындағы тәжірибе бастауыш білім беруде оқуға немқұрайлылық әкелетін түрлі құралдарға әуестенудің қажеті жоқ екенін көрсетті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет