Инклюзивті білім беру дегеніміз – барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім процесіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Бұл өзекті мәселе әлем бойынша жылдар бойы талқыға түсіп, бүгінге дейін барынша оңтайланып жетілдірілу үстінде. Өткен жүзжылдықтың аяғынан бастап инклюзивті білім беруді дамыту әлемнің көптеген елдерінде (АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия, Австралия және т.б.) білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Мұнда балалардың физиологиялық-психологиялық дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-педагогикалық қолдау көретіліп, жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда.

Демек, баланы балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жайлы сезіну үшін қолайлы жағдай жасау – қазіргі білім беру жүйесінің басты міндеті болып табылады. Осы орайда Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Мектептер мен колледждер ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар инклюзивті ортада балаларды сүйемелдейтін тиісті мамандармен қамтамасыз етілуі;